| Тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі | Мектеп: М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп |
| Күні: 26.04.2018ж | Мұғалімнің аты- жөні: |
| Сыныбы:7 | Қатысқандар: 21 Қатыспағандар: |
| Оқу мақсаты: | 7.Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. 7А/И3. Көркем шығарманың тілі. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация,ассонанс, риторикалық сұрау) қолданысын талдау. |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Көркем шығарманың мазмұнын түсінеді; Оқушылардың көпшілігі: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды; Кейбір оқушылар: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін өмірмен байланыстыра талдайды; |
| Күтілетін нәтиже | Ата-ананы құрметтеуді , олардың алдындағы парызын ұмытпауды және әрдайым сыйлап жүруді ұғындыру. |
| Тілдік мақсат | Сөздікпен жұмыс: Алагеуім- таң жарығы әлсіз, күңгірт шақ, елең-алаң мезгіл. Шақша-сиыр, серке, тауешкілердің мүйізінен жасалған құты. Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы. Сөре – үстіне құрт, ірімшік жаятын төрт аяқты биік қондырғы. Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз. Талқылау сұрақтары: -Қонақ деп кімдерді айтамыз? -Қонақтың қандай түрі болады? - «Қонақ» сөзінің синонимін білесіңдер ме? |
| Құндылық | Құрмет пен ашықтық |
| Алдыңғы тақырып | Тәуелсіздік |
| Сабақ барысы |
| Уақыт | Блум таксономиясы | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстары |
| Қызығушылық ояту |
| | Ұйымдастыру кезеңі | 1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу; 2.Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру; 3.Топқа бөлу; 4.Бағалау парақшасымен таныстыру; 5. Болжау 6.Талқылау сұрақтары: -Қонақ деп кімдерді айтамыз? -Қонақтың қандай түрі болады? - «Қонақ» сөзінің синонимін білесіңдер ме? | амандасады және кезекші оқушы оқушылардың сабаққа қатысы туралы хабарлайды. Оқушылар өздерінің көңіл күй ахуалдарын білдіреді. Топқа бөлінеді. Бағалау парағымен танысады. Жаңа сабақтың тақырыбына болжам жасайды. | Мұғалімнің қолдауы | Слайдтар, суреттер, бағалау парақшасы |
| | Білу | 1.Төлен Әбдіковтің өмір жолы мен шығармашылығы. 2.Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы «Қонақтар» әңгімесін бөлімдерге бөліп, оқуға ұсыну 3. Сөздікпен жұмыс |  Оқушылар оқиды, ойланады және жұбымен өз ойын бөліседі. | | Жазушы портреті, слайд Б.Керімбекова, Ә.Қуанышбаева Қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті хрестоматия 7-сынып |
| Мағынаны тану |
| | Түсіну | «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» ( әдісімен оқушылар жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерін және түсінгендерін білу) | Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бірін- бірі толықтырады және түзетеді. | Бағалау критерийі | Дескрипторлар | | Шығарма мазмұнын түсінеді | 1.Шығарманы оқып мазмұнымен танысады; 2. Сұрақтарға жауап беру арқылы түсінгенін білдіреді. | | Бас бармақ | |
| | Қолдану | Жеке жұмыс: «Фишбоун» (Балық қаңқасы) әдісі арқылы мысалдарға сай келетін көркемдегіш құралдардың өз орнын тауып жаз. | | Бағалау критерийі | Дескрипторы | | Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды. Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды. | көркемдегіш құралдарды анықтайды; шығармадағы қолданысына талдау жасайды. | | КБ | Сызбаны толықтырады |
| | Талдау | 1. Қарттың: «Таяқты ешкімге бермеймін, баламдікі» деуінің себебі? 2. «Әке жолын қуса, менің жолымды қусын! Ие болсын мныа қу шаңыраққа!» деп Ерғабыл қарт нені меңзейді? «Шаңыраққа ие болу» дегенді қалай түсінесіңдер? 3.Ата-ананы ренжітпеудің жолдары қандай? 4.Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі- қариялар үйі туралы не ойлайсыңдар? | | Бағалау критерийі | Дескриптор | | Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды. | -шығарма сюжеті бойынша басты мәселелерді анықтайды; -үзінділерді талдай отырып, өз көзқарасын білдіреді. | | Қол шапалақтау  | |
| | Сергіту сәті Майлықожаның термесі «Ата-ананың қадірі» | |
| Ой толғаныс |
| | Жинақтау | «Ата-ананың қадірі» ой толғау(ауызша) | Қолдау мақсатында алдарына қойылған мақал-мәтелдерді, өлеңдерді, белгілі адамдардың айтқан ұлағатты сөздерін және қазақ тіліндегі аударма әңгімелерді қолданады. | Мұғалімнің қолдауы | Ата-аналар туралы ұлағатты сөздер жазылған слайдтар |
| | Бағалау | «Төрт сөйлем» әдісі 1.Пікір.Шығармадағы кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді. 2.Дәлел.Мәтіннен дәлел келтіре отырып, өз пікірін дәлелдейді. 3.Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып мысал келтіреді. 4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. | | Бағалау критерийі | Дескриптор | | Шығарма бойынша қорытынды пікір айтады. | Ойын дәлелдейді; Мысал келтіреді; Қорытынды шығарады. | | «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» | |
| | Кері байланыс | «Қызық.Қиын. Құнды» Жапырақ бөлімдеріне Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін оқу барысында біз үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарды жазып, ой қорытайық. | Жазғандарын оқиды, ой бөліседі және қорытындылайды. | | Білім ағашы |
| | Үйге тапсырма: | «Бір жалған, екі шындық» әдісімен үш сұрақ құрастыру. | | | |
| | Қорытынды: | Балалар, ата-ана алдындағы парызымызды ұмытпай, олардың сенімі мен үмітін ақтап, әрдайым құрметтеп жүрейік! | | | |