|   Коучинг тақырыбы   |    Логикалық ойлау қабілетін сыни тұрғыда дамыту       |  
  |   Мақсаты   |    Мұғалімдерге логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын түсіндіру және сыни тұрғыда ойлауды дамыту тәсілдерін тәжірибеде қолдануға үйрету   |  
  |   Оқу тапсырмасы       |    Мұғалімдерге логикалық ойлауды дамыту үшін қолданылатын сыни тұрғыда ойлау дағдыларын ұсыну.  Сыни тұрғыда ойлау тәсілдерін тәжірибеде қолдануға жетелеу.   |  
  |   Оқу жетістіктері   |     Сыни тұрғыда ойлау тәсілдерін біледі  Сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолданады  Сыни тұрғыда ойлауды оқу процесінде жүзеге асырады   |  
  |   Негізгі идеясы   |    Сыни тұрғыда ойлау - бақылаудың тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім     |  
  |   Тренинг   |    «Сыйлық тарту» . Мимика арқылы әр қатысушы бір- біріне сыйлық тарту етеді. 3мин   |  
  |   Топқа бөлу   |    Құрастырмалы пазлдар арқылы топқа бөлу, сыни тұрғыда ойлауға бағыттау   |  
  |   Барысы   |    Мұғалімдердің берілген тапсырмаларды орындау әрекеттері   |    Коучинг сұрақтары   |    Уақыты   |  
  |   1.Бейне таспа көрсету№1  «Баланың логикалық ойлау қабілетін сыни тұрғыда дамыту».   |    Мұғалімдер тақырыпты анықтап, талқылайды, өз дәлелдерін ұсынады.   |    -Әрине , бұл логикалық ойлау дағдысын тек математика сабағында ғана дамыту керек дегенді білдірмейді. Сонымен сыни тұрғыда ойлау дағдыларына тоқталайық.   |    2мин   |  
    Презентация «Сыни тұрғыда ойлау»     |    Презентацияның негізгі идеясы мен мазмұнын таныстыру.  Топпен жұмыс: Әр топ өз тобымен ақылдаса келе постерге кластер құрып жазады, топта талқылайды.  1-топ: Талқылаңыз «Сыни тұрғыда ойлайтын адам»  2-топ: Сыни тұрғыда ойлау дегеніміз не?  3-топ: Мұғалім оқытуда оқушылардың сыни ойлауын қалай дамыта алады?  (Төменнен жоғары деңгейге дейін қамту)   |    Постер қорғау   |    10 мин   |  
  |   Бағалау   |    Өзін-өзі бағалау, топты бағалау   |         |    1мин   |  
  |   3.Сыни тұрғыда ойлауды қабылдау. «Адасқан логикалық тізбектер»   |    Мұғалімдерге адасқан тізбектер жазылған сөздер қатары ұсынылады.Мұғалімдер жеке жұмыс жасайды және адасқан сөздерді табады. Нәтижелерін топта талқылап, түзетеді, дәлелдейді.  Түсінік: Сын тұрғыда ойлау, дәлелдеу, кері байланыс беру   |    Жетелеуші сұрақтар:  -Егер жауабын білмесеңіз, неге сүйеніп шешім қабылдайсыз?  -Логикаға   |    10 мин   |  
  |   Бағалау   |    Берілген дұрыс жауаптар арқылы өз жұмыстарын түзетеді және өзін-өзі бағалайды. Әр дұрыс жауап -1 балл   |         |    1мин   |  
  |   4.Топпен жұмыс   |    Постерге қысқаша мағлұматтар жазады және басқа топтарға түсіндіреді.  1-топ қарастырады: «Фишбоун» , «Түсінік ағашы»  2-топ қарастырады: «Кластер құру» және «Ақылдың кілті»    3-топ қарастырады: «Дамыту жолдар» , «Ашық және жабық сұрақтар»  4-топ қарастырады: «Блумның гүл текшелері», «Миға шабуыл»   |    Мысал келтіріңіз   |    25 мин   |  
  |   Бағалау   |    Өзін-өзі бағалау, топты бағалау   |         |    1мин   |  
  |   5.«Жаңа идея» тренингі   |    Мұғалімдер дөңгелене тұрып, кезекпен проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдіреді.Сыни тұрғыда ойлауды түсінеді.     |    -Елестетіңіз, Антарктидада ауа температурасы 10 градусқа төмендеді. Пингвиндар бұл қиындықтан шығу үшін не ойлап табады?   |    10мин   |  
  |   6.Бейнетаспа№2   |    Талқылау және шешім қабылдау .  (Ашық сұрақтар және жабық сұрақтар, салыстыру, талдау).   |    -Бұл сюжетте логикалық ойлауды дамыту үшін қандай сыни тұрғыда ойлау тәсілдері қарастырылды?   |    10мин   |  
  |   7.«Суреттер» тапсырмасы   |    Мұғалімдер 3 топқа бөлінеді.Бұл жерде логикалық ойлау қабілеттері жаттығады.  1-топ: суретке қарап әңгіме құрастырады.  2-топ: зат есімдерді табады  3-топ:сын есімдерді табады.   |    Суретке қарап әңгіме құрастыру   |    6мин   |  
  |   Бағалау   |    Өзін-өзі бағалау, топты бағалау   |         |    1мин   |  
  |   Ресурстар   |    Бейнетаспалар, презентация, стикерлер және постерлер   |         |         |  
  |   Рефлексия, кері байланыс (мұғалімдердің оқу жетістіктерін қалай анықтайсыз?   |    Ойын: «Жалғасын тап......»   |    Топтағы әр мұғалім бірінен соң бірі тізбектей айтып шығады:  -«Мен бүгін ........білдім»   |    5 мин   |  
  |   Кезеңдер  (мониторинг)   |         |         |         |