
 
  
 
  
 
  
 
  
 
 
 
 Тақырыбы:
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 ( 7 класс)
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Сабақтың тақырыбы: Адамның қасиеттері туралы мақал-мәтелдер
 Мақсаты: а)Оқушылардың халық ауыз әдебиеті тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру. Мақал – мәтелдердің, ертегілердің тақырыптарын игергендігін байқау.
 ә) Оқушылардың ізденушілігін арттыра отырып, шығармашылығын дамыту.
 б) Қазақ халқының ауыз әдебиетінің құндылығын қастерлеп, оны бағалай білуге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: Жарыс сабағы
 Сабақтың әдісі: Түрлендіріп өту әдісі және ойын элементтерін пайдалану.
 Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелі қағаздар
 Сабақтың барысы
  I Ұйымдастыру бөлімі
  Сәлемдесу
  Түгелдеу
  II Үй жұмысын тексеру
  «Толағай» ертегісін топпен айтып беру.
 Мұғалімнің сөзі:
  Балалар, бүгінгі сабақ жарыс ретінде өтеді, сол үшін мен сіздерді өткен сабақта топқа бөліп, тапсырмалар бердім.
 А)1-топтың аты «Достық» топтың жетекшісі «Көгершін» белгісі.
 Б)2-топтың аты «Жолдастық» топтың жетекшісі «Сұңқар» белгісі.
 Ойынның бөлімімен таныстырып кету
  I бөлім «Кім көп біледі» (Сауалнама)
  II бөлім «Тіл – өнер» Мақал-мәтелдердің екінші саңарын  
   құрастыру
  III бөлім «Сөзжұмбақ» шешуі
  IV бөлім «Тапқырлық» жетекшілердің сайысы
  V бөлім «Іздеген жетер мұратқа»
 
 
 Сайыс бастамас алдында жаңа сөздермен таныса кетейік және мақал мен мәтелдердің ережесін еске түсіріп, қайталайық.
 
 
  Сөздік
 Халық даналығы - народная мудрость
 Ынтымақ - согласие
 Жан дүние - душа
 Тыныс тіршілігі - существование
 Мақал - құрылысы жағынан екі бөлімді. Мысалы: Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса-жер ырысы.
 Мәтел – көбіне бір бөлімді болып келеді. Мысалы: Суға кеткен тал қармайды. Кесте бойынша жұмыстану.
 
 
   
 
 
 
   
 
 
 
 
 
     
 
 
 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    |  Өмір, жаңа дүние, тыныс-тіршілік | 
 
 
 
 0
 I бөлім: «Кім көп біледі?»
 1 Ертегілер дегеніміз не?
 2 Ертегілер қалай тараған?
 3 Ертегілер неше топқа бөлінеді?
 4 Қазақ халқының ауыз әдебиетінің түрлерін атаңыз
 5 Төрт түлік малдың иесін атаңыз?
 6 «Қыс» өленін кім жазған?
 7 М.Жұмабаевтың қандай өлеңін жаттадық?
 8 Портретпен жұмыс (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш. Уәлиханов) осылар туралы қысқаша ауызша мәлімет айту.
 9 «Әке мен бала» әңгімесін кім жазған?
 10 Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады? Қай топ сұраққа көп жауап берді, соған ұпай беремін.
 
 
 II бөлім: «Тіл-өнері»
 Оқушылар үйден әзірлеп келген мақал-мәтелдерін, бір-біріне қойып екінші сыңарын тапты.
 
 
 «Достық» тобының мақал-мәтелдері
 1 Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
 2 Досы жоқ адам –тұзы жоқ тағам.
 3 Тар жерде табысқан –кең жерде келіседі.
 4 Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
 5 Сөздің көркі мақал, Жүздің көркі сақал.
 
 
 «Жолдастық» тобының мақал-мәтелдері
 1 Шешендік күші – шындық.
 2 Аз сөйлесең де саз сөйле.
 3 Тіл қылыштан өткір.
 4 «Көрдім» деген көп сөз,
 «Көрмедім» деген аз сөз.
 5 Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
 
 
 III бөлім «Сөзжұмбақ» Оқушылардың әзірлеген сөзжұмбақтардын бір-біріне берін, шешуі.
 
 
 IV бөлім «Тапқырлық» Топтың жетекшілері тақтаға шығып, фонетикалық талдауын орындайды. Берілген сөйлемнен әсіресе мақал-мәтелдерге жасырыңқы сөзге талдауын жасау.
  Күш – білімде, білім- кітапхана.
  А.б б.б а.б
 Білім де 3буын, 7 әріп, 7дыбыс.
  Б- дауыссыз, ұяң
  І- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
  Л-дауыссыз, үнді
  І- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
  М- дауыссыз, үнді
 
 
 А.б б.б а.б
 Кітапта 3 буын, 8 әріп, 8дыбыс
 К- дауыссыз, қатаң
 І- дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
 Т- дауыссыз, қатаң
 А- дауысты, жуан, ашық, езулік
 П- дауыссыз, қатаң
 Т- дауыссыз, қатаң
 А- дауысты, жуан, ашық, езулік
 Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтып, жаттап алыңдар.
  1 Балықшы балықшыны алыстан көреді.
  Рыбак рыбака видит из далека.
 2 Ердің атын еңбек шығарады.
 Человек прославляет труд.
 3 Аз болса да,саз болсын.
 Лучше меньше, да лучше.
 4 Темірді қызған кезде соқ.
 Куй железо, пока горячо.
 5 Өлгеніңше үйрен.
 Век живи, век учись.
 6 Көз қорсақ, қол батыр.
 Глаза боятся, руки делают.
 7 Еңбек етсең- емерсің.
 Кто не работает- тот не ест.
 8 Біреуге ор қазба, өзің түресің.
 Не рой другому яму- сам упадешь.
 9 Не етсең, соны орарсың.
 Что посеешь, то и пожнешь.
 
 
 Әр тапсырманы дұрыс оырндаған топ тиелі ұпай жинап, келесі бекетке жолдама алады..
 Ү бөлім: «Іздеген жетер мұратқа» Мақал мәтелдің қай тақырыпқа жататынын анықтап және идеясын түсіндіру№
 1. Ерлік бірлікте емес, жүректе.
 2. Көз қорқақ, қол- батыр.
 3. Өнерлі өрге жүзеді.
 4. Кітап- алтын қазына.
 5. Білім арзан, білу қымбат.
 6. Ырыс алды- ыңтымақ.
 7. Бірлік болмай, тірлік болмас.
 8. Оқу- инемен құдық қазғандай.
 9. Ашу- дұшпан, ақыл- дос.
 10. Кекшіл болма, көпшіл бол.
 
 
 Қорытыңды: Ұпай санын санап, бағаларын қою.
 Үйге тапсырма беру: 1. Балалар, алда қандай мейрам келе жатыр? Соған байланысты 5 мақал- мәтел жаттап келу. (Бірлік, ынтымақ, сыйластық).
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


