kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, Жаң жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қош келдің, Жаңа жыл!

Фон 1 Фанфар ойналады

Оқушылар залға кезекпен кіріп, шыршаны айналып ән айтады.

Фон 2. Хоровод 1 Аяла  «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Фон 3 Жүргізушілер

Медина: 
Уа, халайық жараңдар, 
Айналаға қараңдар! 
Жаңа жылдық бұл тойын, 
Салтанатқа санаңдар 
Қызық көріп, шат болып, 
Шаттық күліп тараңдар, 
Уа, халайық құрметті, 
Көмейіме жыр кеп тұр 

Сұлтан: 

Жаңа жылды қарсы алып, 
Өткізейік дүрмекті 
Уа, халайық той бүгін 
Бақыт, шаттық мол бүгін 
Қарсы алайық Жылқы жылын 
Ұзатып сап, Жыланды
 

Медина: 
Жаңа жыл жақсылық, бақыт әкелсін!
Жаңа жыл бірлік - береке берсін елімізге!
Береке - ырыс келсін жерімізге!
«Жылқы» жылын кең пейілмен қарсы алайық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге!- деп 5-6 сыныптарының жаңа - жылдық мерекесін ашық деп жариялаймыз!

Сұлтан

Қараңдаршы балалар,
Ортада міне шырша бар.
Сылдырлаған моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Бәріміз шыршамызды айна тұрып,  ән айтайықшы.

Фон 4 Монтаж

1оқушы Құндыз

Ақ қар жауып жерге нұр,

Жаңа жыл-бақытты жыр

Әр жүректе үміт оты

Жансын мәңгі, сөнбесін бір.

Үлкенді сыйлап әрдайым,

Кішіге қамқор болайық

Татулық пен достықты

Өмір бойы қорғайық.

2оқушы Диас

Шырша түбінде шаттық бар,

Көңілдерде жақсылық бар

Жаңа жылда әр бала

Арманын тауып бақ құрар

Адал болып ақ ниетпен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, Жаң жыл»

Қош келдің, Жаңа жыл!

Фон 1 Фанфар ойналады

Оқушылар залға кезекпен кіріп, шыршаны айналып ән айтады.

Фон 2. Хоровод 1 Аяла «Қош келдің, Жаңа жыл!»


Фон 3 Жүргізушілер

Медина: 
Уа, халайық жараңдар, 
Айналаға қараңдар! 
Жаңа жылдық бұл тойын, 
Салтанатқа санаңдар 
Қызық көріп, шат болып, 
Шаттық күліп тараңдар, 
Уа, халайық құрметті, 
Көмейіме жыр кеп тұр 

Сұлтан: 

Жаңа жылды қарсы алып, 
Өткізейік дүрмекті 
Уа, халайық той бүгін 
Бақыт, шаттық мол бүгін 
Қарсы алайық Жылқы жылын 
Ұзатып сап, Жыланды

Медина: 
Жаңа жыл жақсылық, бақыт әкелсін!
Жаңа жыл бірлік - береке берсін елімізге!
Береке - ырыс келсін жерімізге!
«Жылқы» жылын кең пейілмен қарсы алайық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге!- деп 5-6 сыныптарының жаңа - жылдық мерекесін ашық деп жариялаймыз!!!

Сұлтан

Қараңдаршы балалар,
Ортада міне шырша бар.
Сылдырлаған моншағы,
Шыршамыздың мол шамы.
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша. Бәріміз шыршамызды айна тұрып, ән айтайықшы.

Фон 4 Монтаж

1оқушы Құндыз

Ақ қар жауып жерге нұр,

Жаңа жыл-бақытты жыр

Әр жүректе үміт оты

Жансын мәңгі, сөнбесін бір.

Үлкенді сыйлап әрдайым,

Кішіге қамқор болайық

Татулық пен достықты

Өмір бойы қорғайық.

