Ма?саты: о?ушыларды? кітап, оны? шы?у ж?не ?алыптасу тарихы жайлы т?сініктерін, а?паратты?, кітапханалы?-библиографиялы? білімдерін ?рі ?арай толы?тыру, кітапты ??ыпты ?стау ж?не кітап о?у?а деген ?ызы?ушылы?тарын ояту, жазушылар жайлы ке?ірек ма?л?мат білуге ы?пал ету болып табылады.
?йымдастыру: Слайдпен
Кітап – адам баласыны? а?ыл-ойынан ту?ан байлы?ты са?тап, ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыратын, білім ж?не т?рбие беретін ??рал. Кітап сені? а?ылшы?, досы?, сырласы?. Е? ал?аш д?ниеге келгенде анадан т?рбие аласы?, ал ал?аш мектеп табалдыры?ын аттап, ал?аш ?олы?а кітап ?ста?анда кітаптан білім аласы?. Білімді ?ста?анда кітаптан білім аласы?. Білімді кітаптан ?йренесі?.
Кітап- бізді? рухани ??ндылы?ымыз, те?дессіз байлы?ымыз. ?ткен замандарды? т???иы? тере?інен сыр шертетін тарихты да, ?дебиетті де, бас?а ?ылым кереметтерін де кітапханадан аламыз.
Кітапхана- о?ырманмен кітап арасында?ы негізгі алтын к?пір. Ал кітап пен кітапхананы? тіршілігіне жан беретін ?лтты? ??ндылы?тар мен о?ырмандар арасын жал?астырушы- кітапханашылар.
Мектеп кітапханасы- мектепті? ж?регі,бір б?лігі.Жа?а заман компьютер д?уірі бол?анымен рухани азы? іздеген, к?зі ашы?, к?кірегі ояу ?рбір адамны? келер ша?ыра?ы- кітапхана.
Б?секені? ?ту барысы:
Б?секе 4 белестен т?рады.
Кітапты? шы?у тарихы.
«Кітапты? ата-аналары»
«Кітапты? ??рылысы»
«Кітап, білім,жазу жайлы халы? даналы?ы»
Б?секені? бірінші белесі. Кітапты? шы?у тарихы. Адамзат ?а?аз ойлап тап?анша жазу ?шін ?андай заттарды пайдаланды, ал?аш?ы ?ліпбиді ойлап тап?ан адам, ?аза? ?ліпбиіні? атасы кім, ?ай ?асырда ?а?азды ойлап тапты, Кітап апталы?ы ?ашан тойланады т.б. с?ра?тар т??ірегінде болады.
Кітаптарды? ал?аш?ы т?рлері ?ай жерлерде пайда бол?ан?
(Мысырда, Шы?ыс елдерінде, Грекияда, Римде)
Жазу ?айда жазыл?ан ж?не жазу?а ?андай заттарды пайдалан?ан?
(?ыш текшелерге, та?та тастар?а сына жазуымен, паирус)
?амыс?а кітап жазу ?ай елде, ?ай ?асырда пайда болды? (б.з.б.7 ?асырда, Грекияда)
Кітап ?ай ?асырда д?ниеге келді? (б.з.1-?асырда)
?а?азды ?ай уа?ытта, кім ойлап тапты? ( 105 ж. ?ытай шебері Цай Лунь)
Баспа ?алыбын ?ай уа?ытта,кім ойлап тапты? (15 ?-да неміс ?нертап?ышы Иоганн Гутенберг)
Ежелгі ?аза?станда жазу ?алай пайда болды? Ол жазуларды ?алай ата?ан? (жартастарда, ??гірлерде, ыдыстарды пайдалан?ан. Оларды «петроглифтер» деп ата?ан)
Шы?ыс ?аза?станны? ?ай ??ірінен «петроглифтер » табылды.
