Үйге 19-жаттығу берілген болатын.Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің қысқаша түсінігі: Мәтіннің екі түрі болады. Олар: жазбаша және ауызша мәтіндер. Ауызша мәтінге ақын-жазушылардың айтқан тұтастай ойы, сөйлеген сөзі жатса, жазбаша мәтінге газет беттеріндегі, кітаптағы, журналдардағы мәтіндер жатады. Мәтін тақырыбы әртүрлі болады. Қандай тақырыпқа құрылған мәтін болсын ол белгілі бір мазмұнға, идеяға құрылады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтан тұрады.
Кітаппен жұмыс:
20-жаттығу. Әңгіме оқылып мазмұндалады. Мәтіннің қай түріне жататындығы ажыратылады.
21-жаттығу. Мәтін көшіріліп жазылады. Мәтін сипаттамасына сай оқушылар өз көңіл күйлерін білдіретін жазбаша мәтін құрайды. .
Тақтамен жұмыс. Өлең мәтінін қара сөзге айналдырыңдар.
Сергіту сәті.
Керемет тышқан
Мысықты тышқан ұстады,
«Шыныңды айт! – деп қыстады.
Біздің бала Маймақты,
Шұжықты, етті, қаймақты
Ұрлап жеген сенбісің?»
Мысықта қазір зәре жоқ,
Тышқаннан артық пәле жоқ.
(Ж.Смақов)
ІҮ.Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Мәтін дегеніміз не?
2. Мәтіннің құрамына не кіреді?
V. Үйге тапсырма: 22-жаттығу. Ұрымтал, үйлесу, үндестіру, оралымды деген сөздердің анықтамасын түсіндірмелі сөздіктің көмегімен жазып келу; 5-6 сөйлеммен жазылған тіл, сөйлеу әдебі туралы шағын мәтін құрау.
VІ. Бағалау. Оқушылар сабаққа белсене қатысқандарына қарай бағаланады.