2оқушы Диас

Шырша түбінде шаттық бар,

Көңілдерде жақсылық бар

Жаңа жылда әр бала

Арманын тауып бақ құрар

Адал болып ақ ниетпен

Алға қадам басайық

Жақсы істі әдет қылып

Жарқын өмір жасайық

3оқушы Айзере

Жаңа жыл келді қуанып

Жайнай берсін нұрланып ,

Тілеймін мен баршаға

Білім, бақыт, ырыс даңқ

Жаңа жылым жарқын боп

Жүрекке жол, ойға нұр

Үлкеенді сыйлап кішіге

Қамқор болу басты жол

4оқушы Бағлан

Жаңа жыл келді әлемге

Нұр сыйлады әр елге

Қуаныш пен жақсылық

Орнасыншы әр жүрекке

Үлкенді біз сыйлайық

Кішіге қамқор болайық

Білім алып еңбекпен

Биіктерге самғайық

5оқушы Фатима

Жаңа жыл –жаңа үміт

Жаңа мақсат-жаңа күш

Әр баланың жүрегін

Жылытсын нұр мен мейірім іс

Тәртіпті боп талаппен

Алға қарай қадам бас

Білімменен болашақ

Құралады әрбір жас


Фон 5. Хоровод 2: Жаңа жыл «Дәрібаевтар»



Фон 6 ертегі «Алтын балық»

Сахналық қойылым басталады. (Сахнада теңіздің шуылы естіледі. Ортада Шал ау салып жүр. Кемпір шетте ескі легенмен кір жуып отыр.)

Фон 7 теңіз шуылы

Кемпір:

ай, отағасы, мереке болса, болып қалды. Тым болмаса теңізге барып, ау қарап келсеңші! Тым болмаса балық түскен шығар, бізге тек жейтін анау мынау болса жетеді. Қарапайым адамға балық жеп, тойғанның өзі мереке емес пе?!

Шал:

Қайдам, күн болса суық! Күнде күнде не балық болсын! Көрейін енді ең болмаса бойымыз жылып бір ауқаттанып алатын нәрсе болса барып келейін!


Фон 8 Теңізшілер биі 5 а сыныбының ер балалары


Фон 9 Теңіз

Шал: Пай, шіркін! мынау не? Торға түскен не қылған балық? Өзі жылтырап тұр екен! Тіпті жеуге қимйды екенсің! Мен де азық жоқ, Сенде жазық жоқ! Амал қайсы, кемпірім қуанып калатын болды!

Алтын балық: Ей, адамзат! Мені жібере салшы!

Шал: Ай, мынауың тірі жан ба? Сөйлейді тіпті!

Алтын балық: Мен жай балық емес, сиқырлы балықпын. 3 тілегіңді орындаймын. Жаңа жылда не қалайсың? Өмір бойы құлың болып өтейін, арманыңды айт! Мені тек өлтірмеші!!!

Шал: Маған ештеңе керек емес, айналайын. Мерекеде аман-есен болсақ болды. Бара ғой, еркіндікке!

Алтын балық: ей, мейірімді пенде! Мен сенің бұл жақсылығыңды ұмытпаспын! Маған қандай да бір тілегіңді айт, тек үшеуден артығын орындай алмаймын! Тілегіңді айта ғой! (кетіп қалады)

Шал: ой, қарғам, ау! Табан астында не тілегімді айтарымды да білмеймін! Бара берші! Көріскенше, өзің бір ғажайып әлем екенсің!

(Балық кетіп, қалады) Шал үйіне қайтып оралады.


Фон 10

Кемпір: Ей, шал! Бүгін де бос келдің бе? Жарайды, өлмегенге өлі балық жолығады деуші еді, көрерсіз маңдайға жазғанын!

Шал: Аптықпа, кемпіржан! Мен бір керемет дүние көріп есеңгіреп тұрмын.

Кемпір: есеңгіреп пе, есіңнен алжасып па? Соны айырып алайық! Кел, отыр! Не ғажап көргенің!

Шал: мен бір балықтың төресін ұстадым! Алайда аяп, жалынғасын жайына жібердім. Айтқандай ол маған тегін емес текті үш тілегіңді айт деді.

Кемпір; Ойбуй, байғұс ай! Неге балықтан сұра дегенге сұрап қалмадың! жаңа леген, жаңа үй сұрамадың? Адам тілек айт десе, үнсіз қала ма? Тіпті болмаса, бізге осы Жаңа жылда үлкен шырша мен мерекелік дастархан сұрап кел! Тез бар!бар !

Шал: (Күрсініп) Жарайды, кемпірім, ашуланба.

Фон 11

(Теңіз шуылы естіледі, Шал айқайлайды) Ау, Алтын балық! Менің тілегім бар! Қайдасың?

Алтын балық келеді: Ия, адамзат! Тілегіңді айта бер! Мен екі сөйлемеймін, уәдем уәде! Тек 3 тілегің қабыл болады! Айта бер, құлағым сенде!

Шал: Менің кемпірім сенен осы жердің иесі, осы орманның Патшайымы болсам дейді және бәрі менің қалауымды орындап тұрса дейді! Оны жасай аласың ба?

Алтын балық: Уайымдама, Қам жеме! Бара бер үйіңеЕЕЕЕЕЕЕ!

Фон 12 Монтаж:

Рзаева Кәусар:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Ж.Алинұр:

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

 Сұлтан:
Оралдың сен өлкеме,
Жаңа жылым армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тауым, қарлы шың.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Ардақ:
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

 Айару.С:

Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып.
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып,
Арайлы алтын нұрлы Күн, Айды алып,
Әр үйге, әр жүрекке ұнай қалып,
Жаңа жыл есік ашты шырайланып.
Жаңа жыл есік ашты үміт болып,
Жайраңдап босағадан кіріп келіп.

Фон 13. Ән 5а сыныбы BN тобы

(Сахнаға Кемпір өзгеріп келеді, Патшайымға айналып келеді)

Фон 14 Патшайым шығуы

Шал: ибай, кемпірім, сен әдемі болып кетіпсің! Орман патшайымы саған жарасады екен!

Кемпір: Көп сөйлеме, Шал! Одан да қораны тазала! Барлығын ретте! Ешкі сауулы, түйе бағулы болсын! Барлығын ескерт! Менің ашуыма тимесін! Малға жем шөп уақытында дайын болсын! Менің таңғы асым қайда? Көмекшілерім қайда! Ыбылжымай тездетсін!

(Келіп, бірі кемпірді бояндырады, бірі тамақтандырады)

Фон 15 Хоровод 3: Көк шыршамыз ырғалып


Фон 16 ойналып тұрады.

Кемпір:

Ау. Шал! Маған ұнамай тұр.

Кемпір: — Әй, шал! Орман патшайымы болу маған тарлық етті. Енді мен бүкіл әлемнің Жаңа жылдық шұғыласын иемденгім келеді. Аспандағы жұлдыз да, шыршадағы шам да тек мен үшін жансын!

Шал: — Бәйбіше, жұрт қараңғыда қалады ғой, бұл не қылғаның?

Кемпір: — Үндеме! Одан кейін балыққа айт: «Аяз атаның қабындағы бүкіл сыйлықты менің босағама әкеліп төксін! Балықтың өзі менің тілектерімді екі етпей орындайтын құлы болсын!» — де. Барлық бишілер келіп, менің көңіл күйімді көтерсін! Қысқасы, осы жердің бәрі менің ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда болсын де! Барлық бишілерді жіберіп, маған ерекше көңіл күй сыйласын де!

Фон 17 «Қарақшылар» биі биленеді. Біткен соң Шалға былай дейді


1-қарақшы: — Әй, шал! Не болды мұнша еңсең түсіп? Салың суға кетіп, дүние бүлінгендей түнеріп алыпсың ғой!

2-қарақшы: — (Қарқылдап күліп) Уа-ха-ха! Қайғыны қайтесің, бізге қосыл! Жолаушыны тонап, қарынды сыйпап, көңілді көтеріп жүреміз. Рахат өмір бізде!

3-қарақшы: — Мынауың тіпті үндемейді ғой. Әлде... (ысқырып қалып) сені де тонап, мына дорбаға салып алайық па?

Шал: — Әй, ақылды жігіттер! Артық кетпеңдер, мені жайыма қалдырыңдар. Естімегендерің бар ма еді? Мен осы патшалықтың ханшайымының жұбайымын!

1-қарақшы: — Не дейді?!

2-қарақшы: — Құлағым дұрыс естіді ме? «Жаңа патшайымның шалымын» дей ме?

3-қарақшы: — Әп, бәрекелді! Ибай-ау, тез табанымызды жалтыратайық! Мына шал басымызды дауға қалдырып, дарға астырып жүрер. Көріскенше, Шал-еке!

Фон 18 Море, море әуені қосылып тұрады.


Шал: Алтын балық, Алтын балық! Кемпірім маза бермеді. Оған патша болу керек емес, оған осы ауылдың ең керемет «Жаңа жылдық кешін» ұйымдастырып бер дейді. Барлық әлемнің бишілері келіп маған көңіл күй салсын дейді!

Алтын балық: (Судан шығып) Қайғырма, ата. Сенің мейірімділігің үшін бәрі болады. Үйіңе бар, сені үлкен сыйлық күтіп тұр!

Шал: Ал, кемпір дайындал, Сен үшін Испан елінің бишілері келеді!

Қанекей, қошемет!

Фон 19 Испан биі (5б сыныбы)

Фон 20 Үнді биі (5а сыныбы)

Фон 21 Стеляги 6а сыныбы

Фон 22 Патшайым

Кемпір: (Ашуланып) Тоқтатыңдар биді! Жетер! Шал, бері кел! Мына орманың тым тар, тым тыныш! Маған өркениет керек! Қзаір айтпақшы бәрі блогер, роботтар заманы! Маған өркениет керек!

Шал: Бәйбіше-ау, тағы не жетпеді? Орман патшайымы болдың, бишілер алдыңда мың бұралды. Жаңа жылды осы жерде-ақ қарсы алсақ қайтеді?

Кемпір: (Жерді теуіп) Жоқ! Мен мына қараңғы орманның емес, жарқыраған үлкен қаланың (мегаполистің) иесі болғым келеді! Орталық алаңдағы ең биік, ең зәулім шырша менің сарайымның алдында тұрсын! Бүкіл қаланың шамдары менің қас-қабағыма қарап жанып-өшсін!

Шал: (Шошып) Қаланың иесі? Ол жерде мыңдаған адам бар ғой, бәрін қалай басқармақсың?

Кемпір: Солай! Барлық зәулім үйлер, қымбат көліктер мен сауда үйлері маған бағынсын. Жаңа жылдық отшашуды тек мен рұқсат бергенде ғана атсын! Ал сол балық қаланың қақ ортасындағы ең үлкен фонтанда менің күзетшім болып, әр айтқан тілегімді секунд сайын орындап тұрсын!

Шал: Бұл тым артық, бәйбіше... Балық мұны көтере алмас...

Кемпір: Бар дедім бе, бар! Әйтпесе, мына қарақшыларды шақырып, сені қаланың ең терең зынданына жаптырып тастаймын! Тез бар!

(Шал басын салбыратып, теңіз жағасына (немесе балыққа) қарай кетеді. Артынан қарақшылардың сыбыры естіледі.)

1-қарақшы: Естідіңдер ме? Кемпір қаланы алғысы келеді!

2-қарақшы: Ол қаланың иесі болса, біз сияқты еркін қарақшыларға күн жоқ.

3-қарақшы: Шал-ау, балыққа айт, бұл жолы орындамасын! Әйтпесе бәріміздің күніміз қараң болады. Қаланың патшайымы болу — бұл нағыз апат!

Фон 23 балық

Шал: (Дауыстап) Алтын балық! Мені естіші! Қаһарыңа мінбе, жалынамын! Қарияң тағы да алдыңа келіп тұр. Кемпірім мүлдем ақылдан адасты... Орман тарлық етіп, енді үлкен қаланың иесі болғысы келеді. Ол аздай, сені өзінің фонтанында күзетші қылып, еркіңді алғысы келеді!

Алтын балық: (Үнсіз. Тек басын шайқап, құйрығымен мұздай суды бір соғады да, тереңге сүңгіп кетеді. Ешқандай сөз айтылмайды.)

Шал: (Артынан айғайлап) Балық! Тоқта! Жаңа жылда жұртты қуаныштан айырмайық деп едім... Жауап берші!

Фон 24 сикыр (Айнала тас қараңғы болып, музыка қатты ойнайды. Кемпір баяғы ескі лашығының алдында, жыртық тонымен, бос қалған дорбасын ұстап отыр.)

Кемпір: (Аң-таң болып айналасына қарайды) Бұл қалай?.. Менің қалам қайда? Жарқыраған шыршам қайда? Бишілерім қайда кеткен?

