| 4 сынып.   | Әдебиеттік оқу | күні | Мұғалімі | 
  | Тақырыбы | Ақ жайық. А. Құдайбергенов. | 
  | Мақсаты | Тақырыбы мен идеясын аша білу, өз желісінде әңгімелеу. Көркем әдеби сөйлеу тілдерін дамыта түсу. Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір – бірімен тіл табыса білуге, бірін – бірі сыйлауға үйрету. Еңбекке баулу. | 
  | Күтілетін нәтиже | Тақырыбы мен идеясын аша білуге, өз желісінде әңгімелеуге, көркем әдеби сөйлеу тілі дамиды. Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқарады, бір – бірімен тіл табыса біледі, бірін – бірі сыйлауға үйренеді.   | 
  | Білім | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Модуль | Ресурс | 
  | Білу  ( 5мин) | Өлеңді оқушылармен бірге қимылмен көрсету, мазмұнын талдау. « Топтастыру» арқылы «еңбеккорлық» сөзіне түсініктеме беру | Сәлемдеседі,назарларын Сабаққа аударады, оқушыларды топқа бөледі, сұрақтар береді, үй жұмысын тексереді. | Сәлемдесіп оқу құралдарын дайындайды, топқа бөлінеді,үй жұмыстарын талқылайды | Топтық жұмыс, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. | Тақта, стикерлер, оқулық | 
  | Түсіну 5мин | Мәтінді өз беттерінше оқу   
 
 Бір- бірімен бірігіп орындайды   
 
 
 | Түсіндіреді,   бағыт береді | Өз бетімен жұмыс жасайды, ой өрісін дамытады, бір бірімен бірігіп орындайды |  Топтық жұмыс 
 | Дәптерге орындайды   | 
  | Қолдану 30 мин | 4.Мағынаны тану. Жаңа сабақпен таныстыру. Автор жайында білгендерін сұрап, көрнекіліктер арқылы толықтыру. Мәтінмен таныстыру.  а)Мәтінді тізбектей оқу, артынан сөздік жұмысын атқару. Өзек – өзен ағатын арна. Тұнығында – тереңінде.  ә)Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасау. Әрқайсысына сипаттама беру, жинақтап алу, ойда сақтау. 
 | Сыныптағы кейбір оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі, тақтада есеп шығартылады. 
 
 Мәтінмен таныстыру; сөздік жұмысы; 
 
 
 
 Талдау жасау |  а)Мәтінді тізбектей оқиды, артынан сөздік жұмысын жазады; Өзек – өзен ағатын арна. Тұнығында – тереңінде.  ә)Мәтіндегі басты кейіпкерлерге талдау жасайды. Әрқайсысына сипаттама береді, жинақтайды, ойда сақтайды | Жеке жұмыс, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту қолданылады. | Алдын-ала дайындалған сұрақтар   | 
  | Талдау   
 
 5 мин | б) Сұрақ-жауап алу арқылы бекіту. -Жайық басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске ұшырады? - Жайық өзені туралы тағы не білесің?(картамен жұмыс) т.с.с. Сергіту сәті:музыка әуеніне билеу |   
 
 Тапсырма береді. | Жайық басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске ұшырағанын айтады;   - Жайық өзені туралы тағы не білетінін айтады /картамен жұмыс/ музыка әуеніне билейді | 
 
 
 
 Өз орнында жұмыс жасайды | 
 
 
 
 Сұрақтар   | 
  | Жинақтау   1 мин 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Рефлексия 
 
 
 
 
 | 5.Ой түйіндеу.-Баланың сұрағы-на әжесінің берген жауабын қандай мақал – мәтелмен түсіндірер едің?   Жеке, жұпта, топта талқылау. Оқушылардың пікірін тыңдау. -Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай, өзің нені көкірегіңе түйіп алдың? -Бұдан қандай қорытынды жасар едің? Өтілген сабақ туралы өз ойларын жаздыру. Дәптерге қысқаша ойын жазғызу, қортындылау | 
 
 
 
 
 
 Оқушымен кері байланыс орнатады. | 
 
 
 
 
 
 Рефлекция жазады, мұғалімге береді. | 
 
 
 
 
 
 Жеке жұмыс | 
 
 
 
 Стикерге жазып,   өз ойын жеткізу. | 
  | Бағалау 
 
 
 
 2мин | Өзін өзі бағалау,   үйге: Идеясын ашып, мазмұнын біліп келу. 72, 73 – бет.   Өз өлкеңдегі өзен –көлдер туралы не білесің? Сипаттап жаз.   | 
 
 Формативті бағалау | 
 
 Күнделіктеріне баға қойдыртады | Топтағы жұмыстарын қорытынды-лайды. | 
 
 Күнделік, оқулық |