С?леметсіз бе,??рметті ата-аналар,балалар!Міне,та?ы бір жылды арт?а тастап,та?ы да бір Жа?а жылды ?арсы алу?а жиналды?.?ткен жыл біз ?шін,еліміз ?шін бейбіт,тыныш жыл болды.Келе жат?ан Жа?а жыл б?ріміз ?шін ??тты,жемісті жыл болсын!Балалар,?ара?дары шыршамыз ?андай ?демі.Быра? шамдары жа?ылмапты.Олай болса,шырша шамдарын жа?у ?шін,Аяз ата мен А?ша?арды ша?ырайы?.
Т?рбиеші: Си?ырлы ханшайым,біз Жа?а жыл мерекесін тойлап жат?ан едік,кенеттен жары? с?ніп,Аяз атамыз бен А?ша?арымыз жо?алып кетті.Бізге тауып беруге к?мектесі?ізші.
Си?ырлы ханшайым: Жарайды,мені? си?ырлы тая?шам бар.Осыны? к?мегімен Аяз ата мен А?ша?арды? мерекеге келуге к?мектесейін.Олай болса б?ріміз к?зімізді ж?мамыз.
Сәлеметсіз бе,құрметті ата-аналар,балалар!Міне,тағы бір жылды артқа тастап,тағы да бір Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Өткен жыл біз үшін,еліміз үшін бейбіт,тыныш жыл болды.Келе жатқан Жаңа жыл бәріміз үшін құтты,жемісті жыл болсын!Балалар,қараңдары шыршамыз қандай әдемі.Бырақ шамдары жағылмапты.Олай болса,шырша шамдарын жағу үшін,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата,Ақшақар!(2рет)
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аспан жермен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Аяз ата: Балалар,сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер,шыршаларыңда әдемі.Сендер мұнда неге жиналдыңдар?
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе,Аяз ата,Ақшақар!Қош келдіңіздер біздің мерекемізге!Біз мұнда Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Аяз ата: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Шыршаларың неге жанбай тұр?Қане,ендеше бәріміз бірге «1,2,3 шырша шамы жарқырай түс»деп дауыстайық.Балалар,шыршаның шамдары жанбай тұр.Араларыңда айтпай қалған балалар қане дауыстап айтайық «1,2,3 шырша шамы жарқырай түс»
(Шырша шамдары жанады).
Тәрбиеші: Аяз ата,Ақшақар сіздер отырып демалып,біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.Қане балалар,Аяз атаға арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.
(Балалар тақпақ айтады).
Ән: «Шырша жыры»
Тәрбиеші: Ой,балалар,не болып кетті?Аяз ата мен Ақшақарымыз қайда?Балалар,қараңдаршы бізге кім келе жатқанын.
(Осы кезде музыка әуенімен сиқыршы ханшайым келеді).
Тәрбиеші: Сиқырлы ханшайым,біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатқан едік,кенеттен жарық сөніп,Аяз атамыз бен Ақшақарымыз жоғалып кетті.Бізге тауып беруге көмектесіңізші.
Сиқырлы ханшайым: Жарайды,менің сиқырлы таяқшам бар.Осының көмегімен Аяз ата мен Ақшақардың мерекеге келуге көмектесейін.Олай болса бәріміз көзімізді жұмамыз.
Тәрбиеші: Балалар,бізге келген Аяз ата емес,бізге келген кім?
Балалар: Маша
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе,Маша!Қош келдіңіз біздің мерекемізге!
Маша: Рахмет!Балалар,сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер!Қандай мереке тойлап жатырсыңдар?
Тәрбиеші: Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.Сізді көргенімізге қуаныштымыз.
Маша: Рахмет!Олай болса балалар менімен бірге көңіл көтеруге қалай қарайсыңдар?Қане менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?
(Маша ойын ойнатады).
Тәрбиеші: Маша, сенин қасындағы аю қайда?
Маша: Артымда келе жатып адасып кеткен болар.
(Музыка әуенімен аю залға кіреді)
Аю: Сәлеметсиз бе,балалар!
Маша: Балалар,бұл кім?Танып тұрсыңдарма?
Балалар: Аю.
