| Күтілетін нәтиже | Тіл мәдениеті, сөз байлығы, сөздік қорын молаяды, шығармашылық қабілеті артады, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады. Ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиеленеді | 
  | Кіріспе | Топқа бөлу Топқа бөлу/Бойлары бойынша тұрады, 3 -ке дейін санайды/, Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану,  Тыныштық сақтау , Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу , т.б топ басшысы сайланады; Үй жұмысын тексеру   /Зымыран сұрақтар/ | Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын  орындайды, сұрақтарға жауап береді | 
  | Тұсаукесер | Қызығушылықты ояту. 
 Ойын  «Таныс болайық» Ойынды жүргізудің  мақсаты:  Әр баланың өмірде өз жолы, өз тағдыры, өз таңдауы бар  екендігіне көңіл аударту.Шарты:  Әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде  мәлімет береді.Балалар жеке жұмыс жасайды. Барлығы өз есімдерінің тарихын айтып шығады. | Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады.    Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады; 
 Бағалау парағына аты-жөндерін толтырады   | 
  | Негізгі бөлім | 1 - тапсырма.       Топтық жұмыс (берілген мәтінді бірігіп оқып,, түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтып бірін бірі оқытады) Джиксо әдісі 
 2-тапсырма.       І топқа: "Іскерлік әңгіме" 4 сұрақтан тұратын сұхбаттасудың үлгісін көрсету (мәнді, ұтымды сұрақтар мен толық, дұрыс жауаптар бағаланады)  ІІ топқа:  Аудармашы арқылы сөйлесудің үлгісін көрсету.  ІІІ топқа: «Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы» туралы постер толтыру. (диолог түрінде тақтада қорғау) 
 3- тапсырма.  "Талдау- табыстың кілті." 76 -жаттығуды шартына сәйкесті орындау. Лексика-грамматикалық мағынасына, сөз құрамына талдау жасау. І топ. Сұлу, көрікті, жайдары. ІІ топ. Жақсы, келбетті, көркем ІІІ топ. Білімді, тапқыр, құрметті. | 1. Әр оқушы өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді; Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді; 2. Топта  оқушылар рөлдерде ойнайды; Нәтижесін  басқа топ түйіндеп айтады Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді; | 
  | Қорытынды | Кері байланыс   «Ата -ананың баланы іскерлік ортада сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудегі орны» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту) Бағалау.    Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды. Үш түрлі смайликтер арқылы әр топтан ең жақсы қатысқан оқушыларды топ ішінде ақылдаса отырып, марапаттайды. Бағалау:топ басшыларынан бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын түсіру Үй тапсырмасы: 1)Сын есімнен өткенді қайталау. 2)Іскерлік әдеп нормаларына сай сөз орамдары. 
 | Топ басшысы топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды; топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді |