Просмотр содержимого документа
«"Ту?ан жер" (диктант), "Тілден арты? ?азына жо?" разработки уроков»
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Туған жер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сауатты жазуға үйрету. Жазу кезінде ережелерді қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту. Туған жер туралы қосымша мәлімет беру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшімен сұхбат.
Дәптерлерді тарату.
Жаңа сабақ:
Оқушыларды мәтінмен таныстыру.
Туған жер
Туған жер - мекен тұрағың, аялы үйің. Өз үйіңнің сәулетті болғанын кім қаламайды! Сондықтан туып өскен жерінің гүлдене беруіне үлес қосу - әрбір адамның, баланың парызы. Сенің балаң екенмін деп, қарап қалуға құқың жоқ. Қолыңнан келетін істі еліңе, жеріңе арна! Туған жеріңнің гүлін, шалғынын, ағашын қастерлеп қорға. Жаңа гүлдер егіп, ағаш отырғыз! Солар өзіңмен бірге өссе келешекте жеріңді нуға бөлейді. Үлкейген соң демей, осы бастан кішкентай болса да, бір істі тындыра берген абзал. (72 сөз)
Мәтінді тағы бір мәрте оқып шығу.
Сөйлемдерді жазғызу. Тексеру.
Толық мәтін жазылып болғаннан кейін, толық тексеру жүргізу.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тілден артық қазына жоқ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.
Дамытушылық: Нақыл сөздердің мағынасын ашу арқылы ойларын, білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: тілді үйренуге құштарлықтарын ояту.
Көрнекілік:
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім кезекші?
ІІ.Жаңа сабақ.
І тапсырма. Берілген нақыл сөздерді оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажеттілігін түсіндіріңдер.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырза Әли)
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда ақ берген білім. (С.Торайғыров)
Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем тіл. (М.Әуезов)
ІІ тапсырма. Кесте бойынша тілдің қоғамдағы рөлін сипаттау.