Пән мұғалімі: Қажиева Б.С.
 Тексерілді ______________ ДОІЖО Дәулетияр Ш.Б.
        | Тақырыбы:   «Егер мен Қожа (автор) болсам...»   
 
 
 | 
 Мектеп: «INTER-LINGUA  лицей» | 
  | Мұғалімнің аты-жөні: | Қажиева Бағдат Сүйіндікқызы   | 
  | Күні: 24.02.2019 | 
 | 
  | Сынып: 5 «А» | Қатысқандар:   | Қатыспағандар: | 
  | Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: | Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. А/И1. Әдеби шығармадағы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.   | 
  | Жетістік критерийлері: | Барлық оқушылар: сызба көмегімен кейіпкер образын сипаттай алады; кейіпкерлерді салыстыра алады.. | 
  | 
 | Оқушылардың көпшілі: кейіпкерлердің образын, оның портретін, іс-әрекетін, мінезін т.б. көрсетеін мысалдар арқылы аша алады; кейіпкер бейнесіне қатысты тұжырымдарды талқылай алады; кейіпкерлерді салыстыру кезіндеавтордың салыстыра және қарама-қарсы суреттеулерін ұтымды пайдалана алады. | 
  | Кейбір оқушылар: кейіпкер образын жан-жақты ашып көрсете алады; талқылау барысында өз пікірін айтып, дәлелдей алады; кейіпкерлерді салыстыру кезінде автордың салыстыра және қарама-қарсы суреттеулерін ұтымды пайдалана алады.   
 | 
  | Сабақтың барысы | 
  | Уақыт   | Блум таксономиясы | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | 
  | Қызығушылықты ояту | 
  | 
 | Білу | «Ауа.Жер.Су». Мұғалім үш кеңістік бойынша өмір сүретін жан-жануарлар, құстар, балықтардың атауларын жазып, оқушыларға таңдату арқылы топқа бөліп алады.   
 | Оқушылар үш топқа бөліне отырып, интерактивті тақтада көрсетілген слайд бойынша «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, повестьтің мәнін ашады.   І топ (3 сұрақ) ІІ топ ІІІ топ | 
  | Мағынаны тану | 
  | 
 | Түсіну | Мұғалім 3 топқа постерді беру арқылы оқушылардың қалай жұмыс жасайтындарын түсіндіреді. Үш топқа «Менің атым Қожа» хикаяты бойынша Қожаның образын ашу мақсатында тапсырма беріледі. І топ: Өз қиялдарындағы Қожаның бейнесін ашады; ІІ топ: «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожа қандай? ІІІ топ: «Менің атым Қожа» хикаятындағы Қожаның бейнесі. 
 
 
 
 
 
 
 | Оқушылар топқа берілген тапсырма бойынша постерге сызба немесе кластер жасау арқылы топтық жұмысты ұжымдаса отырып жасайды. 
     | Бағалау критерийі | Дескрипторлар |   | Қиялдарын дағы, фильм және хикаяттағы Қожаның бейнесін сипаттап аша алады.   | 1.Фильм мен хикаятты байланыстырып айтады. 2. Қожаның образын ашады. 3.Өз көзқарасын білдіреді.   |  
 
 | 
  |  
 | Қолдану | Мұғалім «Менің атым Қожа» фильмінен оқушыларға үзінді көрсетеді.   
 | Оқушылар фильмнен алынған үзіндіні көріп болғаннан кейін, «Синквейн» әдісін қолданып Қожаға бесжолды өлең арқылы мінездеме береді (өлеңде 1 зат есім, 2 сын есім, үш етістік, сөйлем, түйін сөз болу керек. (ЖЖ). | 
  | 
 | Сергіту сәті | Мұғалім оқушыларға «Менің атым Қожа» фильмінен қызықты сәттерінен үзінді көрсетеді. 
 
 
 
 
 |  Оқушылар «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділерді көреді. Кейбір оқушылар фильмнен Қожаның іс-әрекеттері арқылы өзін байқауы да мүмкін Қожаның қызықты оқиғаларын көру арқылы сергиді.  
 | 
  | 
 | Талдау | Мұғалім оқушылардың назарын хрестоматиядағы хикаят бойынша берілген түсіндірме сөздікке аудартады. Оқушылардан осы сөздердің мағынасын ашып беруін сұрайды. | Дәптермен жұмыс. Оқушылар хрестоматияда хикаят бойыншаберілген түсініксіз сөздерді кестеге толтыру арқылы орындайды.  
     | Сөзмаржан | Мағынасы |   | Пұшпақ | Бір шетінен, жанынан |   | Оппа | Адамды, малды әкететін ми батпақ |   | Мығым | Нақты, нық |  Оқушылар түсініксіз сөздерді мәтіндегі берілгені бойынша оқып, мағынасын ашады (Ж).  
  
     | Бағалау критерийі | Дескрипторлар |   | Сөздердің мағынасын ашып, түсіндіре алады. | 1.Түсіндірме сөздікпен жұмысты орындайды. 2.Қолданылу себебі туралы пікірін айтады. 
 |  
 | 
  | Ой-толғаныс | 
  | 
 | Жинақтау | Мұғалім тақтаға басты кейіпкер Қожаның суретін іліп қояды. Оқушыларға не жасау қажеттігін түсіндіреді. |  Оқушылар Қожаның фильмін көру және хикаятын оқу арқылы қалыптастырған бейнесіне жақсы жағынан және қарама-қайшы тұстарын , екі жақты қасиетке де тән тұстарын стикерге жазу арқылы Қожаның бейнесіне жабыстырады. 
 
 | 
  | 
 | Бағалау | Мұғалім бақылаушы. Оқушылар бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалайды.   | Оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірлерінің топтық жұмыстарын бағалайды. | 
  | 
 | Рефлексия | Оқушылармен кері байланыс жасайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | Оқушылар «Қалпақ және микрофон» әдісі арқылы «Менің атым Қожа» хикаятын оқығанда қандай сезімде болғандарын тұжырымдап айтады.     
 
 
 
 |