-Сонымен, балалар, к?рделі с?зді? 3 т?рі бар еді, (сызбасын к?рсетіп) біз б?гін соны? 2т?рін ?айталап, білетіндерімізді еске т?сірдік. Аны?тамасын ?орытты?. Ал келесіде ?ыс?ар?ан с?з туралы ?айталаймыз.
VI. ?йге тапсырма: 587-жатты?у.К?рделі с?здер туралы пысы?тау
VII. О?ушылар білімі ба?алау пара?ы бойынша ба?аланады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II Сабаққа даярлық
Мұғ. –Балалар, бүгінгі сабақты 2 топқа бөлініп, жарыс түрінде өткенді қайталау мақсатында өткіземіз.Ол үшін топтың атын белгілеп алайық.
1-топқа тапсырма:
Әлемнің төрт бұрышын араладым,
Палуанның неше түрін жараладым.
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан
Туған жердей ыстық жер таба алмадым.
(өлең шумағы интерактивті тақтада)
-Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Топ солай аталады.(Біріккен сөз)
2- топқа тапсырма: Ребус шешу
( ребусты шешкенде Айгүл сөзі шығады)
-Ребустың шешуі қай күрделі сөзге жатады?Топ солай аталады. (Қос сөз)
III. Жаңа сабақ
А. Ой толғау. Топтың атын қорғау. Ойын :«Мен саған, сен маған»
1-топ:-Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріп айтыңдар.
2-топ: - Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.
Ә. Ойын «Әрі қарай жалғастыр»
1-топ: «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан...»
-Бұл кімнің өлеңі?Түсіндір. Өлеңде қандай күрделі сөз бар?
2- топ «Ат, айғырлар, биелер,
Шалғыннан жүні қылтылдап..
Арасында құлын – тай,
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары –төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.»
-Бұл өлең қалай аталады? Қандай күрделі сөз бар? Түсіндір.
(екі топ өздері тапқан күрделі сөздерді Венн диаграммасына түсіреді.Соңынан таблица бойынша анықтама айтады.)
Б. Таблица бойынша жұмыс.
В. Оқулықпен жұмыс:
586-жаттығу (екі топ күрделі сөздердің өздеріне тиесілісін теріп жазады, қалай жасалғанын түсіндіреді.)
Г. Сергіту сәті: «Кім тапқыр?»
1-топ .біріккен сөзден тұратын 10кісі атын табу.
2-топ.қос сөздің әр түрінен тұратын 10 мысал табу.
Ғ. Шығармашылық жұмыс:
Өздері ойлаған күрделі сөздерді пайдаланып шағын мәтін құрап жазу.
Әр топтың жұмысы оқытылып, тексеріледі.
V. Сабақты бекіту.
-Сонымен, балалар, күрделі сөздің 3 түрі бар еді, (сызбасын көрсетіп) біз бүгін соның 2түрін қайталап, білетіндерімізді еске түсірдік. Анықтамасын қорыттық. Ал келесіде қысқарған сөз туралы қайталаймыз.
VI. Үйге тапсырма: 587-жаттығу.Күрделі сөздер туралы пысықтау
VII. Оқушылар білімі бағалау парағы бойынша бағаланады.