3. Өлең арқылы көңіл күйді білдіруге болатынын, өлең арқылы
жақсылықты паш етуге болатынын түсіндіру.
Әдісі: 1. Ақын өмірбаянына шолу.
2. Өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Сабақ ұраны: Үлгі еттік жақсылардың өмір жолын,
Жастардың өрге бассын істері деп.
(Хамит Маданов)
Сабақ барысы:
Тайыр Жароков 26 қыркүйек 1908 жылы қазіргі БҚО Бөкей ордасы ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген.
1965 жылы 11 қарашада 56 жастан 57 жасқа қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болған.
1920 жылы ауылдағы орыс – қазақ мектебін бітірген.1923 жылы ақын өзінің ең алғашқы «Күлімдейді күміс күн» өлеңін жазған.
Орынбор қаласындағы Қазақ халық ағарту институтын және Қазақ педагогикалық институтында оқыған.
ҰОС қатысқан.
Т. Жароков аудармашылықпен де айналысқан. Ол туысқан халықтардың ақын – жазушыларының шығармаларын аударған.
Пушкин.
Лермонтов
Некрасов
Шевченко
Маяковский
Сурков
7.Тайыр ақын өзінің өскен ортасына да арнап көптеген өлеңдер жазған.
«Тезірек көргім келеді»
«Нарын түні»
«Тоқта бір»
«Мен барғанда»
«Нарын көріністерін есіңе алсаң»
8.«Нарын» поэмасын жазып, 1958 жылы Жәнібекке келіп оқырмандар
алдында оқып берген.
9.1968 жылы ақынның 60 жасына зайыбы Мүнира мен баласы Бекет келген.
10. 1988 жылы ақынның 80 жасына зайыбы Мүнира мен баласы Бекет келді.
11. 2008 жылы да мектебіміздің алдындағы ақын ескерткішіне тағзым ету
үшін облыс ақындары келіп, ақынның 100 жылдыға атап өтілді.
12.Қазақ ССР министрлер советінің 1966 жылғы 2 ақпандағы
№93 қаулысымен жергілікті органдардың ұсыныстары ескеріле отырып,
қазақтың белгілі ақыны Тайыр Жароковты мәңгі есте қалдыру мақсатында
«Күйгенкөл» совхозы Тайыр Жароков атындағы совхоз деп аталды.
Кейіннен сол совхозға ақын ескерткішін орнатты. Ескерткішті аудан еңбеккерлері өз қаражаттарына жасатқан.
Ескерткіштің ашылу салтанатына ақын М. Ғаниев өлең арнаған
(оқыған Әсем Ерболатова)
Ескерткіші Тайырдың
( М. Ғаниев)
Шытырман шақ тұрған кезде шыңында,
Бір оқиға болды симас ұғымға.
Тұрып алды ескерткіші Тайырдың,
Тек көсемдер тұруға рұқсат тұғырға.
Қарап ұзақ қандыра алмай құмарын,
Ерлік екен, - деді еріксіз бұларың.
Шын риза болып, тұрып еліне,
Жұбан ақын төкті жырдың шынарын.
Қазақ болып туғанына мақтанып,
Деді де ол : «Бар ма біздей мәрт халық!»
Ұзақ тұрды ескерткіштің жанында,
Жүзі жайнап Тахауи Ахтанов.
Жазуды оқып жазған тасқа қашалып,
Қуаныштан кеткендей боп жасарып.
«Қасиетіңе ризамын, халқым » - деп,
Хамит ақын екі көзге жас алып.
Қазақ үшін тындырғандар көп істі,
Саясаттың қысымында бөлісті.
Бюродан соң шақырылып, бюроға,
Сөгістен соң алып жатты, сөгісті.
Шеннің емес, елдің қамын жегендер,
Ісі менен Қазақ деген кемеңгер.
Ерсіңіздер! Есіне алар сізді елі,
Еңбегіміз босқа кетті демеңдер.
Әр кезде де ермін деген қай ұлдың,
Намыстарын тұтатуға дайынмын.
Дегендей боп әлі де тұр тұғырда,
Міз бақпастан ескерткіші Тайырдың.
Жерлес ақын атамыз Сағынғали Сейітов ақын рухына арнап «Тайыр Жароков атындағы совхозда» өлеңін жазды.(оқушы мәнерлеп оқиды)
Т. Жароков – даламыздай кең ақын. Бірде ұлы ақын Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов арасындағы кикілжің кейінгілерге көлеңкесін түсірмесін деп өз үйіне шақырып, ашық сөйлесуге мүмкіндік берген.
«Біздің бар арманымыз осы екі үлкеннің жігі ашылмаса, ренжіспесе, араздаспаса қазақ әдебиеті қауымының ұйытқысы түгел, отбасы берекелі, шаңырағы биік, егіні шығымды болмақ» деп түсінеміз.бүгін екеуіде бір – біріне кірбіңсіз, ажарлы қарасып, әзілдесіп, ұлылықтарына тән жылы жарастықпен әңгімелерін аяқтап, жайраң қоштасқандары қуантты.
-Ұзағынан болсын!, - деп Тайыр ақын өзінің кең, періште тазалығымен тілек тілеген, - деп есіне алады Дихан – баба Әбілев.
Біздің міндетіміз аталарымыздың еңбегіне салынған ақын ескерткішін қастерлеу, күту. Ескерткішті бастапқы қалпында іні – қарындастарымызға аманат ретінде қалдыру үлкен сын болып тұр. Ақын өлеңдерін оқу, жинау өнерге үйретсе, тарихқа көзқарастарыңызды шыңдайды.
Ақылға жүгініп, сөзге тоқтай білуді үйренсеңдер бүгінгі сабағым мақсатына жетті деп есептеймін.