Мерзiмі: 08.11.2016 ж.
| Тақырыбы | Ғылым мен тәжірибе мәліметтерін жинақтау әдістері |
| Сабақтың жоспары | 1. Ғылыми фактілер жинау әдістері 2. Тәжірибеден фактілер жинау әдістері |
| Мақсаты | Ғылым мен тәжірибе фактілері, ғылыми фактілер жинау әдістері, тәжірибеден фактілер жинау әдістері туралы мағлұмат беру |
| Міндеттері | - Студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейту; - Студенттерді білімді терең меңгеруге, білімді болуға, өз бетімен іздене білуге тәрбиелеу. |
| Күтілетін нәтиже | Педагогикадағы зерттеу әдістері және эмпирикалық әдістерді ұғады |
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Әңгіме әдісі, шығармашылық жұмыс, постер, өзіндік жұмыс |
| Қолданылатын ресурстар | Слайд, мәтін, тірек-сызба |
| Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу | |
| Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (5 минут) ОҮБ |        Үй тапсырмасын бекіту Педагогикалық зерттеу құжаттары Мектеп құжаттарын зерттеу Оқушы құжаттарын зерттеу Педагогикалық әдіснама  Бақылау Әңгіме  | Қайталау |
| Әңімелесу (5 минут) | Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Кез келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу обьектісі, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттің бір түрі | Тыңдайды |
| 1. Ғылыми фактілер жинау әдістері (6 минут ) ОҮБ | Ғылыми танымдық деңгей – теориялық, эмпирикалық 1) Теориялық зерттеу әдістері – анализ, синтез, салыстыру, модельдеу т.б. 2) Эмпирикалық зерттеу әдістері – байқау, әңгіме, эксперимент, тест т.б. 2.Зерттеуші – педагогтық объектімен әрекеттесуінің сипаты Бұған: а) объектіні зерттеу (теориялық және эмпирикалық зерттеулердің аталған барлық әдістері); б) алынған деректерді өңдеу (сапалық және сандық, онда корреляциялық, факторлық, кластерлік талдау т.б. әдістері) | Жаңа сабақты меңгереді |
| Постер (7 минут) | 1 топ: Педагогикалық зерттеу әдістерін талдау 2 топ: Педагогика ұғымына талдау жасау 3 топ: Студенттердің ғылыми зерттеу әдістерін талдау | Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды әртүрлі әдістермен қорғайды |
| Сергіту | Сәлемдесу | Жағымды көңіл-күй |
| Әңімелеу | Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтқанда, күнделікті жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс. | Тыңдайды |
| 2. Тәжірибеден фактілер жинау әдістері | Бақылау әдісі – педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдіс. Өзін-өзі бақылау – адамның өзін-өзі бақылау әдісі.  Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар 1. Сұхбат мазмұны 2. Ашық, жасырын 4. Әңгіме әдісі – педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме әдісі қолданылады. 5. Сұхбат – ол туралы хабарлар, сұхбат алынатын адам туралы ақпарат алу үшін. 6. Анкета – арнайы іріктелген танымдық сұрақтар. 7. Эксперимент – педагогикалық процестерді әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибе | Талдау |
| Өзіндік жұмыс | 1 топ: Қиын оқушыларды тәрбиелеудегі, өзін-өзі тәрбиелеудегі, баланың дамуындағы мәселелерді шешу үшін, қабілетімен талантын дамыту үшін эксперименттің қай түрі қолданылады? 2 топ: Курс жұмысын жазған студент жоғары сынып оқушыларына, кіші жастағы оқушылардың ойынын бақылауға қажетті нұсқаулар береді. Бастауыш сынып оқушыларының үзілісте, үйде, сабақтан кейін ойнайтын ойындарын бақылап бақылап, мәліметтер жинады 3 топ: БББ бөлімінің 4 курс студенті курс жұмысын жазу үшін «Көрнекі құралдар оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің тиімділігін көтереді» деген болжам жасады | Зерттеуші қай әдісті қолданған?
Студенттер бақылаудың қай түрін қолданған?
Әңгіме қай педагогикалық зерттеу әдісі туралы болып отыр |
| Бекіту сұрақтар (5 минут) | 1. Ғылыми танымдық деңгей нешеге бөлінеді? 2. Теориялық зерттеу әдістерін атаңыз? 3. Эмпирикалық зерттеу әдістерін атаңыз?   4. Бақылау Өзін-өзі бақылау Сауалнама Әңгіме әдісі 5. Әңгіме әдісі дегеніміз не? 6. Анкета дегеніміз не? 7. Эксперимент дегеніміз не? | Сұрақтарға жауап береді
|
| Үйге тапсырма (2 минут ) | 1. Топқа сауалнама, әңгіме, сұхбаттасу жүргізу 2.Лекция бойынша дайындалу | |