Просмотр содержимого документа
«"Білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы"»
Тақырып
Білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы.
Сілтеме
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаты
Бағдарламаның мақсаты мен міндетін түсіндіре отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже
оқыту мен оқудағы тәсілдерді үйреніп, оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалануы.
Түйінді идея
Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыра отырып нәтижелі оқытуға бағыттау. Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатында мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі.
Ресурстар:
Видео, флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, А3 форматы, суреттер, бояу құралдары.
Коучинг сессияның өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері
Уақыты
Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу
2 мин
Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Сергіту сәті.
(Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату)
3 мин
Коучингке қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, оларды алаңдататын мәселелердің сипаты мен табиғатын ойлаңыз. Қатысушыларға анимациялық бейнеклиптегі кейіпкерлердің әрекеттерін қайталай отырып, билету.
Топқа бөлу
1 мин
Қатысушыларды стикерлер арқылы шағын топтарға бөліп, шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсету.
Бейнежазба «Әлем өзгереді – мен де өзгеремін»
7 минут
Бейнежазба көрсету арқылы Кембридж бағдарламасынының мазмұны мен мақсаты, педагогикалық шеберлік орталығы мен Назарбаев зияткерлік мектебі туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Презентация «Жеті модуль – жеті әлем»
5 мин
Презентация арқылы диалог ұйымдастырып, қатысушылардың жеті модуль туралы пікірлерін тыңдау.
Ойтолғау
4 мин
Топтық жұмыс «Он жетінші қара сөз» Абай.
Топтық жұмысты бақылау
Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.
Мағынаны ашу
10 мин
Мұғалімдердің пікірлерін талқылау және топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топта жұмыс істеу нұсқаулығын қолдана отырып, не орындау қажеттігін шешу. Қатысушылардың белсенділігін арттыра отырып, тақырыпты өздері ашуына мүмкіндік беру
Бағалау, қорытындылау
5 минут
Тақырыпқа тұжырым жасау, топтарды бағалау. Бейнежазба мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың топтарда бірлесе жұмыс істеу қорытындысы.
Топтық жұмысты бағалауға арналған кесте
Диалог
6 минут
Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?
Мультфильм үзіндісін көрсете отырып, қатысушылармен диалог ұйымдастыру.
Рефлексия
2 мин
Мұғалімдердің пікірлерін стикерге жаздырып, арнайы суретке жапсыру және топтағы жұмыстың тиімділігін кері байланыс арқылы білу.