Ма?саты: Аналар,?желер,?ыз балалар мейрамы туралы т?сінік бере отырып,оаяулы жандар туралы ?ле?,та?па?тар айт?ызу.Оларды ??рметтеуге,?адірлей білуге,сыйлай білуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Аналар туралы ?ла?атты с?здер,суреттер,шарлар,г?л суреттері.
Ал енді 8-наурыз аналар мерекесіне орай ?йымдастырылып отыр?ан «Супер аналар» атты сайысымызды бастау?а р??сат еті?іздер.Сайыс?а тобымызды? ?ыз балалары мен оларды? аналары ?атыс?алы отыр.
Сайыскерлерді ?ошеметтеп орта?а ша?ырайы?.
1 топ Болатова Алина анасы Г?лнармен.
2 топ.К?шекова Назлы анасы Динамен.
3 топ.?мі?алиева Мадина анасы Маруамен.
Сайысты бастамас б?рын ?діл ба?асын беретін ?діл?азы ал?асын сайлап ал?ым келіп т?р.
1.Т?рбие ісіні? ме?герушісі.
2.
3.
Ал енді сайысты? кезе?дерімен ?ыс?аша таныстырып ?тейін.
Мақсаты: Аналар,әжелер,қыз балалар мейрамы туралы түсінік бере отырып,оаяулы жандар туралы өлең,тақпақтар айтқызу.Оларды құрметтеуге,қадірлей білуге,сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Аналар туралы ұлағатты сөздер,суреттер,шарлар,гүл суреттері.
Барысы:
Қош кеіпсіз ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Тақпақ айтып,әнде бүгін шырқалар.
Құрметті аналар,ақ жаулықты әжелер,бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мейрамы құтты болсын! Аспанымыз ашық,жүздеріңіз жарқын болсын.Балаларыңыздың жүрегінен шыққан жыр толқын,ән-билерін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Шалқып тасып әніміз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Ән: «Нұрын төккен».
Назлы:
Үлкейдім ғой мен енді,
Жудым бүгін еденді,
Аналарға арналған .
Жаттап алдым өлеңді.
Алихан:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтаған.
Айналайын ақ мамам.
Алина:
Анам менің ақ мамам,
Балапанын мақтаған,
Анам барда әрдайым,
Қуанамын шаттанам.
Алижан:Үн қатамын бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен,
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Мадина: Анам мені айым дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді,
Анам мені күнім дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Тәрбиеші:
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен,
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең!
Ұл балалардың орындауында «Апам үшін» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жандос:
Әже деген көп шығар .
Әжемдей менің жоқ шығар,
Мейірімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі.
Назлы:Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді.
Қажет болса бәріне.
Мансұр.Немересін жанындай,
Әжем жақсы көреді.
Қонаққа барса ұмытпай,
Кәмпит әкеп береді.
Әлижан:Ақ әжемді әрқашашн,
Сыйлап жақсы көремін,
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Ал енді 8-наурыз аналар мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Супер аналар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Сайысқа тобымыздың қыз балалары мен олардың аналары қатысқалы отыр.
Сайыскерлерді қошеметтеп ортаға шақырайық.
1 топ Болатова Алина анасы Гүлнармен.
2 топ.Көшекова Назлы анасы Динамен.
3 топ.Әміғалиева Мадина анасы Маруамен.
Сайысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазы алқасын сайлап алғым келіп тұр.
1.Тәрбие ісінің меңгерушісі.
2.
3.
Ал енді сайыстың кезеңдерімен қысқаша таныстырып өтейін.
4. Кір бүктеу. Шарты. Шашылып жатқан киімдерді қай топ тез,әрі әдемі бүктейді.
5. Кім тапқыр. Көздері жұмылған ата-аналар қолдарымен сипап тағам түрін дұрыс атау.
6. Мейірімді ана. Шарты: Арбада жылап қалған баласын уатып жүріп,шаруасын тез орындап тастау.
Қыз баланың тапсырмасы. Оюларды әдемілеп жапсыра отырып,көрпеше жасап шығару.
7. Прическа жасау.Әр ата-ана өз қызының шашына әсемдейді.
8. Өзіңді бейнеле .Қарамай тұрып өздерінің суретін салады.
9. Логикалық сұрақтар.
Тәрбиеші: Адам бар ма,ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықтың ар намысын сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам. Дей отыра супер аналар атты сайысымызды бастаймыз.
1.Таныстыру.
Тәрбиеші: Гүл көңілің қуаныштан өрілді.
Жанарыңнан жалын нұры төгілді,
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен.
Көпшілікке таныстыршы тобыңды.
Әр отбасы өздерін таныстырады.
2.Кезең.Отбасымның сүйікті тағамы. Пісірілу жолын айтып өтеді.
3Кезең. Өз өнерім.
Тәрбиеші: Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан,
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан,
Өнеріңді кәне бүгін көрсетші.
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан.
Өз өнерлерін көрсетеді.
4.кезең.
Киім бүктеу. Шашылған киімдерді кім тез,әрі әдемі,әрі көп бүктейді.
Аналары үлкендердікін.
Қыздары балалардыкін.
5.Кезең Кім тапқыр. Аналар көздері жұмылған күйде,қолдарымен сипап,тағам түрін дұрыс атай білу.
6. Кезең. Мейірімді ана. Әр ана өз баласы жыласа,оны жұбатуға тырысады.Біздің аналарымыз да,Шаруасын бітіре жүре жылап қалған бөбегін уату және шаруасын тындыру.
7.Кезең Шаш сәндеу.Әр ана өз қыздарының шашын әдемілеп сәндеп берулері қажет.
8. Өзіңді бейнеле.Қарамай тұрып өздерінің суретін салады.
9.Логикалық сұрақтар.
1.Торғай тыныш жата алмады үйінде,
Ұшып шықты сол жұмыртқа күйінде. (Оқ.)
2.Ас дайындағанда қазанға бірінші не саласың? (Көз)
3.Ну орманда жұрты бар,
Жеті жылда бір туар. (Піл)
4.Суда жасыл,қызыл,сары,үшбұрышты,төртбұрышты,алтын-күміс тас бар.Ал қандай тас жоқ? (Құрғақ)
5.Үлкен күбі,жердің түбі. (Құдық)
6. 4жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 1 жұмыртқа неше минутта піседі?
7. Аспанға ұшқан бірінші әйел? (Мыстан кемпір)
8. 1кг тас ауыр ма?
1 кг темір ауыр ма? (Екеуі тең)
9. Ең қысқа күн қай айда? (22 желтоқсан)
10. Ең ұзақ күн қай айда? (22 маусым)
Рахмет жауаптарыңызға
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті,
Өнерді кім жеңді,
Алады сол сыйлықты.дей келе әділқазы алқасы өз шешімін шығарғанша ,біздің бүлдіршіндер аналарына әжелеріне сыйлықтарын табыс етсін.
Мейрамдарыңызбен ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар!
Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!
Ертеңгілігімізді келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.