Мектеп: № 34 А. Тайманов атындағы мектеп-гимназия 
 Пәні: Өзін – өзі тану  
 Тақырып:  «Махаббат - өмір мәні»  №10 сабақ
 Құндылық: Сүйіспеншілік
 Қасиеттер: Өмірге сүйіспеншілік, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету.
 Мұғалiм – Есенова Д.Д                       Сынып -5 «Б» 
Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірдің сүйіспеншілік құндылығындағы мәнін ашу.
 Міндеттері:
 Оқушыларға риясыз сүйіспеншілік құндылығының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
 Балалардың бойындағы кешірімшіл болу,  адалдық, сенімділік, ізгілік қасиеттерін дамыту;
 Оқушыларды өз анасын, жақындарын,  достарын, айналасындағы адамдарды риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
 Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін          «5-Т» (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) қайталау.
 Тыныштық сәті. «Ойша теңіз түбіне саяхат жасау»
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеру.
 Үй тапсырмасына №9 тақырыптағы   (36-37 бет) З. Воскресенскаяның «Ана» атты әңгімесін оқып, өз түсінігі бойынша толықтырып келу берілген.
 Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
 1. Ана деген ұлы ұғымды қалай суреттер едіңдер?
 2. Ананың өз перзентіне деген шексіз сүйіспеншілігі жайлы не айтасыңдар?
 3. Неліктен адам есейіп кетсе де анасының махаббатын аңсайды?






 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    