(Шы?ыс ?аза?стан ??ірінен ?лан ауданы Бестерек ауылыны? ма?айынан)
?ліпбиді кім ойлап тап?ан? (Кирилл ж?не Мифодий)
?ліпби ?алай атал?ан? (кириллица)
?аза? ?ліпбиіні? негізін ?алаушы кім? (Ахмет Байт?рсынов)
?аза?стан территориясында ?андай ежелгі кітапхана бол?ан? (Отырар кітапханасы)
?аза?стан Республикасыны? ?лтты? кітапханасы ?ай жылы ашылды? (1931 ж)
Екінші белес: «Кітапты? ата-аналары» Б?л белесте кітапты жазатын жазушылар мен а?ындар жайлы м?ліметтерді білулеріміз керек. Мысалы, ?аза? жазушыларыны? арасында фамилиялары,аттары бірдей ?андай а?ын-жазушыларды,?нер,?о?ам ?айраткерлерін білесі?дер?
Форзац деп кітапты? ?ай жерін атаймыз? (Сол жа?та переплет асты,о? жа?та кітапты? бірінші беті.Форзац а? немесе боял?ан болуы м?мкін)
Кітапты? келесі ??рылысы ?алай аталады? (Сол жа?ында фронтиспис, о? жа?ында титул беті, фронтиспис- илюстрация, б?л кітап мазм?ны жайлы е? негізгі м?лімет. Б?нда автор, оны? портреті болуы м?мкін)
Титул бет ар?ылы не білуге болады? Кітапты? авторы,кітапты? аты,?ай жылы,?ай баспадан шы??аны,аудармашы,не суретшісі болса ол туралы м?ліметтер болады)
Супер?апты? ат?аратын ролі? (О?ырманны? к??ілін аударады, б?лінуден са?тайды, авторды? к?з?арасын, ішкі ойын білдіреді)
Просмотр содержимого документа
««Кітапты с?юшілерді? б?секесі»»
«Кітапты сүюшілердің бәсекесі»
Кітапханалық сабақ
Мақсаты: оқушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, жазушылар жайлы кеңірек мағлұмат білуге ықпал ету болып табылады.
Ұйымдастыру: Слайдпен
Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап сенің ақылшың, досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие аласың, ал алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш қолыңа кітап ұстағанда кітаптан білім аласың. Білімді ұстағанда кітаптан білім аласың. Білімді кітаптан үйренесің.
Кітап- біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де , басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан аламыз.
Кітапхана- оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы- кітапханашылар.
Мектеп кітапханасы- мектептің жүрегі,бір бөлігі.Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы- кітапхана.
Бәсекенің өту барысы:
Бәсеке 4 белестен тұрады.
Кітаптың шығу тарихы.
«Кітаптың ата-аналары»
«Кітаптың құрылысы»
«Кітап, білім,жазу жайлы халық даналығы»
Бәсекенің бірінші белесі. Кітаптың шығу тарихы. Адамзат қағаз ойлап тапқанша жазу үшін қандай заттарды пайдаланды, алғашқы әліпбиді ойлап тапқан адам, қазақ әліпбиінің атасы кім, қай ғасырда қағазды ойлап тапты, Кітап апталығы қашан тойланады т.б. сұрақтар төңірегінде болады.
Кітаптардың алғашқы түрлері қай жерлерде пайда болған?
(Мысырда, Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде)
Жазу қайда жазылған және жазуға қандай заттарды пайдаланған?
(қыш текшелерге, тақта тастарға сына жазуымен, паирус)
Қамысқа кітап жазу қай елде, қай ғасырда пайда болды? (б.з.б.7 ғасырда, Грекияда)
Кітап қай ғасырда дүниеге келді? (б.з.1-ғасырда)
Қағазды қай уақытта, кім ойлап тапты? ( 105 ж. Қытай шебері Цай Лунь)
Баспа қалыбын қай уақытта ,кім ойлап тапты? (15 ғ-да неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг)
Ежелгі Қазақстанда жазу қалай пайда болды? Ол жазуларды қалай атаған? (жартастарда, үңгірлерде, ыдыстарды пайдаланған. Оларды «петроглифтер» деп атаған)
Қазақстанның қай жерлерінде «петроглифтер»- жартастағы суреттер табылған? (Қапшағай маңайындағы Қаратау тауларында Арпаөзен шатқалдарынан ең үлкен жартастағы суреттер табылған)
Шығыс Қазақстанның қай өңірінен «петроглифтер » табылды.
