|  Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде  7 септік түрі бар. Атау септік ойдың, іс-әрекеттің иесін білдірді.Бала(кім?) жүгірді.Ілік септік зат кімнің меншігі екенін,  не нәрсеге тән екенін білдіреді: Асқардың(кімнің?) қаламы.Барыс септігі іс қимылдың бағытын,мекенін, мезгілін білдіреді: Мектепке (қайда?)барды.Табыс септігі іс-қимылдың объектісін білдіреді, яғни затты нұсқайды: суретті(нені?) көрді. Жатыс септік іс-қимылдың орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді:тауда (қайда?) өседі.Шығыс  септік заттық мағынаны, затт істелу тегін, әрекеттің шығуын көзін,мезгілін, мекенін білдіреді: үйден (қайдан?)шықты. Көмектес  септігі іс-қимылдың амалын, істелу құралын, бірлестікті білдіреді: Асқармен(кіммен?) бірге істеді.       Зат есім көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді.  Зат есімнің  септелуі  Атау септік  су                          гүлдер  Ілік септік    су-дың                  гүлдер-дің  Барыс септік су-ға                     гүлдер-ге  Табыс септік су-ды                    гүлдер-ді  Жатыс септік су-да                    гүлдер-де  Шығыс септік су-дан                 гүлдер-ден  Көмектес септік су-мен              гүлдер-мен  Септеу  Атау:  Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,  Байсалды да, ақылды да Марат бар.  Ілік:  Жеке басым ең алдымен Мараттың  Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.  Барыс:  Сенбейсің бе, күнделікті парақта:  Талай бестік қойылыпты Маратқа.  Табыс:  Батыл емес дей  алмайсың Маратты,  Сол үйретті ауылдағы бар атты.   Қолдану бөлімі.Тақтамен жұмыс. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |