Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.
2.337 – жаттығу.
ІІІ Білім тексеру:
Сатылай фонетикалық талдау үлгісі
Сөз
à1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз
à2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу
à3.тасымал
à4.екпін
à5.буын үндестігі
à6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді
талдау жасау.
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.
«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Орфография дегеніміз не?
Орфоэпия дегеніміз не?
Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру