| Тақырыбы 
 | Мен және отбасым 
 | 
  | Мақсаты |  Рухани адамгершілік құндылықтардың маңызын түсінуі, адамдар арасындағы, отбасындағы өзара қарым-қатынасты бағалай алуы. Отбасының негізгі өмірдің ұйытқысы екендігін, киелі қасиетке ие болу сырын, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту. | 
  |  Міндеттері   
 |  1. Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.  2. Балаға отбасында жылы қарым-қатынас орнатуда өз үлесін қосуға үйрету, ата- анасы мен туыстарына деген қамқорлық сезімдерінің мәнін түсіндіру.  3.Топта жұмыс істей алуы, айналасындағы адамдармен дұрыс қарым- қатынас жасай алуы, ұжымда, топта өз мәртебесін теңестіре алуы. | 
  | Күтілетін нәтиже | Болашақ жарқын өмірдің және өз отбасын құрудың маңыздылығын сезінеді. Өз ұстанымдары мен көзқарастарын дәлелдей алады. | 
  | 7 модульдің қолданылуы | АКТ. Диалогтік оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | 
  | Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Конверттегі сұрақ» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», Джиксо, әңгіме әдісі, постер. | 
  | Қолданылатын ресурстар | Слайд, конверттер, мәтін, А-3, маркерлер, стикерлер, аудиожазба, бағдаршам түстерінен дөңгелектер. | 
  | Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | 
  | Ұйымдастыру кезеңі    (5 минут) 
 
 
 ОҮБ 
 | «Жапырақ», «Бұлақ»,   «Бәйтерек» топтарына бөлу.   
 Не үшін топтың аты осылай аталғанын сыни ойлана тұрып дәлелдеп айтуға тапсырма беру. 
 Смайлик тарату. 
 Сабақтың мақсатымен, бағалау парағымен таныстырамын. |  «Жапырақ», «Бұлақ», «Бәйтерек» топтарына бөлінеді. Не үшін топтың аты осылай аталғанын сыни ойлана тұрып дәлелдеп айтады. 
 | 
  | Ой қозғау  Конверттегі сұрақ әдісі 
 (6 минут ) 
 
 
 
 
 
 
 
 ОҮБ | Әр топқа конвертке салынған сұрақ үлестіремін:  1. «Жапырақ» тобына топтық тапсырма.   - Отбасы деген не?  2. «Бұлақ» тобына жұптық тапсырма.   - Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды?   3. «Бәйтерек» тобына жеке жұмыс, тапсырма.  - Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не?  «Екі жұлдыз, бір тілек»   | Оқушылар конверттегі сұрақпен танысады. Топ болып орындайды. 
 
 Жұп болып орындайды. 
 
 
 Топ мүшелері жеке – жеке жауап береді. 
 
 Екі жұлдыз алады. | 
  | Постер қорғау  (5 минут ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 ОҮБ |  Нақыл сөздер бойынша постер қорғауға үлестірме қағаз таратамын.    
  М. Әуезов  В.А. Сухомлинский      Шапалақтау арқылы марапаттау 
 | Әр топ өздеріне берілген нақыл сөз бойынша (бейнелейді, сөйлейді) қорғайды. 
 
 
   
 
 
 Қол шапалақтайды. | 
  | (Аңыз)  (5 минут ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 ОҮБ |  «Бүркіт пен оның балапандары» аңызын белгілі бір жерге дейін тыңдату.  Топтарға тапсырма беру:  «Жапырақ» тобына бірінші балапан  «Бұлақ» тобына екінші балапан   «Бәйтерек» тобына үшінші балапан   рөлінде сыни ойлана отырып, жалғастырып айтуға тапсырма беру 
 
 
 
 «Бас бармақ» қалыптастырушы бағалау | Тыңдайды.   
 
  «Жапырақ» тобы бірінші балапан,   «Бұлақ» тобы екінші балапан,   «Бәйтерек» тобы үшінші балапан рөлінде қалай жауап беретіндіктерін сыни ойлана отырып, жалғастырады, айтады. 
 Бас бармақтарын көрсетеді. | 
  | «Джиксо» әдісі Жеке топта танысуға   (2 минут ) |  «Ұлағатты отбасы» мәтінін   3 бөлімге өліп, 1, 2, 3 нөмерлі мәтінді таратамын. | Топта әркім өзіне тиісті нөмерге байланысты мәтін бөлігін алады жеке танысады .   | 
  | Сараптама тобында талдауға   (5 минут ) |  1-ші нөмерлі мәтін алғандар «Жапырақ» тобына, 2-ші нөмерлі мәтін алғандар «Бұлақ» тобына, 3-ші нөмерлі мәтін алғандар «Бәйтерек» тобына орын ауыстырып отырып, сараптама тобын құрғызамын. 
 |  1-ші нөмерлі мәтін алғандар «Жапырақ» тобынына, 2-ші нөмерлі мәтін алғандар «Бұлақ» тобына, 3-ші нөмерлі мәтін алғандар «Бәйтерек» тобына орын ауыстырып отырып, сараптама тобын құрады. Сол топта талқылап, талдайды. | 
  | Бастапқы топтарына қайтып оралу   (5 минут ) 
 
 ОҮБ | Қорытынды шығару.   
 
 Топта спикер қорғау | Бастапқы топтарына қайтып оралады. 
 Топ бір-бірін тыңдайды. «Бағдаршам» түстерін көтеру арқылы топты бағалап отырады | 
  | Шығармашы лық тапсырма   (5  минут ) | Сөздерді айтамын, оқимын. 
  «Үш ұрпақ»  «Үш жұрт»    «Жеті ата» | Оқушылар сөздің мағынасын, мәнін интерактивті тақтаға жазады | 
  | Бағалау  (2 минут) 
 | Әр топтың жинаған ұпайы шығару | Ұпай сандарымен танысады | 
  | Үйге тапсырма (2 минут ) |  «Жүрегімнің жылуын арнаймын» эссе жазу 
 |  «Жүрегімнің жылуын арнаймын» эссе жазады | 
  |  Ән айту  (3 минут ) 
 | «Перзент парызы» | Бәрі қосылып орындайды. |