Қысқа мерзімді жоспар
| Пәні: қазақ тілі | Сәтбаев қаласындағы «№19 ЖОББМ» КММ | 
| Күні: 24.02.2017 ж. | Мұғалім: Бралина Р.С. | 
| Сынып: 5 «А» | Оқушы саны: 22 | 
| Тақырыбы | Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар | 
| Сабақ қамтитын оқу мақсаттары | О Оқылым стратегияларының түрлері Т/ А Мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы тыңдау және айту Ж Әртүрлі тақырыптар бойынша түрлі стильдерді пайдаланып жазу | 
| Сабақ мақсаты | Берілген тақырыптағы ақпаратты талқылайды, маңыздылығын анықтайды, салыстырады, өмірмен байланыстырады. | 
| Жетістік критерийлері | Барлық оқушылар: Сабақта айтылған ойға өздігінен баға бере алады. Өзін қызықтырған тақырыпқа ойын қоса алады. Оқушылардың көбісі: Сабақта талданған мәселлерді салыстырып баға береді. Ең негізгіні талдап өз пікірін білдіреді. Оқушылардың кейбірі: Қызықтырған тақырыпты талдай отырып, өз ойын дәлелдермен жеткізе алады. | 
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар сабақта ауызша дәлелдеу, талқылау және басқаларды иландыру қабілеттерін дамыту үшін ұсынылған тақырыпты қарастырады. | 
| Алдыңғы білім 2 минут | «Қазақ әліпбиі» тақырыбы бойынша қаралған мәселелерді еске түсіріп, тақырыпқа шолу жасалады. | 






 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    