| Сынып | 8A | Күні | |
| Пән | Қазақ тілі |
| Тақырып | Хабарлы сөйлем |
| Мақсаты: | білімділік – Хабарлы сөйлемге байланысты оқушылар білімін нығайту, |
| дамытушылық – топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, сын тұрғысынан ойлауға, салыстырмалы талдау жасауға үйрету, |
| тәрбиелік – ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, топтық жұмыстағы өзара сыйластыққа үйрету, |
| Сабақтың типі | Аралас сабақ |
| Сабақтың түрі | Топтық түрдегі сабақ |
| Көрнекілік | Үлестірмелі материал: маркер, ашық сұрақ парағы, бағалау критерийлерінің парағы. |
| Әдіс-тәсіл: | | Топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, өзара бағалау, диалогтік тәсіл. |
| Күтілетін нәтиже | | Оқушылар өз ойларын жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдау арқылы өзара сыйластық ахуалды қалыптасады, бағалау критерийлері берілгендіктен оқушылар талапты алдын-ала біледі, ортақ қорытынды шығарады. |
| Тапсырмалар | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
| | | 1.Ұйымдастыру 2. Қызығушылығын ояту: «Миға шабуыл» әдісімен сұрақтар 3. Жаттығулар орындау: 4 Ережелер сөйлейді 5.вен диаграммасын орындату 6. Жаттығумен жұмыс Үй жұмысы Қалай орындау керектігін түсіндіру | 1.Топқа бөлінеді 2. «Миға шабуыл» (сұраққа жауап беру арқылы тақырыпқа назары ауады 3 Жаттығуды орындауды (күрделі сөз бен тұрақты тіркестерді табады) 4 Ережелердің анықтамасын айтады 5 Жаттығу жұмысын жасау. . |
| Сабақтың барысы: |
| Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу 3. түрлі түсті қағаз таратып 4 топқа бөлу, топ атауын құрастыру, топ басшысын анықтау. |
| Үй жұмысын сұрау: Үйге берліген 15-жаттығуды сұрау «Миға шабуыл» әдісі: 1. Сөйлем дегеніміз не? 2. Синтаксис дегеніміз не? 3. Сөйлемде сөйлем мүшелері бола ма? |
| Жаңа тақырып: |
| Хабарлау, баяндау,суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.Мысалы Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады.(бұл жерде іс оқиғаның болып жатқанын білдіреді) Хабарлы сөйлем іс әрекеттің болымсыздығын да білдіреді. Мысалы; Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды.Хабарлы сөйлем айтушы көзқарасында білдіреді. Мысалы; Ақ сүтін беріп, аялап өсірген анаңды қалай сүйсең, еліңді де солай сүю,қасиетті борышың Жаттығу жұмысы 16 –жаттығу | «Жаттығу жұмыстың» бағалау критерийлері | Топтың аты, балы | | | | | Хабарлы сөйлемді ажырата білу. | | | | Суреттеу мақсатын ажырата білу . | | | | Баяндау мақсатын ажырата білу | | | | Қорытынды ұпайлар. Суммативті баға | | | Әр критерий 1, 2, 3 ұпайлармен бағаланады. Содан критерий ұпайлары қосылып баға шығарылады. 13-15 бал «5», 10-12 бал «4», 7-9 бал «3», 4-6 бал «2» бағалары қойылады. 2-тапсырма. «Ережелер сөйлейді» Әр топ қарсы топтарға бір жабық сұрақтан қояды. Сонда әр топ барлығы 3 сұрақ құрастырады. Сабақта осы тапсырма бойынша 6 сұрақ, 6 жауап қаралады. Сұрақты құру топтық жұмысына 2 минут беріледі. Бағалау критерийлері үлестіріледі: | «Ережелер сөйлейді». Бағалау критерийлері | Топтың аты, балы | | | Сұрақ нақты, түсінікті, дұрыс құрастырылған болу керек. | | Жауап қысқа да нұсқа болу керек. | | Сұрақ қою, жауап беру жұмысына 3 минут беріледі. Мысалы: |
| Кітаппен жұмыс 17-жаттығуды орындату Мәтінге тиісті тыныс белгісін қойып, хабарлы сөйлемдерді табу Үйге тапсырма 18 жаттығу. Мәтіндегі хабарлы сөйлемдерді тауып, ерекшеліктерін анықтау |
| Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау : | |
| . Бағалау критерийлері: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, формативтi бағалау Қосымша мәліметтер қамтылу керек. Жауап нақты болу керек |