| Өзін-өзі тану | Күні: 17.01.2017 | Сабақ №19 | 
  | Тарау тақырыбы | Адам және әлем тұтастығы | 
 | 
  | Сабақтың тақырыбы |  Армысың, кең дүние! | 
  | Сілтеме 
 | Оқулық авторы:    Мұғалімге арналған әдістемелік құрал, 6 сынып оқулығы.   | 
  | Жалпы мақсаттар |  Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көзкарастарын дамыту. | 
  | Оқыту нәтижесі | Оқушылар жеке, сынып бойынша жұмыс жасау нәтижесі жоғары болады. | 
  | Қолдынылған әдістері мен тәсілдері | Диалогтік оқыту, АКТ пайдалану, сыни тұрғыдан ойлау, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Блум кубигі. Шаттық шеңбері, мәтінмен жұмыс, әңгімелесу. | 
  | Сабақтың өтілетін уақыты | 45 минут 
 | 
  |  Ұйымдастыру кезеңі: |  Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару. Ынтымақтастық атмосфера құру. | 
  | Қызығушылықты ояту. | Ризамын бүгінге,Ризамын қазірге!
 Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
 Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
 | 
  |  Деңгейі |  Мұғ. сұрағы |  Оқушының іс-әрекеті | 
  | 1. Білу |  «Айналдым сенен, Атамекен!» атты бейнеролик көру.   |  Диалогтік оқыту арқылы оқушылар бейнероліктен алған әсерлерімен бөліседі, сұрақтарға жауап береді. | 
  | 2. Түсіну   |  Ой шақыру. 1. «Айналдым сенен, Атамекен!» әнінің авторы не айтқысы келді? 2. Дүниенің кеңдігін қалай түсінесіңдер? 3.«Дүние», «әлем», «қоршаған орта», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? 4. Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні қандай?   |   Өз ойларын емін еркін жеткізе алады, ойларымен бөліседі.   
 | 
  | 3. Қолдану   | Топтық жұмыс: 1.Мақсаты: Мәтінді алдымен жұпта, содан кейін ұжымда талқылау.   А. Бұлбұл Ә. Жарқанат Б. Қарақұрт 2. Жеке жұмыс: Блум кубигі бойынша жұмыс  Неге Атап бер
 Түсіндір Ұсын Ойлап тап Бөліс |  Мәтінді жоғары табыспен меңгереді, мәтін арқылы қорытынды шығарады. Топ мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. 2.Оқушылар дуние, қоршаған орта, әлем туралы мазмұнын ашатын сурақтарға жауап береді. | 
  | 4. Талдау   | Армысың кең дүние!  
 
 
 
 
 
 
 Де Бононың «Алты қалпақ» стратегиясы 1.Ақ қалпақ - Сіз қандай   ақпарат алдыңыз? 2. Қызыл қалпақ  - Кең дүние қандай сезімге бөлейді? 3. Сары қалпақ -Жағымды, пайдалы жақтарын саралаңыз. 4. Қара қалпақ - Қандай   қиышнылықтары бар? 5. Жасыл қалпақ- Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз. 6. Көк қалпақ - Қорытынды жасаңыз. |   Түсініктерін береді, салыстыру арқылы күрделі ойлау операциясын меңгереді. | 
  | 5. Жинақтау | Топтық жұмысты қорғау | Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды, мәтін бойынша өз ойларымен бөліседі. Топтағы оқушылардың жұмысын өз ара бағалау. | 
  | 6. Бағалау   |  Кері байланыс | 
 | 
  | 7.Рефлекция | Маған ұнады... Маған ұнамады... Мен ойландым... Келесіде мен қалаймын... |  Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін кестеге жазады. 
 | 
  | 8.Сабақ қорытындысы Жүректен жүрекке   |  « Ақ көгершін» - атты бейнефильм көру. Сөзі Н.Баймухамбетовтікі, әні А.Жұбановтікі   | Оқушылар тыңдайды, дайындаған көгершіндеріне тілек жазып бір біріне сыйлайды. | 
  | Үйге тапсырма |  Аралдан ұшқан аққулар атты әнін жаттау |