Мұғалім: Имашова Н.
     |  Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын, ойын ережелерін сақтау туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет жасау арқылы оқушылар бойында татулық, бірлік, ауызбіршілік ,әдепті болу қасиеттерін дамыту.   Міндеттері: Білімділік:. Шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;Дамытушылық: Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
 Тәрбиелік: Көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу;
 | Ресурстар (құралдар, мәліметтер) | 
  | Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 5Т (тәртіп, тазалық, тыныштық, талап, татулық) ережесі, оқушыларды, оқу-құралдарын түгендеу. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» | «Волшебная композиция» ноутбук   | 
  | Үй тапсырмасын тексеру.   59 беттегі Г.Әзімбаеваның "Қызғаныштың кесірі" атты мәтінін оқу. Талдау сұрақтары: -Назым мен шынар неге ренжісіп қалды? -Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар? -Апасы Назымға қандай ақыл айтты? -Сендерде сондай жағдай кездістіме?  Естеріне түсіріп айтып беріңдер. | 
 | 
  | Дәйексөз. Бәрінен күшті адам- өзіне-өзі ие болатын адам.  Сенека Талдауға арналған сұрақтар: 1.Жақсы адам қандай адам? 2.Өзін-өзі ұстай алатын адами қасиеттері қандай? 3.Мен қандай адаммын? 
 Ойын кезінде біздің бойымызда болатын қасиеттерді топтастыру:адалдық, достық, ұқыптылық, әдептілік, шыдамдылық және т.б 
 | Дәйексөз жазылған пернетақта | 
  | Мұғалім сыйы.  « Қонжық пен көжек» ертегіКөжек өкпелеп түбіртекте отырған.Көзінде жас.
 -Біреу тиісті ме?- деп енесі көжегінен сұрады. Қонжық менің бадырақ деді. -Қараптан-қарап бадырақ деді ме? -Жоқ жасырынбақ ойнағанбыз. -Ептеп сығалап па едің? -Жоқ, Көзімнің өзі ғой бұрылып кеткен. Енесі көжегін көтеріп алды да көтеріп алды. -Жылама.Табиғат бізге артымыздан баспалап келе жатқан жауымызды көре алатын осындай тамаша көз берген. - Осы ғана ма? Басқа өкпен жоқ па? -Бар.Өткен жолы менің салпанқұлақдеп мазақтаған. -Жайдан-жайма? -Жоқ.Құлағым өзі ғой, ол бұтаға тығылып жатқанда едірейе қалған.(Жалғасы бар) 
 Сергіту сәті. | Интернет желісі | 
  | Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Жағдаяттарды талдау: 1-топ:Кім ақылды? 2-топ: Ойнаймын. Ойын «Мен байқағышпын»
 3адам ортада 3 адам сыртында тұрады.Бірінші бір-біріне қарайды.Содан кейін арқаларын береді.Ал сыртында тұрған адам өзінен бір затын өзгертеді. Қайта бір-біріне қарағанда өзгерісті байқауы керек.Содан кейін ішкі топ сыртпен ауысып.Дәл осылай істейді.
 
 Шығармашылық жұмыс. 1-топ:"Ойын" сөзіне ребус құрау 2-топ:"Ойын" сөзіне сөзжұмбақ құрау 
 | 
 | 
  | Топпен ән айту.   Айгөлек  1.Көлдей шалқып жас өмір,    Тасып жатқан шағында.  Кемеліне шалқытып,  Асып жатқан шағында  Ойын ойнап,ән салмай,  Өсер бала болар ма?  Күміс күлкі көрмей ол,  Кемеліне толар ма?  К а й ы р м а с ы: Айгөлек-ау , айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп    2.Асыл сөздің ұстасы –    Ақын болар ұрпақпыз.  Өнер, білім, еңбекке,  Жақын болар ұрпақпыз.  Он саусағы майысқан,  Шебер болар ұрпақпыз.  Тұла бойы толған бір,  Өнер болар ұрпақпыз . | Ноутбук, әннің музыкасы,сөзі жазылған беттер   | 
  | Үйге тапсырма. 63-64 беттегі №14 сабақтағы Т.Дәуренбеков « Кімнің жұмысы? » мәтінін оқып келу. | 
 | 
  |  Сабақтың қорытынды сәті.  Сабақтан алған әсерім.Релаксация    
 Ұнады-орташа-ұнамады. Смайликтермен көрсету немесе қол қимылдары арқылы.  
 Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Әдепті болуға, басқа адамдар жайлы жаман ойламауға, өз-өзімізге сенімді болып, жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.    
 | 
 |