(Шығыс Қазақстан өңірінен Ұлан ауданы Бестерек ауылының маңайынан)
Әліпбиді кім ойлап тапқан? (Кирилл және Мифодий)
Әліпби қалай аталған? (кириллица)
Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
Қазақстан территориясында қандай ежелгі кітапхана болған? (Отырар кітапханасы)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қай жылы ашылды? (1931 ж)
Екінші белес: «Кітаптың ата-аналары» Бұл белесте кітапты жазатын жазушылар мен ақындар жайлы мәліметтерді білулеріміз керек. Мысалы, қазақ жазушыларының арасында фамилиялары,аттары бірдей қандай ақын-жазушыларды,өнер,қоғам қайраткерлерін білесіңдер?
Фамилиялары бірдей қандай ақын, жазушыларын, қоғам қайраткерлерін білесің? (Тұманбай Молдағалиев, Жұбан Молдағалиев, Жайсаңбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Сәрсен Аманжолов, Асқар Сүлейменов, Асқар Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Берік Шаханов)
Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? (Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов, Мұхтар Құрманалин, Сәбит Мұқанов, Сәбит Досанов, Сәбит Дөнентаев)
Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазушыларды білессің? (Мұхтар Әуезов елу томдық, Әбіш Кекілбаев 12 томдық,Қабдеш Жұмаділов 12 томдық,Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов)
Өз өмірлерінің деректерін шығармаларына арқау қылған жазушыларды ата.Сәкен Сейфуллин,Бердібек Соқпаебаев)
Қандай балалар ақын, жазушыларын білесіңдер? (Бердібек Соқпақбаев, Марат Қабанбаев, Өтебай Тұрманжанов, Құрманбай Толыбаев, Машқар Гумеров, Мұхтар Құрманалин)
Қай балалар жазушысының шығармасы бойынша кинофильм түсірілді? (Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»)
М.Әуезовтың жыртқыш аң туралы жазған шығармасы? («Көксерек»)
М.Әуезовтың қандай шығармалары бойынша кинофильм түсірілді? («Қараш-қараш оқиғасы» , «Көксерек»)
Үшінші белес. «Кітаптың құрылысы» Бұл белесте кітаптың құрылысы жайлы: кітаптың мұқабасы, кіріспе, соңғы сөз, кітаптың шрифі т.б. Олардың атқаратын ролі жайлы.
Кітап қай элементтен басталады? (суперқап,мұқаба)
Форзац деп кітаптың қай жерін атаймыз? (Сол жақта переплет асты,оң жақта кітаптың бірінші беті.Форзац ақ немесе боялған болуы мүмкін)
Кітаптың келесі құрылысы қалай аталады? (Сол жағында фронтиспис, оң жағында титул беті, фронтиспис- илюстрация, бұл кітап мазмұны жайлы ең негізгі мәлімет. Бұнда автор, оның портреті болуы мүмкін)
Титул бет арқылы не білуге болады? Кітаптың авторы,кітаптың аты,қай жылы,қай баспадан шыққаны,аудармашы,не суретшісі болса ол туралы мәліметтер болады)
Суперқаптың атқаратын ролі? (Оқырманның көңілін аударады, бүлінуден сақтайды, автордың көзқарасын, ішкі ойын білдіреді)
Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады? (Кітаптың қысқаша мазмұнын білуге болады)
Кітаптың мазмұны қандай бөлімдерге бөлінеді? (Параграфтардан тұрады,оларды римше,не үлкен,кіші әріптермен бөлуге болады)
Кітап кім үшін жазылады? (Оқырман үшін)
Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз? (Оқырман формуляры арқылы)
Кітапхананың қай бөлімінде кітап үйге беріледі? (Абонемент)
Кітаптың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация)
Кітап оқығанда нені пайдаланамыз? (Қыстырма қағаз)
Төртінші белес. «Кітап, білім, жазу жайлы халық даналығы». Осы тақырып бойынша ең көп мақал-мәтел айтқан оқушылар.
Оқу-білім бұлағы.
Білім-өмір шырағы.
Оқу- білім азығы.
Білім-ырыс қазығы.
3. Білімнің басы-бейнет, соңы-зейнет.
4. Оқығанды айтпа, тоқығанды айт.
5. Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп.
6. Өнер ағып жатқан бұлақ,білім жанып жатқан шырақ.