| Тыңдалым тапсырмасы. «Қазақтың ұлттық құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа қолөнер бұйымдары арқылы аманат болып келеді» атты «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңалықтарын тыңдаңыздар.  1-тапсырма. Бос орынға керекті сөз бен сөз тіркесін жазыңыз.    Қазақтың ұлттық құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа ... ... арқылы аманат болып келеді.    Әр өңірде халқының өнерін дамытып жүрген ... бар.  Қоржын ... жасалады.  Қолөнер шебері ... ... дамуына үлес қосып келеді.    Дұрыс жауаптары :    Қазақтың ұлттық құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа қолөнер бұйымдары арқылы аманат болып келеді.    Әр өңірде халқының өнерін дамытып жүрген шеберлер бар.  Қоржын кигізден жасалады.  Қолөнер шебері ұлттық қолөнердің дамуына үлес қосып келеді.    2-тапсырма. Төменде берілген сөздердің синонимін жазыңыз.      Бұйым - зат  Өңір – аймақ, өлке  Күш – қайрат, жігер.  3-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.  Шебер, әшекей, ою-өрнек, шеберхана, ұлттық киім.  
  Бағалау. Оқушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің жұмысымен алмасып, танысады, дескрипторлар бойынша бағалайды.    
     |  Критерий   |  Дескрипторлар: |   |  Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді; 
 |  Сөздердің синонимін анықтайды;  Сөздердің мағынасын түсіндіреді; |   |  Тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;  
 |  Тірек сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;  Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.    
 |   Мұғалім оқушылар жұмысына кері байланыс береді.   |