Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
 Мақсаты:
 1.Оқушылардың сөздік қорын молайтып, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын жетілдіру.
 2.Оқушылардың қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
 3оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанды қорғауға тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
 Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу,салыстыру,топпен жұмыс , баяндау.
 Көрнекілігі: презентация,қосымша материалдар, интертақта.
  Ұраны
  Туған жердей жер болмас,
  Туған елдей ел болмас!
  Барысы
 𝐈.Ұйымдастыру кезеңі. Мемлекеттік әнұранды орындау. Тілек айту бір-біріне.
 Топпен жұмыс:
 𝐈𝐈. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге не берілді? –Септіктерді қайталау. Сөздерді септеу . Тексерейік.
 Интерактивтіктақтада:
 Тапсырма: Берілген сөздерге жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап жаз;
 Қала ( тың,ның,дың), қала (ка,ке ,на,ға),қала( ты,ды,ны),қала(де,та,на,да , қала(на,тан,дан ), қала( пе,бен,мен ).
 𝐈𝐈𝐈.Сабақтың мақсатын,ұранын айту.
 𝐈V.Бекіту. Жаңа тақырыпқа көшу. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  1.Презентацияны көрсету.
  2. Жаңа сөздермен таныстыру.
 Еркін –свободный, өсімдіктер-растения, ата-бабалар-предки,мемлекеттік рәміздер- государственные символы.
  3. Топпен жұмыс.Әрбір топқа мәтін беріледі. Мәтінді топпен мұқият оқып, кластер жасайсындар. Сосын оны қорғайсындар. Мәтіндер жаңа тақырыпқа сай.
  4. Сергіту кезеңі.
  5.Сөздік жұмыс; Керекті сөздерді қойып жазыңыз.
 А.Қазақстанда халықтар ... өмір сүреді ( еркін ).
 Ә.Неше түрлі ... бар.( өсімдіктер).
 Б.Ту,Елтаңба,Гимн- Қазақстанның ... ... (мемлекеттік рәміздері).
 6. Өлең оқы . Тақырыпқа сай мәнерлеп оқу.
 V. Қорытынды:Отан сөзді қалай түсінесіңдер?
  -Қазақстан Республикасы
  - Біздің еліміз
  - Туып өскен жеріміз.
 V𝐈.Оқушы білімін бағалау:
         |   Оқушының аты-жөні   |    Үй тапсырмасы   |    Мәтінмен жұмыс   |    Сөздік жұмыс   |    Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру   |    Қорытынды баға   |  
  |        |         |         |         |         |         |  
 
 
 
 V𝐈𝐈.Үйге тапсырма: 81 бет, мақал-мәтелдерді жаттау.
 V𝐈𝐈𝐈.Рефлексия Нені білдік? Нені білеміз?