| Сабақ тақырыбы: | Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге. | 
  | Білімділік:   | Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың ұлттық теңге жайлы ақпараттық ұғымын қалыптастыру.   | 
  | Дамытушылық:   | Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру. | 
  | Тәрбиелік: | Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру.   | 
  | Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. | 
  | Жетістік крирерийлері: | ОТЖ: ұлттық теңге жайлы ақпарат береді.   ООЖ: ұлттық теңге жайлы айтады, сипаттайды, өойылған сұрақтарға жауап береді.   ОЖЖ: тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, ұлттық теңгеге байланысты шағын мәтін құрайды.   | 
  | Жаңа сөздер:   | Шыққан жылы, бейнесі, төл теңге, өңір, мерейтой, арнайы, ерекше. | 
  | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | 
  | Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. | Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. | 
  | Өткен сабақты тексеру | 28 бет, 7-тапсырма. жазбаша жұмыстарын тексеремін. Сонымен қоса жаңа сөздерді сұраймын. (А4 парағына жазып отырады)   | Жаңа сөздерді жазады.   | 
  | І.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Ұлттық теңге» деректі бейнежазбаны көрсету. | Бейнежазбаны тамашалайды.   | 
  | ІІ.Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту. Оларды оқып, оқушыларға қайталатады.   | Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Жазылым.   Сөздік дәптерлеріне жазып алады.   | 
  | 
 | 2.Мәтіналды жұмыс.   А.Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. 1.Баланың қолында не бар? 2.Ол ақшаны не үшін қолданады?   | Жазылым. Сұрақтарға жауап жазады.   | 
  | 
 
 
 
 
 Сергіту сәті | 3.Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындату.   Аталған елдердің ұлттық валюта атауларын жазу.   Ресей – рубль   Қытай – юань Қызғызстан - сом Өзбекстан – сум   Үндістан – рупия Германия – евро Египет – фунт Англия – фунт стерлинг АҚШ – доллар   Түркия - лира (8-тап) | Тыңдалым. Оқылым.   | 
  | 
 | Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тап.орындату.   Менің ақшам. Сенің ақшаң Сіздің ақшаңыз Оның ақшасы.   Біздің ақшамыз. Сендердің ақшаларың. Сіздердің ақшаларының. Олардың ақшалары.   | Сөздерге қосымша жалғап жазады.   | 
  | IV.Бекіту. | «Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру.   | Екі топқа бөлінеді. Жеребе тастау арқылы елтаңба мен ту туралы айтып береді.   | 
  | V.Үйге тапсырма. | 32 бет, 9-тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап келу.   | Үй тапсырмасын жазып алады. | 
  | VII.Рефлексия. | 
 | Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарын жапсырады.   |