| Пәні: Қазақ тілі | Күні: 14.12.15 жыл | 8- «А», «Б», «В» сыныптары   | 
  | Сабақтың тақырыбы:   | Жақты және жақсыз сөйлемдер | 
  | Мақсаты: | 1. Білімділік: Жақты және жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын өздігінен іздену арқылы танып білу. 2. Дамытушылық: Оқылым тапсырмалары бойынша ақпаратты түсіну , өзіндік көзқарасын білдіруге дағдылану. 3. Тәрбиелік: Адалдық, шыншылдыққа тәрбиелеу. | 
  | Күтілетін нәтиже | 1. Жақты және жақсыз сөйлемнің жасалу жолын біледі. 2. Өз бетінше жақты, жақсыз сөйлем құрай алады. 3. Оқылым тапсырмасы бойынша ақпаратты түсініп, өзіндік көзқарасын білдіре алады. | 
  | Сілтеме |  Қазақ тілі 8- сынып Тұрсынова Г.Т; Қасымбек А.А, Нұрғазы А.Н.Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары әдістемелік құралыҚазақтілі пәнінен Б.Блум таксономиясы деңгейінде оқу тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі. Қ. Ә Қылышбаева, Интернет желісі; | 
  | Негізгі идеясы | Оқушының оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін, белсенділігін дамыту, мақсатқа өзінің іс- әрекетімен жетуге бағыттау.   | 
  | Ресурстар | А3 қағазы, маркер, оқулық, Шын кітапшасы,таратпа материалдар, АКТ арқылы таныстырылым, мәтін   | 
  | Қолданылатын модулдер 
 | "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер -Диалогтік оқыту, СТО, АКТ; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. | 
  | Әдіс- тәсілдер | "Ұжымдық әңгіме", "Төрт сөйлем", "Попс формуласы", "Блум деңгейлік тапсырмалары" , «Ым мен ишара» ойыны , "Ара ұясы" стратегиясы | 
  | Пәнаралық байланыс   | Әдебиет, өзін- өзі тану. | 
  | Сабақтың өтілу уақыты | 45 минут | 
  | Сабақтың барысы | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. | 
  | Үйге тапсырма | Оқулық бойынша 101 жаттығу. Жақты сөйлемдерді жақсыз сөйлемге айналдыру. Қызықты мәтін тауып келу. | 
 
          | Ойлауды Б.Блум бойынша жіктеу | Мақсат | Тапсырма түрлері | Күтілетін нәтиже   |  Бағалау | 
 | 
  | Критерий-лер | Дискрип-тор | Ұпай   | 
  | Білу 7 минут | Өткенді еске түсіру, танып білу. | "Ұжымдық әңгіме " әдісі 1- топ. Анықтауыш, 2- топ. Толықтауыш, 3- топ. Пысықтауыш, 4- топ. Оқшау сөздер.   Бұл тақырыптардың біз үшін маңызы қандай? Жаңа сабаққа бағыттау: Сөйлем дегеніміз не?   Айтылу мақсатына қарай қандай түрлерін белесіз?  Жай сөйлемнің неше түрі бар екен? 
 | Өтілген тақырыптарды еске түсіреді. | Өткен тақырыптарды толық, дәлелмен жеткізе білуі | Нақты Жаңылы-сады Жеткізе алмайды   | 3 
 2 
 1 | 
  | 
 Түсіну 8 минут   | Өз ізденісі, пайымы нәтижесінді тақырыпты өзіндік зерделеу арқылы түсіну | Жаңа сабақ:   Бүгінгі сабаққа ұран шығару. 1. Зейін қойсаң 2. Ізденсең 3. Талаптансаң- Әрі қарай ойды жалғастырамыз Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табу арқылы жақты сөйлем екенін түсінеді. Сөйлемдерді толықтыру   1.Менің қайта тыңда-------------м келмеді 2.Сол оқиғадан соң --------------- (тұрақты тіркес) 3. Одан көп нәрселерді үйрен -------- болады   4. Мерзімінен бұрын кел -------- мүмкін. 5. Нені айтып отырғанын түсін ------ болмайды арқылы жақсыз сөйлем жасайды. Жақты жақсыз сөйлемнің ерекшелігін айтады. | Белсенді ойлану, нақты дәлелдерді тұжырымдау негізінде жаңа сабақты өз бетінше ізденене отырып түсінеді. | Өз ойын өз сөзімен білдіру қабілеті | Жоғары   Орта   
 Төмен | 
 3 2 1 | 
  | Қолдану 7 минут | Өтілген материалдарды нақты жағдайда қолдана білу білігін қалыптастыру. | "Патшаның даналығы" мәтінінің идеясы негізінде жақты, жақсыз сөйлем құрастыру, оқу. 
 
 | Мәтіннің мазмұны арқылы жақты жақсыз сөйлем құрай біледі. | Өз бетінше жұмыс жасауға бейімделеді   
 | Жоғары   Орта   
 Төмен | 
 3 2 1 | 
  | Сергіту сәті   3 минут | Бойдағы қысымнан арылтып, жаңа серпіліс жасау.   | Жұптық жұмыс. "Ым- ишара" ойына. Мәтін мазмұны негізінде 1- оқушы 3 жақты сөйлемді ым- ишара арқылы түсіндіреді, 2- оқушы жазады. | Айтылымның ішкі дағдылары, вербальді емес тілді қолдана білуге үйренеді. | 
 | 
 | 
 
 
 
 | 
  | Талдау 10 минут   | Өзіндік зерттеу арқылы оқушылардың ой- өрісін дамыту,тәжірибеден өткізу. | Мәтінді талдау жұмыстары: 1- топ. "Төрт сөйлем"   2- топ. "Попс формуласы",   3- топ. Блум деңгейлік сұрақтары 4- топ. "Попс формуласы" | Оқылым тапсырмалары бойынша ақпаратты түсіну , өзіндік көзқарасын білдіруге дағдыланады.     | Зерттеп зерделей алу қабілеті | Жоғары   Орта   
 Төмен | 3 2 1 | 
  | Жинақ-тау 5 минут |  Бүгінгі сабақта алған білімін жинақтау. | "Ара ұясы" Бүгінгі сабақ бойынша әр топ 2 сұрақ әзірлейді. | Алған білімі бір жүйеге келіп, пысықталады. | Тақырыпты толық меңгеруі 
 | Жоғары   Орта   Төмен | 3 2 1 | 
  | Бағалау 5 минут   | Сабақта алған білімді шығармашылықпен шыңдау тақырып бойынша өз ойын білдіру, баға беру. | "Өтіріктің арбасы - шындықтың көпірінен өте алмайды" немесе "Шындықтың шырағы дауыл соқса да сөнбейді" тақырыбында ой толғау. Ондағы қолданған жақты, жақсыз сөйлемдерді анықтау. |  Ойлау қабілеті дамиды, пайыммен сөйлей білуге бейімделеді. | Креативті ойлай отырып, өз сөзімен нақты жеткізе білуге үйренеді. | Жоғары   Орта   
 Төмен | 
 3 2 1 |