Сабақтың әдісі: тест әдісі, түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды түгендеп, оқушы
назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.315-жаттығу. Одағайларды кірістіріп сөйлем құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
1.Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ, аһ, әй, еһе, әттең т.б.
2. Жекіру одағайлары жекіру,тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә т.б.
3. Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ.
Одағайдың толық мағынасы болмайды. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Одағайдың емлесі
Одағай сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Пәлі, әнің құлақтың құрышын қандырғандай екен!
Одағай сөйлем ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Тұрсам, о тоба – ай, айнала көк шалғын!
Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдына үтір қойылады.
Мұны бастаған кім, ә! Соны айтшы, бәсе!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады.
Құрау-құрау, пай-пай, шөре-шөре.
Әдетте одағайлы сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары.
316-жаттығу Одағайларды тауып түрлеріне қарай ажырату.
«Түлектерге тіл қату» ойыны
Қазақ малсыз күн кешпеген
Түйе – байлық
Қой – мырзалық
Ешкі – жеңілдік
Жылқы – сәндік
Сиыр – ақтық – деп, қазақ төрт түлікті аса бағалаған. Төрт түлік малдың әр қайсысын қалай шақыруға болатынын кім біледі? Кәне, кім білімпаз екен?
Қой баласын – қоңырым,
Ұя бұзбас момыным.
Шопан ата түлігі-
Қошақаным, қайдасын?
Пұшайт!
Пұшайт!
Жүнін жұлса бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өскен жануар,
Шөкетайым, қайдасын?
Шөре!
Шөре!
Жолға шықса – көлігім,
Жапанда жүрсем – серігім.
Қамбар ата өсірген,
Құла атым менің, қайдасын?
Құрау!
Құрау!
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған,
Көкке мұрнын шүйіріп,
Зеңгі баба өсірген.
Әукешім, менің қайдасын?
Аухау!
Аухау!
Мал қайыру
Қажет болған мезетте,
Атам малын кезекпен
Тәк-тәк-тәк, - деп биесін,
Шөк –шөк-шөк, -деп түйесін,
Өк-өк-өк, -деп сиырын,бұзауын,
Жік-жік-жік,-деп ешкі, лағын,
Шәйт-шәйт-шәйт, -деп қой, қозысын,
Қайтарады, тыяды
Бітіреді тез ісін.
3. Ұрпағын «тек» деп өсірген
- Тек, тәйт, жә деген сөздерді қай кезде естідіңдер?
- Қандай ырым-тыйым сөздерді білсіңдер? (Дастарханды баспа, үйді
айнала жүгірме, жер таянба, тізеңді құшақтама)
Тыйым сөздер неге үйретеді:
-Жаман әдет, жат пиғылдан сақтауға
- орынсыз қылық, істерді жасамауға
- артық сөйлемеуге
4.«Айһай - дүние – ай......»
Көңіл – күй одағайларын тану үшін танымдық барлау ойынын жүргіземіз. Тақтаға оқушыларды шығарып көңіл-күй одағайы қатысқан сөйлемдерді оқытамын.
V.Сабақты қорытындылау.
Пысықтау сұрақтары.
Одағай нені білдіреді?
Одағай сөздерде толық мағына бола ма?
Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
Одағайдың қандай түрлері бар?
VI. Үйге тапсырма беру. 317-жаттығу. Көркем әдебиеттен одағай