Шал: (Жанына келіп, мұңайып) Әй, бәйбіше... Өзгенің бақытын ұрлап, бүкіл әлемді билегісі келген адам осылай жалғыз қалады. Жаңа жыл — қанағат пен мейірімнің мерекесі еді, ал сенің ашкөздігің бәрін күлге айналдырды. Сен мұңайма, оданда бәріміз бірге үлкен мейіріммен қуаныш сыйлайтын Аяз ата мен ақшақарды қарсы алайық!)

Фон 17 Аяз ата мен Ақашар келеді.

Барлығы бірге: Аяз ата келіңіз

Шыршамызды көріңіз

Бізг сыйлық беріңіз.

Фон 25 Аяз ата мен ақша қар

Аяз ата: 

Асу-асу белдерден,

Ақ түтекті шөлдерден,

Сағынып келдім сендерді,

Алыс бір жатқан елдерден.

Құтты болсын мереке,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Болсын думан-береке,

Шырқалсын ән, төгіл жыр!

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Фон 26 монтаж

Фон 27 ковбой жылкы

Фон 28 жүргізуші

Медина:

Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздерге әзірлеген балақайлардың өнері бар! Қанекей, балалар! Өнерімізді көрсетіп, мерекемізді сәнін арттырайық!

Фон 29 Хоровод 4 меховая

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Фон 29 6а клоун биі

6а ән

Жылқы жылы:

Армысыңдар, ағайын! Амансың ба, текті елдің ұрпақтары! Мен — жыл басы да, жол басымын! Мен — ердің қанаты, елдің берекесі, даланың дүбірі Жылқы жылымын! Мен сендерге тұлпардың жүйріктігін, арғымақтың асылдығын, жылқының тазалығын ала келдім! Қадамдарым құтты болсын, босағаларыңа бақ болып қонсын!

2026 жылы асу бермес асқарлар алынып, мақсаттарың тұлпардай алға озсын!

Төрт түлігің сай болып, төріңнен думан кетпесін!

Толағай:

Асыға күткен осы күн,

Ортада шырша – жасыл тын.

Бәріміз бірге айтайық,

Жағылсын шырша шамдары!

Бірнеше рет: Қуант бізді, таңырқат! Шамдарыңды жарқырат! Жағылсын шырша шамдары!

Ойын

Әндер

Фон 30 5а Ән 1234 сыйлықтар

Аяз-ата: Өнерлеріңе тәнті болдым, ризамын! Сендердей ақылды, өнерлі балаларды көріп, көңілім марқайып қалды. Алыс жерден арқалап әкелген базарлығым бар еді, соны қабыл алыңдар!

Фон 31 Ойын

Фон 32 аяктау

Медина

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Осымен біздің «Қош келдің, Жаңа жыл-2026!» атты мерекелік бағдарламамыз өз мәресіне жетті.

Толағай:

Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, бірлік және таусылмас қуаныш әкелсін. Ескі жылмен бірге барлық өкпе-реніш кетіп, жаңа жыл тек жақсылықтармен есте қалсын!

Медина:

Таусылмас бақыт, кетпес бақ,

Сыйласын мына жаңа жыл.

Жүрекке орнап нұрлы шат,

Шырқалсын асқақ жаңа жыр!


Толағай:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа үміт,

Болашақ сыйласыншы дара жарық.

Көңілдеріңіз шаттықтан нұрға толып,

Жүріңіздер тек қана аман болып!

Бірге: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!













№ 5 мектеп – лицей









«Қош келдің, Жаңа жыл»

(Жаңа жыл кешіне арналған сценарий)

























Сынып: 5А, 5Б, 6А

Сынып жетекшілер: Сағынбаева М.Ж, Қоңырбаева Л.Т,

Аетова Г.Е.



















2025-2026 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қош келдің, Жаң жыл

Автор: Сағынбаева Мария Жайбергенқызы

Дата: 21.06.2026

Номер свидетельства: 688170

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Қош келдің, Жаңа 2017 жыл"
    ["seo_title"] => string(32) "k_osh_kieldin_zhan_a_2017_zhyl_1"
    ["file_id"] => string(6) "377029"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483974886"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства