Армысыздар, б?гінгі мерекемізді? ?адірлі ?она?тары,??рметті ?стаздар мен о?ушылар!
Жылда ?ырк?йек айыны? ?шінші жексенбісі ?аза?стан Республикасыны? халы?тарыны? Тілдер мерекесі болып жариялан?ан. Осы отыр?ан барша?ызды мерекемен шын ж?ректен ??тты?тай отырып Тіл т?тасты?ы- ел т?тасты?ы атты іс-шарамызды тарту етеміз.
мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау,
өзге ұлт өкілдері- жастарының арасында қазақ тілін білу,
деңгейін көтеру, ана тілін , Отанын, елін, жерін сүйе білуге,
оның тарихын, салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:нақыл сөздер жазылған плакаттар,
«ТІЛ- ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ»,
«ТІЛ ТҰТАСТЫҒЫ- ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ» атты
газет, шар, гүлдермен безендірілген зал т.б.
Алтын бесік ағайын, туған жұртым,
Дос бөліссе қыза түсер думаның
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзіне ТІЛ заңын.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
1. Қазіргі ең таза, ең бай,ең табиғи және
бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып
қалған бір тіл болса, ол-қазақ тілі.
А.Саади
2. Тілден биік асқар жоқ,
тілден асқан байлық жоқ,
тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов
3. Ұлттың келбетін сақтайтын үш-ақ
нәрсе бар. Ол-тілі, дәстүрі,діні.
Қ.Мұхамеджанов.
Армысыздар, бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонақтары,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жылда қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер мерекесі болып жарияланған. Осы отырған баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтай отырып Тіл тұтастығы- ел тұтастығы атты іс-шарамызды тарту етеміз.
Өлең «Жат жұртқа мақтанамыз.....
Қуан,далам,қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
Қуан, бабам! Қуанатын күн бүгін!
Деген едің :»Тіл бар жерде өмір бар!
«Халық жауы» атандық-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда.
Қуан, анам! Ұзағынан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тіліңді,
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп!
Бүгін «АНА ТІЛІ» төрін күмбірлеген күймен ашуға рұқсат етіңіздер.
--Күй. Көңіл толқыны.
Сен қазақсың өз тіліңді қорғаған,
Тілің үшін намысыңды тыңдаған
Ана тілің арың менен намысың,
Сол себептен қазақ болсын қолдаған
--Өлең.»Білмеймін тілім барда мен қайғыны»
--Өлең.«Мемлекеттік тіл»
--Ән «Ананың тілі»
Сен қазақсың өз тіліңді ардақта,
Өнерменен өз тіліңді мадақта.
Өзге тілдің бәрін білу мықтылық,
Өз тіліңнің сен қадірін жоғалтпа.
--Қазақ биі.
--Өлең.І.Жансүгіров.»Анам тілі»
Сен қазақсың домбыраны қолға алған
Атамұра аспаптарда ойнаған
Сондықтан да өлеңменен жыр төгіп
Той- думанды қызықпенен атқарған.
--Күй.» Балбырауын»
--Өлең. С. Торайғыров» Мен қазақ»
Сен қазақсың намыс үшін жаралған
Мұқағали,Абайлардан нәр алған
Өз елінде,өзжеріңде жүрсең сен,
Сенің сыртың шекарамен қоршалған.
--Өлең.М.Мақатаев»Үш бақытым»
--Өлең.М.Жұмабаев «Қазақ тілі»
--Күй. Бақтыбай
Сен қазақсың сынай білген жаман-жақсы бәрін де,
Болмасыншы қазақ үшін жаманшылық өмірде.
Жамандықты жасырамыз,жақсылықты асырған,
Мұның өзі бір қасиет,қазақтың бұл жерінде
--КВН
--Өлең.Әбдірахманова Т.»АНА ТІЛІМ»
--Ән.»Ана туралы жыр»
--Шығыс биі.
Сен де қазақ, мен де қазақ, ол да қазақ болсын деп,
Тілімізді қорғаштайық қызғыш құстай үлпілдеп,
Ана тілің жанашырың, мақтанышың бәрі де,
Бақ дәулетің ,кем- кетігің біле- білсең тілің де.
--Өлең. «Ананың тілі»
--Ән. «Қазақ қызы»
Дала үніндей «Ана тілім» домбыра
Бабалардан қалған асыл сый мұра.
Сен тұрғанда күмбірлегенкүй шертіп,
Жырлай берем,жырлай берем ,халқыма
--Күй. «Ерке сылқым»
--Би. «ҚАРА ЖОРҒА»
Тілім менің ғасырлардан аманат!
Аманатқа адал болсын Қанағат,
Ар- намысқа келтірмейік жаманат
ҚАЗАҚ болып туылдың ба,
ЕНДЕШЕ,
Өз тіліңді өзгелерге БАҒАЛАТ,- демекші өзге елде жүрген отандастарымыз туған елінен жырақта жүріп,өз елін,өз жерін,өз тілін сағынып, қастерлеп, қасиет тұтады.Мысалы,Қытайдағы қазақ тілінің мәртебесі жоғары.Онда тілдер мерекесі үш күн тойланады.
Тіл мерекесі тек көрші Қытай елінде ғана тойланбайды, анау жатқан Англияда да тілдер мерекесі тойлануда.
ҚАЗАҚ ТІЛІ- дана тілі , асыл тіл,
ҚАЗАҚ ТІЛІ-баба тілі,ғасыр тіл.
ҚАЗАҒЫМНЫҢ қуанышын сен жырлап,
Елдігімнің дәрежесін, асыр тіл,-деп жырлағандай бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты мерекелік мерейтойымызды аяқтаймыз.