Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
  
 
 Макимова Аймкуль Кайргельдиновна,
 Астана қаласы, М.Тынышпаев атындағы  
 Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
 Ақмола колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті  
 және орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы
 
 
 Пән: Қазақ әдебиеті (орыс тілінде оқитын топтарда)
 Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
 Сабақтың мақсаты:  
 Білімдік: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы студенттердің білімдерін тереңдету; әдеби шығармаларымен таныстыру; ұқсас шығармалармен салыстыру;
 Дамытушылық: студенттердің сөздік қорларын тоықтыру; өз ойын дәлелді айту, сипаттау, мәнерлеп оқу, салыстыру, талдау, өздігінен жұмыс істеу және зерттеу дағдыларын дамыту;
 Тәрбиелік: студенттерді ұлтжандылыққа, жаман әдеттен жирендіру; білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
 Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл», баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелесу, «Шеберхана» әдісі.
 Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
 Сабақта жұмыс істеу түрі: жұппен, топпен
 Сабақтың көрнекілігі:  
  -  «Қазақ әдебиеті» оқулығы, О.Абдиманұлы, С.Дюсебаев - Алматы, «Мектеп», 2010; 14-26 бет; 
-  «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, О.Абдиманұлы, С.Дюсебаев - Алматы, «Мектеп», 2010; 3-10 бет; 
-  А.Байтұрсыновтың шығармалар жинағы; 
-  Н.А.Некрасовтың шығармалар жинағы;   
-  Ноутбуктар, слайдты материалдар 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,  орыс әдебиеті,
 Сабақтың барысы:
 1. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа қатысуын және дайындықтарын тексеру.
 2. Психологиялық дайындық: әр студент жанындағы көршісіне жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.
 3. Оқытушы сабақтың тақырыбымен, типімен, күтілетін нәтижемен және бағалау шарттарымен таныстырады.
 4. «Миға шабуыл». Мақсаты: студенттерді жаңа материалды қабылдауға дайындық.
 4.1 Блиц сұрақ-жауап:
  - ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің қандай ғасыры?
 - Әдебиет қандай өнердің бір түрі?
 - ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ елінде қандай тарихи оқиғалар болды?
 - Осы кезеңдегі қазақтың қандай тарихи тұлғалары естеріңізге түсті?
 - «Бес арысқа», «Үш бәйтерекке» кімдер жатады? Олар неге солай топтастырылған?
 4.2. «Миға шабуыл» сәтін қорытындылау.
 5. Сөздік жұмысы: оқулықтың 25-бетінде берілген сөздерді жеке және хормен мәнерлеп оқу, аудармасымен танысу.
 6. Жаңа материалды меңгеру: «Шеберхана» сәті.
 6.1 Студенттер топқа бөлініп тапсырмаларды ноутбукта, дәптерлерінде орындайды.  
 1-топ: А.Байтұрсыновтың өмірбаяны туралы зерттеу жобасын әзірлейді. Сол зерттеу жобаны топтың бір мүшесі шығып таныстырады. Негізгі талап: орыс тілді аудиторияға түсінікті болуы, сөздікті және берілген слайд, фотосуреттерді қолдана отыра, тірек конспект әзірлеу.
 2-топ: А.Байтұрсыновтың жалпы шығармашылығы жайлы зерттеу жобасын негізгі талаптарға сай дайындайды.  
 Сергіту сәті:Психологиялық үйлесімдік туралы «Кактус» бейнеролигін тамашалау
 3-топ: А.Байтұрсыновтың хрестоматияда берілген туындыларымен таныстыру: тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері, моральдық мәні.
 4-топ: А.Байтұрсыновтың мысал аудармаларын Н.Некрасовтың туындыларымен салыстырады. «Лебедь, щука и рак» - «Аққу, шортан һәм шаян», «Пестрые овцы» - «Ала қойлар» мысалдарын салыстыру: тақырыбы, идеясы, моральдық мәні.
 6.2. Жаңа материалды қорытындылау (жұппен дайындайды):  
 - А.Байтұрсыновтың шығармашылығындағы негізгі тақырып?
 - Мысалдарында нені әшкереледі?
 - А.Байтұрсыновтың өмір жолында қандай қиын кезеңдер болды?
 - Ол неге «Бес арыстың» біріншісі болып саналады?
 6.3. Синквейн – Бес жол өлеңмен ақын шығармашылығын қорытындылау.
 7. Үй тапсырмасы: 1). Синквейн бойынша А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндау; 2). «Достыма хат» өлеңі бойынша «Достық қасиет қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беру.  
 8. Рефлексия: «Тыныс белгілер сезімі» ойыны арқылы студенттер сабақ туралы өз ой-пікірлерін ортаға салады: !!! – тамаша; ! – жақсы; ??? – жауап беруден қиналамын; ? – түсінбеген тұстарым бар; +++ - ұсыныс айтқым келеді. (Егер түсінбеген тұстары болса, сол студентке түсіну жолдары беріледі).  
 9.Студенттердің пікірін ескере отыра, оқытушы олардың білімдерін бағалайды және сабақтың мақсатына жету-жетпеуіне өз түйінін береді.