| Күні:   | Мұғалімнің аты-жөні:   | 
  | Сынып: 9 | Қатысқандар: Қатыспағандар: | 
  | Модульдың аты | Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары | 
  | Сабақтың тақырыбы | Қ.Аманжолов «Жас дәурен» | 
  | Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары   | 9.5.1.2 мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. 9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау. 9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау. *Есте сақтау қабілетін дамыту. | 
  | Сабақтың мақсаты | *Барлығы: мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. Көбісі: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау. Кейбірі:  мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау. | 
  | Бағалау критерийі | - Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, тақырып жайлы ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып бойынша өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады. | 
  | Тілдік мақсаттар | Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта жұмыс жасау, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, түсіну, мәтінге қатысты өз ойын айта алу. | 
  | Құндылықтар | БАҚ-тың адам өміріндегі алған орны. | 
  | 
 Сабақ барысы | 
  | Кезеңдер | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері 
 | Ресурстар | 
  | Сабақтың басы    | Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, психологиялық ахуал орнату.   Өткенді қайталау: Сұрақ-жауап. Үй жұмысын тексеру: алған білімдері қай дәрежеде меңгергенін тексеру. *Ережені қайталау:    | *Үстеу- қимылдың мезгелін, мекенін, себебін, мақсатын, мөлшерін, амалын білдіретін сөз табы. (Наречие- самостоятельная часть речи, обозначающая признаки действий, признаки признаков). Үстеу түрлері (Виды наречия): Құрамына қарай:   Дара (простое- один корень) Мысалы: ертең. Күрделі (сложное - несколько корней) Мысалы: бүгін, биыл, таңертең. Тұлғасына қарай:   Негізгі (непроизводное - нет суффикса) Мысалы: ерте. Туынды (производное- есть суффикс) Мысалы: қыстай, осыншама, жемейінше. Мағынасына қарай:   Мекен (место) Қайда? Мезгіл (время) Қашан? Себеп-салдар (причинно-следствие) Неге? Не себепті? Неліктен? Қимыл-сын (действие) Қалай? Қалайша? Мөлшер (размер) Қанша? Күшейткіш (усиление) Қалай? Қандай? Мақсат (цель) Қалай? Қандай мақсатпен? |  
 Менің жетістігім: Мен ... білемін. Мен ... түсінемін. Өзім ... орындаймын.   | Өлең жолдары 
 Үлестірме-лі парақтар | 
  | Сабақтың ортасы   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | Қызығушылықты ояту: ақпаратпен жұмыс. * Қасым Аманжолов- (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Ол- көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясы-ның классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастан-дарын қазақ тіліне шебер аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. *Сабақ тақырыбын ашу және бағалау критерийлерімен таныстыру.   Оқушылар мақсатты айтады немесе жазады. Менің жетістігім:   Мен ...............білемін.  Мен .............. түсінемін.  Өзім .......... орындаймын.   Сөздікпен жұмыс: хормен қайталайды, сөз тіркес құрастырады. Тапсырмалармен жұмыс:   Т.ж.- 1тапсырма: мәтінді тізбектеп оқу, мағынасын түсіндіру, сұрақтарды құрастыру, шағын диалогқа қатысу. Ж.ж.- 2тапсырма: диаграмманы толтыру. *Ж.ж.- 3тапсырма: берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын дәлелдеу. 
 | 
 
 
 
 
 
 
 
 
 мәтін   
 кесте   
 дәптер   
 | 
  | Сабақтың соңы:   | Рефлексия:   Менің жетістіктерім:   Мен .............. білдім. Мен .............. түсіндім. Өзім .............. орындаймын.   Үй тапсырмасы:  жаңа сөздерді жаттау, ережені қайталау, 1т (о)- өлеңді мәнерлеп оқу.   
 | Сызба 
 күнделік |