Алдар К?се: Армысы?дар балалар! Мерекелері? ??тты болсын! Мынау кім деп та?данып т?рсы?дар ма!Мен ?аза?ты? ата?ты…Жо? айтпаймын, ?здері? табы?даршы мен кім екенімді. Б?гін мереке тез басталсын десе?іздер онда жылдамыры? табы?ыздар.
Жа?а жылды ?арсы алмай – а? ?лейін деп едім. ?ой одан да Жайы??а батып ?лейін.
Шайтан 1: Ойбай ?лме! ?ле к?рме! Сен бізге керексі?. Шыршаны жа??ызбаймыз жылды ?рлаймыз, ?ызы??а батамыз. ?лме!
Алдар к?се: Жо?, жо?. Мен ондай іске бара алмаймын. (шайтандар жалынады). Сендер жаманды?ты жасап алып, жо? болып кетесі?дер, к?зге к?рінетін мен, жо?, болмайды!
Алдар к?се: Мені? бір ?ана ?нім бар.Сол біткенше к?терсе?дер болады. Алдарды? ?ні.Шайтандар ??лайды.
Алдар к?се: Сендер мына т?рлері?мен баратын жерге жете алмайсы?дар.
Шайтан 1: Алдаржан, сен ауырсы? ?ой, одан мына отыр?ан балаларды к?терейікші…
Алдар к?се: Балаларды к?теріп не істейсі?дер? Одан да осы балалармен ойын ойнайы?, егер сендер же?ілсе?дер, онда жа?а жыл болады.
Шайтан 1: Келістік.
Алдар к?се: Ойнау ?шін ?з тобымыз болу керек. К?не, балалар, екі шайтанны? к?зін байлаймыз. Олар ?а?пашы болады. Ал, ?ал?андарымыз сол ?а?падан білдірмей ?теміз. Ал, шайтандар ?тіп бара жат?ан баланы ?стап алса?дар, сол бала сендерді? топтары?а кіреді. Ал, ?ал?андары мені? тобым болады.э
1-ойын «?а?пашы»
2-ойын «А?шылар мен ?ояндар»
Ойыншылар екі топ?а б?лінеді. А?шыларды? саны ?ояндардан аз болады, бір-бірінен ?ашы?ты?ы 50-100 м. Екі ше?бер сызылады. ?ояндар бір ше?бер ішіне орналасады.ше?бер сыртында т?р?ан а?шылар ?оян індеріні? (ше?берді?) арт жа?ынан барып ая?тарымен жерді «?аза»бастайды. Сол кезде, ?ояндар бірінші іннен екінші інге ж?гіріп ?тулері керек. Сол кезде а?шылар ?стап ал?ан ?ояндар ойыннан шы?ып ?алады.
Алдар к?се: Ура! Біз же?дік! Енді жа?а жыл болады.
Шайтан 1: Жо?! Болмайды! Сендер ыл?и же?е бересі?дер. (2-шайтан?а). ?ане, ?ста мына Алдарды! ?ол ая?ын байлап тастаймыз (балалар?а). Сендер шешуші болма?дар.
Алдар к?се: Олар Жа?а жылды ?рлап, Д?уге біз ??т?ара алмаймыз. Ол ?шін Д?уден ?оры?пайтын си?ыры к?шті адам болу керек. Балалар, Д?уді же?етін ?андай ертегіні? кейіпкері еді? ?ане, ша?ырайы?!
Балалар: ?а?ба? шал.
(?н - музыка. ?а?ба? шал шы?ады.)
?а?ба? шал: Енді ?ана ма?дайым терлеп шай ішіп отыр едім. Та?ы да мына ел ?шырып алып келді.??. .А? .. шаршадым. Мені ?стай т?ры?даршы, ?шып кетпейін, біраз ?йы?тап алайын.
А?ША?АР:
Армысыздар, о?ушылар, ата-ана,
Жа?а жылдары?ыз ??тты болсын.
Жа?а жыл бірлік пен татулы? жылы болсын,
?р отбасы ?шін ырыс пен береке жылы болсын.
- Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін дей отырып бүгін мерекелік шыршамызды өткізгелі отырмыз. 1-жүргізуші: Кел, Жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де! 2-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге. 1-жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз, балалар. 2-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар!
Дабыл қағушы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Естімегендер, естіңіздер
Жаңа жыл той басталды
Дабыл қағушы: Тыңдарыңыздар! Тыңдаңыздар! Аяз ата, Ақшақарды қарсы алуға дайындалыңыздар!
Музыка ойналады.Алдар көсе шығады.
Алдар Көсе: Армысыңдар балалар! Мерекелерің құтты болсын! Мынау кім деп таңданып тұрсыңдар ма!Мен қазақтың атақты…Жоқ айтпаймын, өздерің табыңдаршы мен кім екенімді. Бүгін мереке тез басталсын десеңіздер онда жылдамырық табыңыздар.
Балалар: Алдар көсе
Алдар көсе: Ә-ә-бәәәрекелді! Міне дұрыс таптыңдар!
Хоровод
Алдар көсе: Тоқтай тұрыңдар! Бір дыбыс естіледі (музыка).Сендер ештеңе естіген жоқсыңдар ма!
Балалар: Жоқ!
Алдар көсе: Ә, таптым, таптым! Бұлар бірдеңені бүлдірейін деп жүрген шайтандар болды.Әй, қайдасыңдар, шығыңдар! Балалар, мен қазір өтірік өліп қалайын да, бұлардың не істейін деп жүргенін біліп алайық, ал сендер ештеңе айтпаңдар.
Музыка. Шайтандар шығады.
Шайтан 1:Естідің бе? Құрметті қонақтарды қарсы алуға дайындалыңдар дейді. Сонда біз не? Құрметті қонақ емеспіз бе?
Шайтан 2: Қалай ренжімейсің а, қалай ренжімейсің? Анау кәрі шал Аяз Ата мен жап-жас Ақшақардан неміз кем?
Шайтан 1: Бір жамандық жасағым келіп қолымның қышып тұрғанын қарашы! Не істесем екен а?
Шайтан 2: таптым, таптым
Шайтан 1: Не таптың?
Шайтан 2: Біз екеуіміз, Жаңа жылды болдырмаймыз.
Шайтан 1: Қалай?
Шайтан 2: Жаңа жылды жолдан ұстап алып, тығып тастаймыз. Жаңа жыл жоқ, ештеңе болмайды.
Шайтан 1: Жоқ, жылды ұстап алып Дәуге береміз. Ол Дәуден ешкім де тартып ала алмайды. Ойлап таптым!
(шайтандар биі).
Шайтан 1: (Алдарды көріп): Өй, мынау өліп қалыпты .
Шайтан 2: Тексеріп көрейік, шын өліп жатыр ма, әлде өтірік өлген бе?
Жаңа жылды қарсы алмай – ақ өлейін деп едім. Қой одан да Жайыққа батып өлейін.
Шайтан 1: Ойбай өлме! Өле көрме! Сен бізге керексің. Шыршаны жаққызбаймыз жылды ұрлаймыз, қызыққа батамыз. Өлме!
Алдар көсе: Жоқ, жоқ. Мен ондай іске бара алмаймын. (шайтандар жалынады). Сендер жамандықты жасап алып, жоқ болып кетесіңдер, көзге көрінетін мен, жоқ, болмайды!
Шайтан 2: Ә, оның жарасы жеңіл. Мынаны аузыңа салсаң көрінбей кетесің. (Бір тал шашын жұлып береді). Кеттік!
Алдар көсе: Мен шаршадым, мені көтеріп барыңдар.
Шайтан 1: Сен ауырсың.
Алдар көсе: Менің бір ғана әнім бар.Сол біткенше көтерсеңдер болады. Алдардың әні.Шайтандар құлайды.
Алдар көсе: Сендер мына түрлеріңмен баратын жерге жете алмайсыңдар.
Шайтан 1: Алдаржан, сен ауырсың ғой, одан мына отырған балаларды көтерейікші…
Алдар көсе: Балаларды көтеріп не істейсіңдер? Одан да осы балалармен ойын ойнайық, егер сендер жеңілсеңдер, онда жаңа жыл болады.
Шайтан 1: Келістік.
Алдар көсе: Ойнау үшін өз тобымыз болу керек. Кәне, балалар, екі шайтанның көзін байлаймыз. Олар қақпашы болады. Ал, қалғандарымыз сол қақпадан білдірмей өтеміз. Ал, шайтандар өтіп бара жатқан баланы ұстап алсаңдар, сол бала сендердің топтарыңа кіреді. Ал, қалғандары менің тобым болады.э
1-ойын «Қақпашы»
2-ойын «Аңшылар мен қояндар»
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан аз болады, бір-бірінен қашықтығы 50-100 м. Екі шеңбер сызылады. Қояндар бір шеңбер ішіне орналасады.шеңбер сыртында тұрған аңшылар қоян індерінің (шеңбердің) арт жағынан барып аяқтарымен жерді «қаза»бастайды. Сол кезде, қояндар бірінші іннен екінші інге жүгіріп өтулері керек. Сол кезде аңшылар ұстап алған қояндар ойыннан шығып қалады.
Алдар көсе: Ура! Біз жеңдік! Енді жаңа жыл болады.
Шайтан 1: Жоқ! Болмайды! Сендер ылғи жеңе бересіңдер. (2-шайтанға). Қане, ұста мына Алдарды! Қол аяғын байлап тастаймыз (балаларға). Сендер шешуші болмаңдар.
Алдар көсе: Олар Жаңа жылды ұрлап, Дәуге біз құтқара алмаймыз. Ол үшін Дәуден қорықпайтын сиқыры күшті адам болу керек. Балалар, Дәуді жеңетін қандай ертегінің кейіпкері еді? Қане, шақырайық!
Балалар: Қаңбақ шал.
(ән - музыка. Қаңбақ шал шығады.)
Қаңбақ шал: Енді ғана маңдайым терлеп шай ішіп отыр едім. Тағы да мына ел ұшырып алып келді.Ұһ. .Аһ .. шаршадым. Мені ұстай тұрыңдаршы, ұшып кетпейін, біраз ұйықтап алайын.
