| Уақыты: 12.01.2016 |  Қазақ тілі 
 | Мұғалім: А.Абитаева | Сынып: 8 | 
  | Сабақ тақырыбы: | Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем | 
  | Жалпы мақсат: | а) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем турлы түсінік беру; ә) Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде жеке тұлғалық қабілетін ашу; б) Отаншылдыққа, білімпаздыққа, достыққа адал болуға тәрбиелеу; | 
  | Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілін оқыту әдістемесі   Үлестірме материалдары | 
  | Оқу нәтижесі: |  Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау | 
  | Сабақта қолданылатын материалдар: | Интербелсенді тақта, қима фигуралар, постер, маркерлер, стикерлер, желім, қайшы, оқулық, суреттер. | 
  | Оқыту әдістері: |  Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық. | 
 
      | Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу   | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының   іс-әрекеті | 
  | Оқушылар назарына «Қазақстан шетелдіктердің көзімен» видеоролигін ұсынады.   | Оқушылар видеоролик бойынша өз пікірлерін айтады. | 
  | Қызығушылықты ояту |  «Аукцион» тапсырмасы арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Берілген жауабына қарай символдар беру | Талдайды, жинақтайды, қорытады, топқа бөлінеді. 
 | 
  | Жаңа тақырып   |  Тақтаға бір сөйлем жазып, сөйлемнің салалас құрмаластың қай түріне жататынын анықтауды тапсырады.  «Жақсы сөзді ел жаттар, өйткені ел жаттар сөзде салмақ бар»  Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жаздыртады. 
 | Сөйлемді анықтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазады. | 
  | Тапсырма | Екі топқа да тапсырма береді. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем және оның ыңғайлас салалас құрмаластан айырмашылығы. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем және оның ыңғайлас салалас құрмаласпен ұқсастығы 
 | Оқушылар топ болып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды. | 
  | Оқулықпен жұмыс | 150 – жаттығу. Мәтіннің мазмұнына байланысты себеп-салдар салалас құрмаласқа 5 сөйлем құрастырып жаз деген тапсырма береді. 151 – жаттығу. Жалғаулықты немесе жалғаулықсыз дауыс ырғағы арқылы байланысқан салаласқа екі-екіден өз ойларыңнан мысал келтіріңдер деген тапсырма береді. 152, 153 – жаттығуларды жеребе таңдау арқылы орындатады. | 150 – жаттығуды оқиды, тапсырманы орындайды. 
 
 151 – жаттығуды жекелей орындайды. 
 
 
 
 152, 153 – жаттығуларды берілгені бойынша орындайды. | 
  | Сергіту сәті | «Сағат достар» тренингісін өткізеді. | Тренингке қатысады. | 
  | Шығармашылық жұмыс   | «Кім жүйрік?» марафонын ойнату (ауызша) 
 | Оқушылар сызбаға байланысты мысалдар ойлап табады. | 
  | Қорытындылау | Перфокартамен жұмыс. Әр оқушыға жеке таратып береді. | Оқушылар перфокартаны толтырады. | 
  | Үйге тапсырмасын беру   | 154 – жаттығудың берілгенін түсіндіреді. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу | 
  | Бағалау   | Формативті бағалау   | Топтардың бірін-бірі бағалауы | 
  | Рефлексия | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру | Тақтада ілулі тұрған «Тілек ағашына» стикерлерін жапсырады. |