| Қазақстан тарихы | Мектеп: 20 | 
  | Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Рустемова В.И. 
 | 
  | Сынып: 10 А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:   | 
 | 
  | Сабақ тақырыбы | Әдет құқығы және «Жеті жарғы» . | 
  | Мақсаттары:   Білімділік: 
 | XV-XVIIIғғ. Қазақ хандығының әкімшілік-құқық нормаларының ерекшеліктеріне ашып көрсету; Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерін таныстыру, 
 | 
  | Дамытушылық:   
 | «Жеті жарғы» заңдар жинағымен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан-жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрену. | 
  | Тәрбиелілік: | Өз елінің тарихын жетік білуге, бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелену. | 
  | Күтілетін нәтиже: | Әңгімені өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады; мәтінді тапсырма тұрғысынан саралай оқи алады; ойларын еркін жеткізе біледі; сындарлы сөйлей білуге ынталанады; проблемаға орай пікірін шығармашылықпен жеткізе біледі; адамгершілік сезімдерге тәрбиеленеді; ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады; өзін-өзібағалай алады. | 
  | Ресурстар: | Оқулық, карта, слайд, кесте, сызбалар, тірек сызбамен жұмыс, бейнебаян т.б | 
  | Пән аралық байланыс: | Қазақ тілі, құқықтану,әдебиет | 
  | Сабақ барысы   | 
  | Сабақтың жоспарланған кезеңдері   | Сабақтағы жоспарланған мұғалім іс-әрекет   | Оқушы әрекеті | 
  | Сабақтың басы Ұйымдастыру   кезеңі (2минут) 
 
 
 Кіріспе   (3 минут) 
 
 Негізгі бөлім: (15 минут) 
 
 
 
 
 
 
 | Психологиялық тренинг өткізеді. Топтарға бөледі. 
 
 
 
 
 
 
 
  Әр топ өздеріне берілген «Хандық басқару», «Билер кеңесі» сөздерінің мағынасын 3 сөзбен жасырады.«Жеті Жарғы» заңдар жинағы туралы бейне жазба көрсетіледі. 
 1-топ: «Жеті Жарғы» заңдар жинағы туралы жалпы түсінік; 2-топ: «Жеті Жарғы»заңының бөлімдері.  Баяндауышты (мәтіннің мазмұнын баяндайды).Сипаттаушы (кейіпкер, өмірге қызығушылығы, адамгершілік қасиеті, кейіпкерге баға).Дәнекер (мәтінді өмірмен ұштастырады).Бейнелеуші (оқиға желісімен сурет салады). | «Жүректен-жүрекке» атты психологиялық тренингке қатысады. Тарихи тұлғаларға қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөлінеді.   
 
 Топтар жасырылған сөзді табады. 
 
 
  Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке орындайды. Жұппен, топпен талқылайды. Өз пікірлерін білдіреді, қорғайды. 
 | 
  | Сабақтың соңы (10 минут) 
 
 
 
 
 
 
 Бағалау:   
 
 Үй тапсырма: | Үш жақты күнделік: негізгі проблема, пайда себептерді, шешу жолдары 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  «Екі жұлдыз, бір тілек»,«Бағдаршам» арқылы бағалау «Критерий» арқылы бағалау, «Өзін-Өзі» бағалау  
  «Жеті Жарғы» қазақ мемлекетінің бірінші төл заңы» тақырыбында эссе жазу. 
 |  Оқушылар негізгі проблеманы анықтайды.  1-топ: пайда болу себептерін, 2-топ: шешу жолдарын табады. |