Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
  
 
  
 
 Өткізу күні: 27.04.2018ж.
 Тәрбиеші: Шушанова М.К.
 Білім беру саласы: Коммуникация.
 Пән:Сөйлеуді дамыту.Қоршаған ортамен танысу.Құрастыру.
 Өтпелі тақырып: «Бір шанырақ астында»
  Тақырыбы: «Менін Отаным Қазақстан»
 Мақсаттары:
 Тәрбиелік:Өз туған жеріне және туратын жеріне , жағымды эмоцианалды қарым қатынасты тәпбиелеу.
 Дамытушылық:Табиғаттын және қоршаған орта әсемділігін түсіну және ойындар арқылы тілдерін дамыту.Өз туратын отаны туралы білімдерін кеңейту.
 Оқыту:Өз отанына деген адамгершілік сезімдерін оятып, түсінік беру.
 
 
 Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау, ақпараттық, жеке тұлғаға бағытталған.
 Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта, суреттер, глобус, карта.
 Көптілдік: Отан- родина, кіші отаным-малая родина.
 
 
 
 
 Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
  
 
 Ұйымдастырушылық кезеңі:
 Балалар, бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса , балалар, қонақтармен амандасайық.
  
 Негізгі бөлім
 -Ал қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, кім жауабын біледі қолдарын көтеріңдер.
 Жұмбақ жасыру:
 Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,
 Өзінің кіндігінен айналып жүр,
 Өзіңе назар салып қарасаңыз,
 Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
  (Глобус)
 
 
 -Балалар біздің планетамыз неге ұқсайды?
 -Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
 -Ал сары жасыл ше?
 -Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіндер?
 -Балалар, ал біздің үлкен отанымыз қалай аталады?
 -Ал біздің кіші отанымыз қалай аталады?
 
 
 -Міне балалар мынау Қазақстан Республикасының картасы.
 Біздің кіші отанымыздың көрікті жерлері туралы білесіңдер ме, қазір тапсырма арқылы анықтап көрейік!?
 Тапсырма: «Көрікті жерлер.»
  Жарайсындар!
 Сергіту сәті:
 Қазақстан үйіміз,
 Біз одан үлгілеміз,
 Желбірейді туымыз,
 Достық біздің жырымыз!
  Жарайсыңдар балалар, сендер біздің қаламыздын көрікті жерлерін жақсы біледі екеңсіндер.
 -Ал Қостанай қаласы немен атақты?
 (Кәнпит фабрикасы, бидай, киім тігу, және машина шығаратын заводымен )
 Дидактикалық ойын: Машина құрастыру.
 Воскобович шаршылары арқылы машина құрастыру.
 Жарайсыңдар!
 -Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, ал біздің отанымыз туралы тақпақтар мен мақал- мәтелдерді білесіңдер ме?
 Өте жақсы!
 Туған жерлеріне тілек білдіргілерін келеді ме?
 Қазақстанның картасына сол тілектерді жапсырып қойсаңдар, сеңдердің тілектерің орындалады.
 -Еліміз аман болсын!
 -Көк туымыз биік болсын!
 -Аспанымыз ашық болсын!
 -Елбасымыз жасай берсін!
 -Табиғатымыз сұлу болсын!
 -Астанамыз көркейе берсін!
 -Болашағымыз жарқын болсын!
 Қорытынды:
 -Балалар сендер білімді екенсіңдер, Жарайсыңдар!
 -Біздің мемлекет қалай аталады?
 -Біз тұратын кіші отанымыз қалай аталады ?
 Сау болыңыздар!