|  Ұйымдастыру кезеңі. Әдісі: «Көңілді күн» әні; сабақтағы қарапайым ережелер; көрнекілік: топқа бөлуге арналған қағаздар, А3 қағазы. 
 
 Күтілетін нәтиже: балалардың көңіл-күйін көтеріледі, сабаққа деген жауапкершілігін арттырады.   | - сәлемдесу; - кезекшімен сұхбат; - топқа сөздер арқылы бөлемін:   1-топ: «Сөз тіркесі»; 2-топ: «Тұрлаулы мүше»; 3-топ: «Интонация» Топ басшысына бағалау парақшасын беремін. - балаларды сергіту мақсатында ән қоямын. - сабақтың қарапайым ережелерімен оқушыларды таныстырамын: 1. Сабақта тыныштық сақтаймыз; 2. Бір-бірімізді тыңдаймыз; 3. Рұқсатсыз орнымыздан тұрып жүрмейміз және айғайлап сөйлемейміз; 4. Сұраққа толық жауап береміз; 5. Мемлекеттік тілді құрметтеп, қазақ тілінде ғана сөйлесеміз. Ал, балалар, сабағымызды бастайық, санамызды бір серпілтіп тастайық. Ортамызды білімменен толтырып, Қошеметтеп, бір-бірімізді қостайық. | Балалар әннің желісімен билейді. 
 
 Мұқият тыңдап, өз іс-әрекеттерін қадағалайды. | 
 | 
  |  Үй тапсырмасын тексеру Әдісі: «Блум түймедағы» 
 Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыптарды естеріне түсіреді.   | Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, жаңа тақырыбымыз ашылады.   Сұрақтары: 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Атап шық. 2. Оқшау сөздер туралы не білесің? 3. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ата. 4. Есім сөздерді ата. 5. ЖАРАЙСЫҢ!!! 6. Мақал – сөздің мәйегі. | Әр топ кезек-кезек сұрақтарын таңдап, жауап береді.  9: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,еліктеу сөз, одығай, шылау.Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш және баяндауыш, ал тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.З ат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік.Осы санды таңдаған оқушы ешқандай сұрақсыз «+» алады.Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте; Отан оттан да ыстық т.б. | 
 | 
  |  Жаңа сабақты түсіндіру.   Әдісі: «Зу-зу» «Жұмбақ қорапша»   Кітаппен жұмыс;   «Қарама-қарсы»; Синквейн; 
 
 Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз бетімен оқып түсінеді және өзге оқушылардың түсінуіне ықпал жасайды. Оқушылар сөз тіркесі мен сөйлемні ажыратады, мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді.   | Оқушыларға мәтінді оқып шығуға 5 минут уақыт беремін. 
 Қорапшаның ішінде сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер болады. Күзге қараған кез. Бар. Жоқ. Алақай. Әттеген-ай. Суретті әдиі салыпты. Пай-пай, шіркін! Аслан мектептен ерте келді. Байпаң-байпаң жүреді. Ой, жігіттер! Немене? Қайырлы түн! Ай жарық.   11-жаттығу. Ауызша. 12-жаттығу.Тақтамен жұмыс. әр топ өздері таңдап 1 сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
  Қима қағаздарды таратамын, онда мақал-мәтелдер мен сөйлемдер жазылған.   1-топ: Мақал-мәтелдерді сөйлеммен жаз.     ердің сәні – білім.     Сөйлемді мақал-мәтелге айналдыр:  - Өзге жерде жүрсе де отанын ұмытпаған азаматтар сылауға тұрарлық.  2-топ: Мақал-мәтелдерді сөйлеммен жаз.  - Жауда қалған бұлбұлдан, отанға қайтқан ит артық;  - Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді;  - Отан үшін күрес, ерге тиген үлес.  - Отанын сатқан оңбас.  Сөйлемді мақал-мәтелге айналдыр:  - Жақсы ұстаздың шәкірті мықты болары сөзсіз.  3-топ: Мақал-мәтелдерді сөйлеммен жаз.  - Отаның тыныш – сен тыныш;  - Отансыздың оты жанбайды;  - Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.  - Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.  Сөйлемді мақал-мәтелге айналдыр:  - Ананың ақ сүтін ақтау барлық азаматқа парыз. Шығармашылық жұмыс 3 мин: 1-топ: Ойтолғау: «Менің асыл арманым»   2-топ: Өлең жолдарын жалғастыр:   Өсірген мәуелетіп....... Сүйемін...... Өмірден өзге....... Өзімдей құрметтесе........! 3-топ: «Синтаксис» сөзіне 5 жолды өлең: 1) Бір зат есім – сөйлем 2) Екі сын есім; 3) Үш етістік; 4) Бір толық сөйлем; 5) Бірінші зат есімге синоним. 
 
 | Әр оқушы жеке-жеке жарты дауысымен зу-зу едіп мәтінді оқып шығады.Содан кейін топтар өз атауы бойынша тақырыпты ашыды, және сөйлемге өз беттерімен анықтама береді.   
 -Оқушылар өз еріктерімен шығып қорапшадан бүктелген парақшаларды алады және оның сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем екенін айтады қалған оқушылар тексереді. - Мақал-мәтелді сөйлеммен, ал сөйлемді мағнасына сай мақал-мәтелге алмастыру. Бұлар сөйлемге жата ма, жатпай ма? Себебін атайды. -1-топ: Оқушылар өз дәптерлеріне қысқа ойтолғау жазады. Құрастырған мәтіні сөйлемнен құралғанын дәлелдейді; 2-топ: Өлең жолдарын жалғастырып, сөйлеммен мағынасын түсіндіреді. Өсірген мәуелетіп санам гүлін- Сүйемін бабам тілін, анам тілін! Өмірден өзге бақыт тілемеймін, Өзімдей құрметтесе балам тілін! 
 | 
 | 
  |  Қорытынды Әдісі: Рефлекссия 
 
 Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сабақтың барысын бір рет ойша шолып шығады, сабақ туралы өз ойымен еркін жеткізеді.   | Сұрақтар: -Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен? -Бүгін не білдіңіз?   -Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз? -Сабақта қандай қиындықтар туындады? -Кім сізге көмектесті? -Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? | Оқушылар шеңберге тұрады да, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. | 
 |