3.Дамытушылы?:о?ушылар?а СПИД-ті? ж??палы ауру екенін т?сіндіре отырып,ж??тырмау шараларын ??гімелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі:СПИД туралы суреттер,?осымша ?дебиеттер,тесттер.
Саба? барысы: 1.?йымдастыру.
2.СПИД- індетіне т?сінік беру.
3.?гіт-насихат айту.
4.Денсаулы? туралы ма?ал-м?телдер айту.
5.?орытындылау (пысы?тау с?ра?тары)
М??алім: Елбасымыз Н.?.Назарбаев ?здері?ізге белгілі елімізді? дамуыны? ?за? мерзімді «?аза?стан-2030»стратегиясында халы? денсаулы?ын са?тау басты ба?дар ретінде ?арастыр?анын білесіздер.Я?ни,мемлекетті? бірінші кезектегі ат?аратын шараларыны? бірі халы? денсаулы?ын ны?айту болды.
1-ж?ргізуші: Ей,?рпа?ым,есі?ді жи,азба?дар
?иыршы? ??мдай ?гітіліп тозба?дар.
Бойы?да?ы ?уаты?ды жо?алтып
Жа?сы ?мітпен,сенімі?нен тайма?дар
Салауатты ?мір салтын са?та?дар
Болаша??а ны? ?адам баста?дар!
2-ж?ргізуші: СПИД деген с?зді ?аза?ша?а аудар?анда Ж?ТБ я?ни,ж??тырыл?ан ?ор?аныш тапшылы?ыны? белгісі деп аталады.Ж?ТБ ал?аш рет 1981 жылы А?Ш-та тарай бастады.?азіргі уа?ытта Ж?ТБ-?а ?арсы вакцина немесе д?рі жо?.
1-ж?ргізуші: Ж?ТБ-?асыр обасы.Адам денесінде Т-лимфоцит деп аталатын ?ан жасушаларыны? саны к?рт т?мендейді.?аза?станда 4,5 мы?нан астам адам Ж?ТБ-?а шалды??ан.Ж?ТБ-?а шалды??ан адам 10-15жыл ?ана ?мір с?ре алады. Осындай жа?дай?а душар бол?ан адамдар?а к?мек беріп,?олдауымыз керек.
2-ж?ргізуші: Ж?ТБ-ол вирус ар?ылы ж??ады.Ол вирустар к?зге к?рінбесе де,адамны? ?анында?ы антиденелерді ?лтіреді.Егер антиденелер ?лсе,онда адамны? иммунды? ж?йесі б?зылады я?ни,?лсірейді.Ондай адамдар ауру?а тез шалды?ады.Ж??тырыл?ан вирус ?зін ?ш ай?а дейін ?статпайды.Сонды?тан оны тек д?рігер ?анды толы? зерттеген кезде ?ана тауып алады.Ж?ТБ вирусы тек ?ан ж?не жынысты? ?атынас ар?ылы ж??ады.
2-ж?ргізуші: Ж?ТБ вирусы мынадай жолдар ар?ылы ж??ады:
1.Біреуге ?ан ??йса
2.Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адам?а ?олданса
3.Вирусты инемен денеге сурет салса немесе ??ла? тескенде
4.Жынысты? ?атынас ар?ылы
5.Ж??тыр?ан ананы? баласына
Бірден адамда суы? тиген синдромы бай?алады.Ж?теледі,дене ?ызуы к?теріледі,басы айналып,т?беті болмай,ары?тай бастайды.Ж?ТБ-ны? со??ы сатысы-?лім.Ол адам ауру?а тез шалды??ыш келеді.?андай болсын ауру?а т?зе алма?анды?тан,?ліп кетуі де м?мкін.
1-ж?ргізуші: Ал енді Ж?ТБ мынадай кездерде ж??пайды:
1.Амандас?анда,??ша?та?анда,иіскегенде
2.Тама?та бір ыдыстан ішкенде
3.Бірге жуынып,орамалмен с?ртінгенде
4.Ауа,су,ойыншы? ар?ылы
5.Ж?ндіктер ша??анда
Біра? сонда да ?р адам ?зіні? жеке бас гигиенасын са?тауы керек.
2-ж?ргізуші: Ма?ал-м?телдер-?асырлар бойы с?рыпталып,салма?танып,кемелденген с?з асылы,парасатты,т?рбиелі,?діл сыншы,адал а?ылшы ?ана емес,сонымен бірге епті де есті емші- дей отырып о?ушыларды? денсаулы??а байланысты айтатын ма?ал-м?телдерін ты?да?ыздар.
1.Ауырып ем іздегенше,(ауырмайтын жол ізде)
2.Ішпеген,шылым шекпеген,(жасайды жылдар к?птеген)
Просмотр содержимого документа
«Жасты? ша?- СПИД-сіз болаша? »
Сабақтың тақырыбы: «Жастық шақ-СПИД-сіз болашақ»
Оқыту әдісі: әңгіме,баяндау,практикалық
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:оқушыларға СПИД туралы мәлімет беру,аурудың адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету.