Алдар көсе: Қаңбақ ата, сәлем бердік.
Қаңбақ шал: Жоқ! Жоқ! Жоқ! Әбден шаршадым, ылғи ұшам да жүрем.
Алдар көсе: Қаңбақ ата, біз сіздің көңіліңізді көтерсін деп шақырдық.
Қаңбақ шал: Ә, солай ма? Мұнда балалар көп екен ғой! Сәлемет пе балалар! Ән тыңдап, би билегілерің келеме? Қазір мен сиқыр жасаймын.
(Қаңбақ шал Алдар көсенің жібін ағытады )
муз. нөмір, би.
Қаңбақ шал: Тү, рахаттанып қалдым ғой. Ал не болды?
Алдар көсе: Ата, бұл балалар Жаңа жыл тойлануға жиналған. Ал, шайтандар Жаңа жылды ұрлап Дәуге апарып берді.енді жылды құтқармасақ қалай болады?
Қаңбақ шал: Еһе, Алдаржан, олар қосылса қиын болады. Бізге көмек керек.
Алдар көсе: Онда кімді шақырамыз?
Қаңбақ шал: Соларды жеңіп Жаңа жылды босатуымыз керек.
(қаңбақ шал сиқыр жасайды.Музыка.Дәу мен шайтандар шығады.)
Алдар көсе: Сендердің Дәулеріңді біздің Қаңбақ атамыз жоқ қылады. Одан да жылды босатыңдар.
Дәу: ха-ха-ха! Ал, босатпаймыз!Тек Жаңа жыл емес, жылдың бәрін де қамап қойдық. Алыспақ керек пе атыспақ керек пе?
Қаңбақ шал Алыспақ та атыспақ та керек емес. Қане ойын ойнаймыз. Кім жеңер екен?
Дәу: Қане, ойнаймыз!
Қатысушылар жұпқа бөлініп, маңдайларының арасына шарларды қысып мынадай шарттар жасаулары керек. «Бір қадам солға», «бір қадам оңға», «отыру», «секіру», «билеу».
Обручпен ойын.
(Дәу обручтан өте алмайды.)
Қаңбақ шал: Ал, Дәу жеңілдің, енді жылды босат.
Дәу: Мен білмейтін ойынды ойнайсыңдар. Жоқ босатпаймын.
Қаңбақ шал: Ендеше. . (сиқыр жасайды)
Музыкалық нөмір
Қаңбақ шал: Қалай Дәу біздің мына батырымызбен алысасың ба?
Дәу (қорқып): Аяңыз, аяй көріңіз!
Ауғанбай мен Асқар: Жылды босатамыз . . Қазір …(кетеді)
Муз. нөмір
1-жүргізуші: Аппақ тоңға оранып, Базарлықты мол алып. Келеді алыс сапардан, Аяз ата оралып. 2-жүргізуші: Келді Аяз атамыз, Қасында Ақшақары бар. Қызыққа әбден батамыз, Қарсы аламыз баршамыз. 1-жүргізуші:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
Алдар көсе: Ал, қане балалар Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алыңыздар!
Хоровод.
2-жүргізуші: Қош келдіңіз,АЯЗ АТА. 1-жүргізуші: Амаңсыңба, АҚШАҚАР. АЯЗ АТА: Амаңсыңдар ма, ұлдарым, Амансыңдар ма қыздарым. Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем билерің. Асулармен алысып,
Асау желмен жарысып,
Мерекеге асығып
келіп қалдым алыстан!
- Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай достарым! Ә, ертегі кейіпкерлері, сендердің Жаңа жылды босату үшін жасаған ерліктеріңді білем.
АҚШАҚАР: Армысыздар, оқушылар, ата-ана, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Хоровод
Ақшақар: Ата, Қараңызшы, шыршамыз қандай әдемі! Бірақ жанбайды.
Аяз Ата: Онда қазір жағамыз. Ал, балаларым маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә!
Ақшақар: Балалар қане сиқырлы сөзді ұмытып қалған жоқсыңдар ма? «Бір, екі, үш – тартынба жасыл шырша жарқылда!» (шырша жанады).
Аяз ата: Кәнеки енді Жаңа жылымызды ортаға шақырайық!
Қане, балалар, әндетіп, шыршаны бір айналып шығайық!
(Хоровод)
2-жүргізуші: Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыздар.
сайыс
Муз. Нөмір, қойылым, плакаттар сайысы (әділқазылар алқасы шешеді) 1-жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын, Аяз ата бүгінгі келген күндей Қиналып әр отбасы тарықпасын. Жүздеріңнен қуаныш арылмасын.
Жүргізуші: Ал, енді балалар, Аяз Атамен Ақшақар сіздермен қоштасады, басқа ауылдардың балаларына сыйлық таратуға кетеді.
Аяз Ата: Қош сау болыңыздар, балалар! Келесі жылға дейін сау болыңдар!
Ақшақар: Келесі кездескенше! Сау болыңыздар, балалар!