Электрондық оқыту жүйесін қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру
Жаңа ғасыр адамы,                           
 Алда  үміт, арманы.
 Электронды оқыту жүйесін,
 Меңгеру- міндет алдағы.
 Бір тетікпен басқарып,
 Барлық істі атқарып.
 Отырасыз сіз енді,
 Қаламсапсыз хат жазып.
 Өркениет елменен,
 Терезесін теңгерген,
 XXII ғасырдың
 Әр қазағын мен көрем!
Бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі ЭОЖ-ді қолдану арқылы жаңа білім мазмұнына көшу, білімнің әлемдік стандартын меңгерген тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мектептерде ЭОЖ қолдану арқылы тұлғаны қалыптастырудың негізгі мақсаты мен міндеті:
Білім берудің әлемдік тәжірибесін қолдану.
 Білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау.
 Білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыруды ЭОЖ арқылы жүзеге асыру.                   
 Білім беруде және білім алуда ЭОЖ-ды кеңінен қолдану.                                     
 ЭОЖ арқылы білім беруде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру.
 ЭОЖ арқылы жан-жақты, іскер әрі талантты,шығармашылығы мол тұлға қалыптастыру.               
 Электрондық оқыту арқылы даралап оқыту мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
ЭОЖ-дың әлемдік тәжірибесіне енудің маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде ҚР  Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» стратегиясы жолдауында «Сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз ең озық жабдықтармен, ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»,- деп атап айтылған. Бұған қол жеткізіп, жүзеге асыру үшін мектеп мұғалімдерінің өзі жаңа технологиямен және жаңаша білім мазмұнымен қарулану керек. Оған қол жеткізу:                                     
 Жаңа зерттеу инновациялық университеттер;                                                         
 Назарбаевтың зияткерлік мектептері;                                                                     
 Педагогикалық шеберлік орталықтары;                                                                          
 Біліктілікті арттырудың ұлттық орталықтары арқылы жүзеге асырылады.                                       
  Жаңа біліммен-жаңа ғасырға ұмтылу, жаңаша білім беру:                                                      
 Түбегейлі жаңа  әдіс пен жаңа технологияны меңгеру;                                         
 Білім берудегі даярлаудың дуальдық жүйесін қолдану;                                      
 Қашықтан оқытуды жүзеге асыру;                                                                                  
 Оқыту үрдісінде тәрбиелеу компоненттерін күшейту болып табылады.              
 ЭОЖ-дің субьектілеріне мұғалімдер, сынып жетекшілері, психологтар, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлері жатады. Мұғалім-оқушының оқу материалдарымен жұмыс істеуін, оқу мақсатында оқушылардың әрекеттестіктерін ұйымдастыратын, қажетті жағдайда қолдау көрсететін, оларға кеңес беретін тьютор.                                                                                                       
 ЭОЖ арқылы оқытудағы күтілетін нәтижелер:
- Педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығы және ақпараттық құзырлығының қалыптасу мүмкіндіктері өседі;
 - Өз пәндеріне сәйкес ақпараттық-коммуникациялақ технологияны енгізе отырып ұйымдастыру жүйесін жасақтайды;
 - Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесі таратылады;
 - Оқушылар өз беттерімен АКТ ресурстарын кең көлемде пайдалана білуге үйренеді;
 - Мектеп сайтының жұмысы жанданып, ата-аналармен тығыз байланыс болады.
 
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    