Сөздік қорын молайту тіл байлықтарын дамыту, сөйлеу шеберлігін шыңдау.  
  2. Топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге бейімделенеді.
  3. Әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз пікірін еркін жеткізе тырысады.  
  «Бағдаршам», «Бас бармақ» тәсілдері.
          | № | Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Бағалау | 
  | 1. | Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин   | 1.Түгендеу 2. Топқа бөлу 3. Жағымды психологиялық орта қалыптастыру «Шашу» шашу дәстүр.   Мұғалім бүгінгі сабақтың салт- дәстүрмен байланысты екенін айтады, тілек білдіріп «Шашу» шашады. Шашылған кәмпиттердің кебірінің ішінде сұрақтар жазылған болады. | Оқушылар 1,2,3,4 сандары арқылы топқа бөлінеді. Әр топ бірігіп. Шаңырақ келбетін жасап   «Бәріміз біргеміз Берік біргеміз» деп атайды.Кәмпиттерді ашып сұрақтарды іздейді, дайындалады.   | Оқушының сабаққа қызығушылығы оянады.   | 
 | 
  | 2.   | Үй тапсырмасын сұрау (білу) | 7 мин   | «Орамал тастау» дәстүрі бойынша үй жұмысы, ережелер сұрау. Сұрақтар жазылу   | Кімге орамал тасталса сол оқушы үй жұмысын оқиды, сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі, пікірлерін айтады. | Оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алады, ойланады.   | «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.5 балдық жүйе арқылы топ басшысы кестеге түсіреді   | 
  | 3. | Пысықтау сабақ (Түсбау) | 5 мин | «Той бастар» дәстүрі. Мұнда киіз үйдің ішіне сұрақтар жазылған ойыншықтар салып әр топ мүшелеріне жеке тапсырыма ұсынылады . Сан есімі бар - Мақал- мәтелдер -Жұмбақтар -Өлеңдер -Жаңылтпаштар .   | Оқушылар (әр топтан бір оқушы) сұрақтар жазылған ойыншықтарды таңдап алады, ізденеді, ойланады, топта бірігіп жұмыс жасайды . | Тапқырлығы мен ой жүйріктігі байқалады. Топта жұмыс істеу қабілеті дамиды   | «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады.   | 
  | 4. | Оқылым. Тыңдалым. Жазылым. (Оқулықпен жұмыс) (Қолдану)   | 5 мин   | оқулықтан 153- жаттығуды орындауды тапсырады, жаттығу шартын түсіндіріледі.   | Оқушылар мәтінді оқиды, топтасып ойланад, тапсырманы дәптерлеріне жазады, сан есімдерді табады.   | Топ бірігіп нығаяды, сауаттылығы жылдамдығы артады. | Смайликтер мен бағаланады. | 
  | 5. | Сергіту сәті « Поэзия минуты» кез келген оқушы мәнерлеп сан есімі бар өлең оқиды.   | 2 мин | Оқушылармен бірге сергіту сәтіне көңіл бөледі. | Тыңдайды, сан есімді табады, қолдау көрсетеді, баға береді. | Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі   | « Бас бармақ» әдісімен бағаланады | 
  | 6. | Топтық жұмыс «Бәйге» жарысы (Талдау)   | 7 мин   | Мұғалім әр топқа киелі сандарды таңдап алуды тапсырады. 7,9,12,40. Киелі сандардың қасиетін ашуды тапсырады. Ғаламтордан ізденуге рұқсат береді | Оқушылар киелі сан таңдайды, оның сырын, қасиетін ашу үшін ізденеді, ойланады, бір- бірімен пікір алысады,өз білімдерін, ой жүйріктігін көрсетеді Ғаламтордан қосымша мәліметтер жинайды. | Оқушылардың есте сақтау, түйсіну, сезіну қабілеттері дамиды, сабаққа қызығушылығы артады . | «Бағдаршам» әдісімен бағаланады   | 
  | 7.   | Эссе жазу (Жинақтау)   «Сандар әлеміндегі қызықтар» тақырбы бойынша. | 7 мин   | Мұғалім оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін шағын эссе жазу арқылы жинақтауды ұсында   | Оқушылар өз ойларын, пікірлерін эссе түрінде жазып, тақырып аясында алған білімдерін жинақтайды   | Оқушылардың есте сақтау, түйсіну, сезіну қабілеттері дамиды, сабаққа қызығушылығы артады.   | Смайликтер мен бағаланады . | 
  | 8.   | Бағалау   | 5 мин   | Сабақты қорытындылайды , кері байланыс парақшасын жазуды тапсырады.Сан есімнің өзіне тән белгісі, сын есімнен айырмашылығы   | Салыстырады, өз ойлауын артырып баға береді   | Тақырыпты жинақтап қорыту дағдысы қалыптасады,дамиды | 
 | 
  | 9. | Үйге тапсырма   | 2 мин   | Үй тапсырмасын тақтаға жазады.   154-жаттығу. Мәтіндегі кате берілген сан есімдерді түзетіп жазу   | 
 |    
 | 
 | 
  | 10. | Рефлексия   | 
 | Кері байланыс орнату   | Бір-біріне сабақ туралы көзқарастарын айтады.   | 
 | 
 |