— ?айырлы к?н ??рметті ?она?тар,аяулы да арда?ты ?стаздар!
Б?гін сіздерді? назарлары?ыз?а «Мені? елім-?аза?стан» атты т?рбие са?атымызды ?сынамыз.
-Балалар, Отан деген не?
«Отан» деген с?зді к?н сайын естіп ж?рміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамны? туып ?скен жері, ту?ан – туыс?андарымен, жа?ындарымен бірге т?ратын атамекені.
-Отан туралы ?андай та?па?тар білеміз?
Н?рсауле::
Отан – сені? ата-ана?,
Отан – досы?, бауыры?.
Отан — ?лке?, астана?,
Отан – аудан, ауылы?.
Макира:
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жаса?ан елі?, ер хал?ы?.
Отан — ?ле?, отан-жыр,
К?терген к?кке ел да??ын.
Ерболсын:
Отан – осы, достарым,
К??ілге м?ны т?йе біл.
«Отан» деп ?с, жас ?ауым,
Оны арда?тап с?йе біл!
М??алім:
Балалар, бізді? Отанымыз ?алай аталады?
Бізді? Отанымыз ?аза?стан Республикасы деп аталады.
М??алім:
-Ендеше, балалар, а?ын М??а?али Ма?атаевты? «Отан туралы» ?ле?ін кім айтып береді?
Ерболсын:
Мен оны? т?нін с?йем, к?нін с?йем,
А?ынды ?зен, ас?ар тау, г?лін с?йем.
Мен оны? ?асиетті тілін с?йем,
Мен оны? ??діретті ?нін с?йем.
Максим:
Тауды к?рсе? к?н к?зімен талас?ан,
Аспан к?рсе? Ай мен К?нге жол аш?ан.
Мені? Байта? Республикам таулары,
Мені? к?гім м?лдіреген к?к аспан.
М??алім.
-Балалар, ?аза?стан Республикасыны? Президенті кім?
Просмотр содержимого документа
«Мені? елім- ?аза?стан»
Тақырыбы: Менің елім- Қазақстан
Мақсаты:
Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға,егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.
— Қайырлы күн құрметті қонақтар,аяулы да ардақты ұстаздар!
Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елім-Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
-Балалар, Отан деген не?
«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.
-Отан туралы қандай тақпақтар білеміз?
Нұрсауле::
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Макира:
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан — өлең, отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Ерболсын:
Отан – осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Мұғалім:
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.
Мұғалім:
-Ендеше, балалар, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін кім айтып береді?
Ерболсын:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Максим:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің Байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан..
Мұғалім.
-Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Найзасыз ер болмайды – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздері 1992ж 4 маусымда қабылданды.Кім атап береді?
Оқушылар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны
Интерактивті тақтадан рәміздерімізді, оның авторларының суреттерін көрсетіп, қысқаша түсінік беру.
Мұғалім:
Балалар, Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам аудан бар.Республика халқының саны -15 миллион. Қазақтан басқа 130-дай ұлттар тұрады.Қазақстан жері — ұлан байтақ.Батыстан Шығысқа 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км-ге созылып жатыр.Жер көлемі бойынша – Қазақстан әлемде – 9 орында. Құстың 480түрі, балықтың 150 түрі кездеседі. Пайдалы қазбаларға өте бай.Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.
Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын қазақ халқына жолдау жолдайды. Биылғы жолдауы ″ Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, қазақстанның жаңа мүмкіндіктері″деп аталады.Бұл жолдауда қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту басты назарда болғаны туралы айту.
Қорытынды. Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік?
Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Тәрбие сағатын Әбдіқадір Рахманның орындауындағы ″Менің елім″ әнімен аяқтау.