| Уақыты   | 04.03.17ж | Сынып : 10 Г | Сабақ № 44 | 
  | Пәні | биология | 
  | Пән мұғалімі | Серкебаева Г.Т. | 
  | Сабақ тақырыбы | Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары. | 
  | Мақсаты | Моногибридті будандастырудың ерекшелігін түсініп, іс-жүзінде қолдана білу. | 
  | Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | 
  | Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ой-толғау, жоба құру оны қорғау, кесте толтыру. | 
  | Қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, слайд | 
  | Күтілетін нәтиже: барлық оқушылар Моногибридті будандастыру жайлы түсінеді, кейбіреуі Мендельдің заңдылығын талдап айтады және осы заңдылықты қолданып есеп шығарады.   | 
  | №  | уақыт | Мұғалімнің іс- әрекеті 
 | Оқушының іс-әрекеті | Дерек көздер, көрнекіліктер | 
  | 1 | 1 мин | Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесіп, оқушылар назарын сабаққа аударады. | Сабақққа назарын аударады. | 
 | 
  | 2 | 10 мин | 1.Сыныппен амандасу. 2. Сыныпты топтарға топтарға бөлу 3. Үй тапсырмасын тексеру .  «Графикалық диктант» алынады. Диктант 7 тапсырмадан тұрады.  Тірі ағзаларға тән тұқымқулаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылымның бір саласы- биология д.аАғзаның тұқымқулаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отыратын құбылысты өзгергіштік дейді.Организмнің тұқымқулаушылық пен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика д.а.«Генетика» терминін 1906 ж ағылшын генетигі У. Бетсон ұсынды.Г. Мендель «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегін 1865 ж жарық көрді.Грегор  Мендель 1822-1885  ж дүниеге келген.А. Вейсман «ұрық плазмасы» туралы болжам жасады. | Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне қуаныш сыйлайтын тілектер айту. Бір екі үш төрт деп санау арқылы 4 топқа бөліну.   
 Оқушылар берілген тапсырманы орындаған соң, бағалау парақтарын бір-бірімен алмастырып өзара отырып бағалайды. | Дидактикалық материалдар. 
 
 
 
 
 
 Бағалау парағы   | 
  | 3 | 15 мин | Оқушылар жаңа тақырып алдында топ пен ой толғау жүргізеді.   І топ. – «Менделдің бірінші» ІІ топ. -«Моногибридті будандастыру» ІІІ топ. –«Генетикалық символика» ІV топ – «Белгілердің ажырау заңы» | Оқушылар жаңа тақырып алдында топ пен мұғалімнің қойған толғануға арналған сұрақтарға жауап береді.   І топ. – «Менделдің бірінші» ІІ топ. -«Моногибридті будандастыру» ІІІ топ. –«Генетикалық символика» ІV топ – «Белгілердің ажырау заңы» | Слайд, тірек сызба. кестемен жазба жұмыс . | 
  | 
 | 15 мин | Қолдану   Оқушыларға алған білімдерін саралау үшін есептер береді. Шығару жолына сілтеме береді. | Берілген есептерді шығарып, білімдерін саралайды. | Слайд, бағалау парағы | 
  | 4 | 
 | Бекіту  Қазақтың даналық сөзімен алған білімдерін байланыстырады |  Оқушылар даналық сөздің мағынасын ажыратады | Слайд, бағалау парағы | 
  | 5 | 2 мин | Үй тапсырмасы | § 43 227-231 б.б | 
 | 
  | 6 | 2 мин | Бағалау   Формативтік және суммативті бағалау Инсерт –стратегиясы Нені үйрендің?   Нені үйренгім келеді? Не қызық болды?   Не қызық болмады? Үй тапсырмасы |  №1 №2 №3 тапсырманы жазбаша орындап келу. | 
 |