|   Сабақ : Уақыт - өмір     |    Мектеп: « №3 орта мектебі» КММ   |  
  |   Күні:   |    Мұғалімнің есімі: Сұлтангазина Г.С.   |  
  |   Сынып: 7   |    Қатысқандар саны: 9   |    Қатыспағандар саны: 1   |  
  |   Сабақ мақсаттары:   |    Барлық оқушылар: Сын есімдерді таба алады , сұрақтарға жауап бере алады   |  
  |        |  
  |   Оқушылардың басым бөлігі:Мәтіннің мағынасын түсінеді, жоспар арқылы мазмұндай алады, сын есімдерді салыстырмалы, күшейтпелі шырайға айналдыра алады.   |  
  |   Кейбір оқушылар: Мәтінді өз сөзімен жеткізе алады, сын есімдерді салыстырмалы, күшейтпелі шырайға айналдырып сөйлем құрастыра алады.   |  
  |        |  
  |   Күтілетін нәтижелер   |         |  
  |   Тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сұрақтарға жауап береді, қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде адамдар уақытты қалай есептейтінін айтады, сипаттайды.   |  
  |        |  
  |   Жаңа сөздер   |    Қадағалап,босқа, мәнді, нақты, мақсатпен     |  
  |   Сабақта қолданылатын материалдар   |     Жылжымалы тақта, видео, А4 парағы, маркерлер, плакат, жүрек.   |  
  |        |         |  
  |        |         |  
  |   Жоспар  Тапсырмалар:  Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті   |  
  |   тапсырма   |    Мұғалімнің іс - әрекеті   |    Оқушының іс - әрекеті   |  
  |   Психологиялық ахуал тудыру  
     
     
     
     Өткен сабақты тексеру   |    Кіріспе. «Жүректен жүрекке» тренингі (2мин)  -сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін.  -сынып оқушыларын «сағаттың суреттерін дұрыс құрастыру арқылы, екі топқа бөлемін.    -үй тапсырмасын тексеру    Видео арқылы сабақтың тақырыбын табу. «Уақыт - өмір»   |     Оқушылар бір – біріне ойыншық жүректі табыстап, жақсы тілек білдіреді.      
     
     Сағат суретін құрастырып, екі топқа бөлінеді.  
     Өлеңді жаттау, мәнерлеп оқу. / оқушылар смайликтер арқылы бағалайды/   |  
  |   Қызығушылықты ояту   |    Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында, ағылшын тілінде видео көрсету.  Видео арқылы сабақтың тақырыбын табу. «Уақыт - өмір»   |    Оқушылар видео не жайында туралы айтып, сабақтың тақырыбын ашады. Үш тілге аударады.     |  
  |   Мағынаны тану       |    Сөздікпен жұмыс. Мұғалім жылжымалы тақтадан тақырыпқа сай жаңа сөздермен таныстырады.  Сөздерді оқиды, оқушыларға қайталатады.   |    Тыңдалым, оқылым.жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым.    Жаңа сөздер мен сөз тіркестер құрастырады.   |  
  |   Тыңдалым     |    Мәтіналды жұмыс. Мәтінді мұқият тыңдап, ақпараттың дұрыс, бұрыстығын қызыл және жасыл карточкалар арқылы аныктайсындар. Қызыл- дұрыс, жасыл- бұрыс.   |     Оқушылар аудио мәтінді екі рет тыңдап,ақпараттың дұрыс, бұрыстығын карточкалар арқылы анықтайды   |  
  |   Оқылым   |    Жылжымалы тақтадағы мәтінге сүйеніп, тапсырма береді. ( 1 топ- диалог құрастыру, 2 топ – жоспар арқылы монолог)   |     Оқушылар топпен жұмыс ережелерін қайталайды. Әр топ өз жұмысын қорғайды.,/жоғары, орташа, төмен / деген сөздермен бағалайды.   |  
  |   Сергіту сәті   |    «Біз керемет бишілерміз»   |    Оқушылар кезектеп шеңбердің ортасына шығып, түрлі бидің элементтерін көрсетеді, қалғандары қайталайды.   |  
  |   Жазылым   |    Мұғалім тапсырманың шартымен таныстырады. (мәтіннен сын есімдерді тауып, салыстырмалы, күшейтпелі шырайларға айналдырып, сөйлем құрастыру).     |     Тапсырманың шартын орындайды. Екі топ жұмыстарын алмастырып, бір- бірлерін бағалайды.   |  
  |   Айтылым   |    «Уақытты тиімді, тиімсіз пайдалану»тақырыбына постер жасау . Критериалды бағалауға дискриптор жасауды ұсынады.   |    Оқушылар дискрипторлар құрастырып, постер жасайды, өз жұмыстарын қорғайды, бағалайды.   |  
  |   Үй жұмысы   |    Синквейннің құрылымын еске салу.   |    «Уақыт» сөзіне синквейн жазып келу.   |  
  |   Бағалау   |    Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша, қорытынды бағаны өзі қояды.   |         |  
  |   Рефлексия   |    Рефлексия (кері байланыс)     «Алақан» әдісі арқылы  Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!  Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.  Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ.  Төртінші бармақ – бұл жерде орта...  Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды...       |    Оқушылар түгел қатысады. Алақандарды тақтаға іледі.   |