?аза?стан Республикасы 1991 жылы ?з т?уелсіздігіне ие болды. Содан бері елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? бастауымен хал?ымыз ?аншама к?рделі кезе?дерді, к?рмеулі ?иынды?тарды бастан кешірді. Ас?ар асулардан асты, алапат к?рестер мен арпалыстарды ?ткізді.
Сахнада «?нді биі» орындайтын «Алтынай» бишілер тобы.
2 Ж?РГІЗУШІ: Наргиз
??ла?тан кіріп, бойды алар
?сем ?н мен т?тті к?й,
К??ілге т?рлі ой салар
?нді с?йсе?, менше с?й!
1 Ж?ргізуші:
?н –к?мейді? маржаны,
Т?ла бойды сергіткен.
?н – к??ілді? арманы,
Ж?регі?ді тербеткен!
Т?леубай ?йгерімні? орындауында « ».
К?й ойнайды баяу.
?ала мен ауыл мектеп о?ушылары арасында КВН лигасыны? финалында з орын иеленген, е? ?здік командаларды? бірі «?зіл державасы» КВН командасын орта?а ша?ырайы?.
2 Ж?ргізуші:
Т?уелсіз ?аза?стан атты Киелі ша?ыра? астына бірігіп, 100-ден астам ?лт ?кілдері ке?-байта? ?аза? жерінде тату-т?тті ?мір с?руде. Б?гінгі Т?уелсіз елімізді? к?ннен-к?нге к?ркейіп, н?рланып, ?арыштап дамып, ?сіп келе жат?аны республикамызды мекен еткен ?лттар мен ?лыстар арасында?ы ынтыма? пен бірлікті?, досты? пен татулы?ты? ар?асы.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді қонақтар! «Жаса, Қазақстан» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 ЖҮРГІЗУШІ:
Уа, Дариға!
Еркіндік пен Егемен!
Қадіріңді түсінбейін неге мен?
Байтақ елдің ырысына айналып,
Бақыт нұры себелеп тұр төбеден.
1 ЖҮРГІЗУШІ:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам.
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты
2 ЖҮРГІЗУШІ:
Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,
Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.
Қазағымның әні болған, жыры болған.
Жастар үні – он алтыншы Желтоқсан.
Астана қаласында өткен Халықаралық «Ақ көгершін» байқауының 3 - орын иегері Дархан Ақжолдың орындауында «Жас қанат ұраны» әні. Ду қол шапалақпен қарсы алайық.
1 ЖҮРГІЗУШІ: Азамат
Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың cан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғандығының арқасы.
2 ЖҮРГІЗУШІ: НАргиз
Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігіне ие болды. Содан бері елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен халқымыз қаншама күрделі кезеңдерді, күрмеулі қиындықтарды бастан кешірді. Асқар асулардан асты, алапат күрестер мен арпалыстарды өткізді.
Енді міне, Бүгінгі Қазақстан қандай?
1 жүргізуші:
Тәттілігі балдай,
Тұлғасы нардай,
Сұлбасы жардай.
Ажары менен дидары,
Арайлап атқан таңдай.
2 ЖҮРГІЗУШІ:
Домбыра – қазақ жаны, мөлдір әні...
Кімдер ол қомсынатын домбыраны?!
Арманын әз халықтың ғасырларға
Жеткізген дүлдүл қайдан болдырады?!
Мектебіміздегі «Домбыра дастан» үйірмесінің жетекшісі Біржанов Төлеген және оның шәкірттерін ортаға шақырайық. «Келіншек » күйі. Орындайтын ансамбль.
1 ЖҮРГІЗУШІ: Көңіл қызып, тасысын,
Би сандығы ашылсын
Көрермендер қол соғып,
Бишілерді қарсы алсын.
Сахнада «Үнді биі» орындайтын «Алтынай» бишілер тобы.
2 ЖҮРГІЗУШІ: Наргиз
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй!
1 Жүргізуші:
Ән –көмейдің маржаны,
Тұла бойды сергіткен.
Ән – көңілдің арманы,
Жүрегіңді тербеткен!
Төлеубай Әйгерімнің орындауында « ».
Күй ойнайды баяу.
Қала мен ауыл мектеп оқушылары арасында КВН лигасының финалында з орын иеленген, ең үздік командалардың бірі «Әзіл державасы» КВН командасын ортаға шақырайық.
2 Жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан атты Киелі шаңырақ астына бірігіп, 100-ден астам ұлт өкілдері кең-байтақ қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүруде. Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің күннен-күнге көркейіп, нұрланып, қарыштап дамып, өсіп келе жатқаны республикамызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақ пен бірліктің, достық пен татулықтың арқасы.
1 Жүргізуші: Достығымыз мәнгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын!
Тату-тәтті, бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын!
Сансызбай Нұрасылдың орындауында « Қос бәйтерек » әнін қарсы алыңыздар. Ду қол шапалақпен қарсы алайық.
2 Жүргізуші : Наргиз
Қазақстан!
Түні – арай, таңы – нұр,
Қазақстан!
Бақ пен байлық берекенің бағы – бұл,
Сан ұлттардың тағдыры бір, дәмі бір,
Әр қазақтың ары – бұл.
Әр қазақтың шырылдаған жаны – бұл,
Дархандық пен тектіліктің тағы – бұл,
Мақтанышпен айтатұғын әні – бұл!
Қазақстан!
«Жаным қазақ» орындайтын Сапар Әлішер
1 Жүргізуші :
Қадірменді халайық, құрметті қонақтар!
2Жүргізуші : Назар қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Екі жүргізуші бірге қосылып Кездескенше күн нұрлы болсын!