Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп
      | Сабақ тақырыбы   | Н.Орманбетұлы шығармаларының Абай поэзиясымен үндестігі   | 
  | 
 Жалпы мақсаты | Нарманбет Орманбетұлы өлеңдеріндегі Абайдың дәстүрлі үлгілерін таниды, ақындар шығармашылығында сабақтаса өрілетін көркемдік, идеялық сарындарды талдайды.   | 
  | Нәтиже | Топпен бірлесе іздену негізінде танымдық белсенділіктері, тұлға ретінде ізденімпаздық қасиеттері, ойларын жүйелеп жеткізу дағдылары дамыды. | 
  | Дереккөздер, ресурстар | Ғаламтор жүйесі (білім беру сайттары), 10-сыныптың оқулығы мен хрестоматиясы, А.Әлімовтың оқу құралы, әдістемелік нұсқаулар | 
  | Сабақ жабдықтары | АКТ құралдары (интерактивті тақта, компьютер), слайд, бейнесюжет, маркер, А-3, А-4 парақтары, постер, бағалау парақтары мен белгілер, стикерлер   | 
  | Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгерту | 
  | Сабақтың әдіс-тәсілдері | «Өлең шумақтары» − топтастыру, «Қар көшкіні», «Болжау», «РАФТ», «Т-кесте», «Бейнесюжет», «Сабақтастық» стратегиялары | 
  | Модульдер | СТО, АКТ   | 
  | Сабақтың барысы  (әрекеттер) 
 
 | 1. Үй тапсырмасына кері байланыс.   3. Жаңа тақырыпқа кері байланыс.   2. Мағынаны ашу (топтар бойынша тапсырмалар)   4. Рефлексия. 5. Бағалау. 6. Үйге тапсырма. | 
  | Ұйымдастыру.   Психологиялық ахуал. 
 3 минут | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | 
  | «Қар көшкіні» стратегиясы  (комплимент айту/есімдерін    мадақтау) 
 
  «Менің көңіл күйім» − бүгінгі көңіл күйімізді танытайық   | Әр оқушы сол жағындағы көршісінің есімін атап, есімінің бастапқы әрпінен басталатын сын есім (эпитет) қосып, айтады (Мөлдір – М, мейірімді) Смайликтер салып, өз көңіл күйлерін бейнелейді.   | 
  | Өткен тақырыпқа кері байланыс      № 1. Ойтолғау 5 минут | Тапсырмамен таныстырады.   Әрекетке бағыттайды. Формативті бағалау жүргізеді. 1. «Туған жерім – тал бесігім» тақырыбына ойтолғау жазу (10)  2. Нарманбет Орманбетұлының ғылым-білім, өнер жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, талдау. | Үйге берілген тапсырмаға кері байланыс жасайды: 
 1. Ойтолғауларын оқиды.   | 
  | № 2 Мәнерлеп оқу  (түйіндеу) 5 минут | 2. Ақын өлеңдерінен қалағандарын мәнерлеп оқиды, келесі оқушы қысқа шолу арқылы талдайды (кез келген). | 
  | Топтастыру    (жаңа топ) 3 минут | «Өлең шумақтары» − Абай өлеңі арқылы топтастыру | Таңдайды. Топтасады. Топ басшыларын сайлайды. 
 | 
  | Жаңа сабақ «Болжау» б/ша тақырып айқындалады. 
 Мақсат қою. 2 минут | «Миға шабуыл» − бейнесюжет (10 сек.) 1. Бүгінгі тақырыбымыз?    2. Сабақтың мақсатын айқындайды.   | 1. Өлең авторын табады.  Тақырыппен танысады. Н.Орманбетұлы шығармаларының Абай поэзиясымен үндестігі 2. Оқушылар өз мақсаттарын (өздері көңіл күйлерін білдірген стикерге) жазады. | 
  | №3    Топтық жұмыс «Конверттегі    сұрақтар» стр.   Н.Орманбетұлы шығармаларының Абай поэзиясымен үндестігі 
 7 минут     + 10 минут 
 
 | І топ «Абай − ұстаз» бейнесюжет.   
 ІІ топ РАФТ. «Ұлылық ұлағаты»    (рольдік ойын). ІІІ топ «Т- кесте» − салыстыру. 
 
 ІV топ «Сабақтастық» − ақындар үндестігі. 
 |  Бейнесюжет мазмұны (постер)   құрастырып, мағынасын танудағы ойларын тұжырымдап, дәлелдейді.    Берілген үзінді бойынша Абай мен Нарманбет образдарына енеді (автор және кейіпкерлер: диалог)    Нарманбеттің «Кер заман» және Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңдерін салыстырады (идея, тақырып, көркемдік, құрылысы, ...)  Қос ақын өлеңдерінің идеялық, мағыналық жағын талдайды (тақырыптық, мағыналық байланыс).    «Жұптас. Ізден. Талқыла»   | 
  | Жаңа тақырып бойынша кері байланыс  №4 
 5 минут | «Кілемше» страт.    (жауабы бар бес сұрақ)  Абай мен Нарманбет бойындағы қандай қасиеттердің өз бойларыңнан табылғанын қалайсыңдар?  |  Түйін жасайды.   Бес сұрақ бойынша стикерлермен «кілем тоқиды», таныған, білгендерін жазады.      | 
  | Рефлексия 3 минут | Ұсыныс. «Бүгінгі күннің сөйлемі» ...  Дүние-ай, базарыңда арзан нарқым,  Болса да арзан нарқым, қымбат даңқым.  Қадір жоқ тіршілікте Нарманбетте, Өлген соң әттеген-ай дерсің, халқым...   | 
 Білім нәтижесін саралайды (мақсаттарын жазған смайликке жеткен нәтижелерін жазады).   
 
 
 Нарманбет − өз бағасын біліп, азаматтық бейнесін танытқан тау тұлғалы ақын. | 
  | Үйге тапсырма    1 минут | 1. Нарманбеттің «Замана» өлеңін жаттап, мәнермен оқу. 2. «Ақиық ақын» тақырыбына ойтолғау жазу (15 сөйлем)   | 
  | Бағалау. 1 минут | Топ басшысының тобындағы оқушыларды бағалауы. |