Аю: Иә,балалар,мен «Маша мен Аю» ертегісіндегі аюмын.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе,аю!Қош келдіңіз біздің мерекеге
Аю: Керемет!Мұнда менің достарым жиналып қалыпты.Қане
бәріміз бірге «аңдар» биін билейік.
(Балалар «аңдар» биін билейді)
Маша мен аю: Жарайды,балалар,сендермен уақытты өте қызықты өткіздік.Енді біздің кетуіміз керек.Бізді басқа да балабақшаның балалары күтіп қалған болар.Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Сау болыңыздар!Сиқырлы ханшайым,бізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырамын деп уәде беоіп едіңіз ғой.Ал,олар әлі жоқ.
Спандж Боб: Сәлеметсіздер ме!Ой,балалар,сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?Мұнда не болып жатыр?
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе!Бізде Жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Спандж Боб: Қандай керемет!Шыршаңызда әдемі екен.Олай болса барлығымыз бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Қар лақтыру».
Тәрбиеші: Спандж Боб сіз енді отырып демалып,біздің балаларымыздың әнін тамашалаңыз.
Ән: «Келді міне Жаңа жыл».
Спандж Боб: Балалар,сендермен ойын ойнап,би билеп,ән айтып көңіліміз көтеріліп қалды.Рахмет сендерге!Енді мен өз жұмысыма гамбургер сатуға кетуім керек.Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз!Сиқырлы ханшайым,тағы бір сиқырлап жіберіңізші,мүмкін Аяз ата мен Ақшақар келіп қалар.
Сиқырлы ханшайым: Қане,балалар,олай болса көзімізді жұмайық.
(Музыка әуенімен жылқы жылын ертіп Аяз ата келеді).
Тәрбиеші: Аяз ата біз сізді жоғалтып алдық,қайдан келе жатырсыз?
Аяз ата: Мен ескі жылды алып келе жатырмын.
Тәрбиеші: Ал Ақшақар қайда?
Аяз ата: Жолда келе жатып адасып кеткен шығар.Сендер маған Ақшакқарды табуға көмектесіңдңрші!
Тәрбиеші: Қане,балалар,олай болса Аяз атаға немересі Ақшақарды табуға көмектесейік.Барлағамаз бірге «Ау...... Ақшақар қайдасын?»деп шақырайық.
Ақшақар: Ау......Ата мен мұндамын.
(Музыка әуенімен Қой жылын ертіп Ақшақар келеді).
Ақшақар: Балалар,мен сендерге келер жылды ала келе жатырмын.
Жылқы: Жасампаз заман,бұл заман!
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсын!
Келер жыл саған аманат!
Қой: Сәлеметсіздер ме,балалар!Мен Жаңа жылмын!Сендерге жақсылықтармен келдім.Бір жыл бойы сендермен бірге дос болайық.
Сиқырлы ханшайым: Ал,балалар,міне орталарыңа Аяз ата мен Ақшақарда келді.Енді менің кетуім керек.Сендер сияқты мені басқа балабақшадағы балалар күтіп отырған болар.Сау болыңдар!
Ақшақар: Мында менің кішкентай ұлпаларым отыр екен.Қане бәріміз бірге ұлпалар биін билейік.
Би: «Ұлпа қарлар»биі.
Тәрбиеші: Балалар,Аяз ата мен Ақшақарымызға арнап Жаңа жылдық тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
Аяз ата: Жарайсыңдар,балалар,сендер өте өнерлі екенсіңдер.Рахмет сендерге!Енді сендерге сыйлықтарымды берейік.
(Аяз ата қапшықтың аузын ашады,ішінде тек екі сыйлық болады).
Аяз ата: Қалған сыйлықтарым қайда?Балалар мұнда көп,ал менде тек екі сыйлық.Қане Ақшақар,қалған сыйлықтарды іздеп көрші.
(Ақшақар әрі қарап,бері қарап шыршаның астынан табады).
Ақшақар: Ая ата таптым!Балалардың сыйлықтары шыршаның астында екен.Балаларға таратайық.
Аяз ата: Ал балалар,енді біз қайтайық.Сендер сияқты басқа да балаларға баруымыз керек,күтіп қалған шығар.Келесі жылы кездескенше,сау болыңдар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз!Осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет.Енді Жаңа жылды әрі қарай өз тобымызда жалғастырамыз.