контрольная работа по теме "моя семья". для 6 класса
            
                Просмотр содержимого документа
                
                «Нәтиже сабақ "Менің отбасым"»
            
            
                                                              17/09/13
  6 сынып.  
  Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. «Менің отбасым». № 8. 1 тоқсан № 8.
  Сабақтың мақсаттары:
  -  Білімділік: 1 модуль бойынша алған білімдерін тапсырмалар арқылы пысықтау, бекіту жұмысын жүргізу.   
-  Дамытушылық: Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру. 
-  Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға тәрбиелеу. 
 Сабақтың типі: бекіту.
  Сабақтың әдісі: практикалық.
  Сабақтың барысы:
  -  Ұйымдастыру кезеңі. 
 Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.
  -  Дайындау. Ережені еске түсіру: Дауысты дыбыстардың жіктелуі. 5-бет.   
 3.Қайталау. Сөздерді қайталау. 4-бет.  
  7. Бекіту. Нәтиже сабақ. «Менің отбасым».
  6. Тексеру: Тапсырмалармен жұмыс:
  1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
   -  Сызбаны толтырыңдар. 
    | Езулік дауысты дыбыстар. | Еріндік дауысты дыбыстар. | 
  | 
 | 
 | 
 
  
 
  2-тапсырма. Сөздердің аудармасын табыңдар.
     | 1.ауысым | а/пешком | 
  | 2.шөбере | ә/смена | 
  | 3.жаяу | б/предлагать | 
  | 4.ұсыну | в/правнук | 
 
  
 
  3-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құраңдар.
  1 2 3 4 5 6
  Кірдік есіктен екеуіміз алдыңғы ішке анам
  4-тапсырма. Мына талдау дұрыс па?
  Нем-ере – 2 буын, 1,2-ашық буындар.
  а/иә
  ә/жоқ  
  
 
  II. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
  1.Дауысты дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңдер.
  2.Үндестік заңының ерекшелігі не?
  3.Өз отбасыларың туралы айтып беріңдер.
  
 
  Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
  Белге қолды қоямыз.
  Бұрыламыз оңға бір,
  Бұрыламыз солға бір.
  Бір, екі, үш,
  Бір, екі, үш,
  Жоғары қолды созамыз,
  Тып-тыныш қана орнына отырамыз.
  
 
  8. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың дәптерлерін жинап алу.
  Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
  
 
  Үйге тапсырма: қайталау, 4-20 бет.