2.Тәрбиелік:оқушыларды достық сезімге,сыйластыққа,салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:оқушыларға СПИД-тің жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып,жұқтырмау шараларын әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:СПИД туралы суреттер,қосымша әдебиеттер,тесттер.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.СПИД- індетіне түсінік беру.
3.Үгіт-насихат айту.
4.Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту.
5.Қорытындылау (пысықтау сұрақтары)
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030»стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер.Яғни,мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту болды.
1-жүргізуші: Ей,ұрпағым,есіңді жи,азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен,сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
2-жүргізуші: СПИД деген сөзді қазақшаға аударғанда ЖҚТБ яғни,жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі деп аталады.ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тарай бастады.Қазіргі уақытта ЖҚТБ-ға қарсы вакцина немесе дәрі жоқ.
1-жүргізуші: ЖҚТБ-ғасыр обасы.Адам денесінде Т-лимфоцит деп аталатын қан жасушаларының саны күрт төмендейді.Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адам ЖҚТБ-ға шалдыққан.ЖҚТБ-ға шалдыққан адам 10-15жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп,қолдауымыз керек.
2-жүргізуші: ЖҚТБ-ол вирус арқылы жұғады.Ол вирустар көзге көрінбесе де,адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді.Егер антиденелер өлсе,онда адамның иммундық жүйесі бұзылады яғни,әлсірейді.Ондай адамдар ауруға тез шалдығады.Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды.Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады.ЖҚТБ вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады.
1-жүргізуші: Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.Қазір біздің оқушылардың «Денсаулық-зор байлық» атты үгіт насихатын тыңдаңыздар.
Диана: Салауаттылық-сергек те,
Таза жүру өмірде.
Адамзаттық келбетке,
Дақ түсірмеу тегінде.
Нурдаулет: Балақай!
Болсаңда әлі қаршадай:
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбет те
Құру үшін сен саулық
Керек жақсы денсаулық.
Жансая: Денсаулық ол шыныққын,
Барлық денең мүшесі,
Денсаулық ол тыныққан,
Жүйке-тамыр жүйесі.
Денсаулық- ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Жулдыз: «Басты байлық-денсаулық»
Бабаң айтқан даналық,
Сақта жолын сен тауып
Осы шақтан балалық
Болар барлық мүшең сау,
Жүрсе жылдар бойыңда
Баяндалған осынау,ережелер ойыңда.
2-жүргізуші: ЖҚТБ вирусы мынадай жолдар арқылы жұғады:
1.Біреуге қан құйса
2.Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
3.Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тескенде
4.Жыныстық қатынас арқылы
5.Жұқтырған ананың баласына
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады.Жөтеледі,дене қызуы көтеріледі,басы айналып,тәбеті болмай,арықтай бастайды.ЖҚТБ-ның соңғы сатысы-өлім.Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді.Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан,өліп кетуі де мүмкін.
1-жүргізуші: Ал енді ЖҚТБ мынадай кездерде жұқпайды:
1.Амандасқанда,құшақтағанда,иіскегенде
2.Тамақта бір ыдыстан ішкенде
3.Бірге жуынып,орамалмен сүртінгенде
4.Ауа,су,ойыншық арқылы
5.Жәндіктер шаққанда
Бірақ сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер-ғасырлар бойы сұрыпталып,салмақтанып,кемелденген сөз асылы,парасатты,тәрбиелі,әділ сыншы,адал ақылшы ғана емес,сонымен бірге епті де есті емші- дей отырып оқушылардың денсаулыққа байланысты айтатын мақал-мәтелдерін тыңдаңыздар.
1.Ауырып ем іздегенше,(ауырмайтын жол ізде)
2.Ішпеген,шылым шекпеген,(жасайды жылдар көптеген)
6.Арақ-ішіп ішіне көшеді,(ақыл шөлмек ішіне түседі)
7.Тыста ұзақ жүргенің,(ұзақ өмір сүргенің)
8.Ішпеген,шылым тартпаған,(денсаулығын сақтаған)
Қорытындылау: (Пысықтау сұрақтары)
1.ЖҚТБ қалай жұғады?
2.Ал қашан жұқпайды?
3.ЖҚТБ-мен ауырған адам неше жыл өмір сүреді?
4.ЖҚТБ-ның қандай белгілері бар?
Мұғалім: СПИД деген-ғасыр уы,зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей,адамзат,бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық-жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын,мұңайма!
Балалар,әр адамның болашағы өз қолында,сондықтан нашақорлықтан,ішімдіктен,темекі шегуден аулақ болайық.Денсаулығы мықты жастар еліміздің,ұлтымыздың болашағы екенін ұмытпаңдар-дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!