Б?гінде біз тамашалап ж?рген заманауи Олимпиада ойындарын ал?аш ойлап тап?ан Пьер де Кубертен 1912 жылы атал?ан са?иналарды да танымбелгі ретінде ?сын?ан екен. Бес д??гелек д?ниені? бес б?лігін білдіреді.: Америка, Еуропа, Азия, Африка ж?не М?хиттар. Солт?стік ж?не О?т?стік Америка бір ??рлы? ретінде ?аралса, Антарктида ол кезе?де назарда болма?ан к?рінеді.
Олимпиадалы? бес са?ина 1914 жылы за?ды т?рде ?абылданып, 1920 жылы Бельгияда?ы Олимпиада?а сын?а т?сті.
М?тін бойынша с?ра?тар:(О?ушылырды? жауаптарына фишкалар таратылады)
1. Олимпиада ойындарын кім ойлап тап?ан?
2. Олимпиаданы? белгісі ?андай?
3. Са?иналарды? т?стері ?андай?
4. Са?иналар нешеу?
5. Бесеу – сан есімні? ?ай т?рі?
6. ?ай жылы за?ды т?рде ?абылдан?ан?
7. М?тіндегі сан есімдерді атап шы?ады, т?рлерін ажыратады.
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары. Спорт. Сан есім»
Мұғалімі: Сүлейменова Альбина Сансызбайқызы
Павлодар қаласы
№16 лицей-мектебі
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ. Спорт. Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Спорт модулі бойынша алған білімдерін пысықтау. Сан есімнің түрлерін қайталау.
2. Лексикалық қорды байыту, қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алу қабілеттерін дамыту.
3. Салауатты өмір сүруге баулу, спортпен шұғылдануға насихаттау.
Сабақтың түрі:
Қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
АҚТ, кесте қағаздары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- «Біз бақытты балалармыз» тілді жаттықтыруға арналған әні айтылады
- Амандасу
- Кезекшінің жауабы
- Үй жұмысын тексеру
Мұғалімнің сөзі: - Балалар, бүгін спорт тақырыпшасын қорытындылаймыз. Әр оқушы өз дәптеріне бүгінгі сабаққа өзіне қойған мақсаттарын жазады.(жазған мақсаттарын тексеру) .
Оқушылардың дұрыс жауаптарына фишкалар беріледі. Сабақтың соңында фишкалар саналып, баға қойылады.
Балаларға сұрақтар қойылады, жауаптарына фишкалар таратылады.
1. Спорттың түрлерін атаңыздар?
2. Лондонда олимпиада қай жылы өтті?(2012 жылы)
3. 2012 саны дара сан есім бе, әлде күрделі сан есім бе?[font=Times New Roman][/font]
4. Қазақстанның қандай белгілі спортшыларын білесіздер?
Сөздік жұмысы: - Сөздерді еске түсіреміз. Оқып щығамыз, сөз тіркестерін құрастырамыз. (Фишкалар таратылады)
Заманауи – современный
Ойлап тапқан – придумал
Сақиналар – кольца
Таным белгі – обозновательный
Ұсынған – предложили
Құрлық – материк
- Прақшадағы 127 беттегі мәтінмен танысайық
Бүгінде біз тамашалап жүрген заманауи Олимпиада ойындарын алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да танымбелгі ретінде ұсынған екен. Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді.: Америка, Еуропа, Азия, Африка және Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антарктида ол кезеңде назарда болмаған көрінеді.
Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде қабылданып, 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадаға сынға түсті.
Мәтін бойынша сұрақтар:(Оқушылырдың жауаптарына фишкалар таратылады)
1. Олимпиада ойындарын кім ойлап тапқан?
2. Олимпиаданың белгісі қандай?
3. Сақиналардың түстері қандай?
4. Сақиналар нешеу?
5. Бесеу – сан есімнің қай түрі?
6. Қай жылы заңды түрде қабылданған?
7. Мәтіндегі сан есімдерді атап шығады, түрлерін ажыратады.