-Тіл ?ай ?лтта,?ай елде болса да ?астерлі де ??діретті.Ол ?рбір адам?а ана с?тімен бірге еніп,?алыптасады.Тіл байлы?ы-?рбір елді? ма?танышы.Ол-атадан бала?а мирас болып отыратын ба?а жетпес м?ра. ?р ел ?з тілі ар?ылы ?лемді,д?ниені,?мірді? ??нды та?ылымдарын таниды да,келешек ?рпа?тарына жеткізеді.Тіл-халы? тарихы,тіл –?лтты? ?азына,тіл-бізді? намысымыз,арымыз,байлы?ымыз.
2-ж?ргізуші:- Бізді? Отанымыз –?аза?стан Республикасы.?аза?стан Республикасыны? Елта?басы,Гимні,Туы,т?л те?гесі бар.Сонымен ?атар ?аза?стан Республикасыны? Ата За?ы –Конститутциясында белгіленген ?з мемлекеттік тілі бар.Ол-?рине,?аза? тілі.
-Ал, енді, ?діл?азылар ал?асымен таныстырайы?.
?атысушылар -7,8-сынып о?ушылары. О?ушылар екі топ?а б?лінген.?р топ ?зін-?зі таныстырады.
2-ж?ргізуші: ?аза?станда мемлекеттік тіл ?з ?ызметін толы? ат?ару ?шін Тіл За?ын ?абылдау ?ажет болды.1989 жылы 22 ?ырк?йекте ?аза?стан Республикасыны? Тіл туралы За?ы ?абылданды.?аза? тілі ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік тілі болып табылады.
1-ж?ргізуші: -Мемлекеттік тіл-Ту мен Елта?ба сия?ты мемлекетті? р?мізі.Осы?ан с?йкес 1997 жылы 11 шілдеде “?аза?стан Республикасыны? Тіл туралы За?ы” ?абылданып,оны? 4 бабында”?аза?стан Республикасыны мемлекеттік тілі –?аза? тілі” екені жазыл?ан.
ll б?лім “С?з м?йегі-ма?ал”
Келесі сайысымыз,с?з кезегін аума?ты ойды бір ауыз с?йлемге сыйдыратын ма?ал –м?телдерге береміз.Ма?алдарды? жал?асын табу.
Ж?не де сол тіл ?шін жарал?анмын,-деп а?ын а?амыз жырла?андай ?рбір ?аза?стан Республикасыны? азаматы ана тілімізге жанашырлы? танытып,?адірлей білсек,н?р ?стіне н?р болар еді. 2-ж?ргізуші: -??рметті ?стаздар,о?ушылар,к?рермендер!Осымен б?гінгі сайысымз ая?талды.Жарыс бол?ан со?,же?іс пен же?іліс ?атар ж?реді.Жарыста же?ілсек те,?мірде же?іске жете берулері?е тілектеспін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: оқушыларды ізденуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту,көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру,ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту,туған тілін сүюге,қадірлеуге,мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:мақал-мәтелдер,тіл туралы нақыл сөздер.
Іс-шараның барысы:Құрметті оқушылар,қадірлі қонақтар!Біздің сайысқа қош келдіңіздер!Бүгінгі “Тіл ұлттың жаны” атты іс-шарамыз Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналады.Алдымызға қойылған мақсат –қазақ тілінің мәртебесін көтеру.Оқушылардың тіліне,еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сайыстың барысы:
1. “Жедел жауап”
2. “Сөз мәйегі мақал”
3. “Полиглот”
4. “Ойлан тап”
5. “Қызықты ұйқастар”
6. “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы “
1-жүргізуші:- 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні,елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі.
-Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл-халық тарихы,тіл –ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз.
2-жүргізуші:- Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,Гимні,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол-әрине,қазақ тілі.
-Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Қатысушылар -7,8-сынып оқушылары. Оқушылар екі топқа бөлінген.Әр топ өзін-өзі таныстырады.
l бөлім “Жедел жауап”
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
l топ:
1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана)
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)
3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
4.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
5.Қазақстанның ел басшысы кім? (Н.Назарбаев)
6.Жеңіс күні (9 мамыр)
7.Тышқаннан қорқатын аң (піл)
8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)
9.Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)
10. Қыстың бірінші айы( қаңтар)
ll топ:
1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
2.Қазақстан тарихында неше астана болды? (4)
3.Көктемнің бірінші айы (наурыз)
4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері(Тоқтар Әубәкіров)
5.Бір жылда неше күн бар? (365)
6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
7. Бала оқытатын адам (мұғалім)
8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту,елтаңба,гимн)
9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)
10.Абайдың шын аты (Ибраһим)
2-жүргізуші: Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды.1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды.Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
1-жүргізуші: -Мемлекеттік тіл-Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып,оның 4 бабында”Қазақстан Республикасыны мемлекеттік тілі –қазақ тілі” екені жазылған.
ll бөлім “Сөз мәйегі-мақал”
Келесі сайысымыз,сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге береміз.Мақалдардың жалғасын табу.
-Енді келесі сөзді мына оқушыларға берейік.Содан кейін, әрі қарай сайысымызды жалғастырамыз.
1-оқушы: -Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім-анам тілім
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым,тілегім,бар арманым.
2-оқушы: Менің тілім-Махамбеттің,Абайдың
Ұлы тілі-талайым деп санаймын!
Өткір,өжет,нәзік,сұлу,бай тілмен
Таңдайыма бал тамызам талайдың.
3-оқушы: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім,мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім,мен дағы өшемін.
1-жүргізуші: lll бөлім “Полиглот”
Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам.Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот”дейді.Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс,қазақ,ағылшын тілінде шешу.
l топ:
1.Темір тілді, Күміс үнді. (қоңырау,звонок ……)
2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар,снег…..)
3.Үй үстінде алтын тас,
Алйын десем табылмас. (жұлдыз,звезда…..)
4.Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың. (мектеп,школа……)
5. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап,книга…….)
ll топ:
1.Сырты тәтті,іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма,яблоко….)
2. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы,лыжи…..)
3.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.(бор,мел……
4.Жесең ащы,
Көзіңнен шығар жасы.(пияз,лук……)
5.Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып. (бұлт,облако…….)
lv бөлім “Ойлан тап”
2-жүргізуші: Келесі сайысымыз берілген әріптерден сөз құрау.
Оқушылар әріптерден сөз құрағанша,6 сынып оқушылары бізге ән орындап береді.
V бөлім “Қызықты ұйқастар”
1-жүргізуші: Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
l топ:
1. Жизнь-өмір,уголь-көмір.
2. Таможня-кеден,пол-еден.
3. Рыба-балық,народ –халық.
4. Зуб-тіс,дело-іс.
5. Лето-жаз,гусь-қаз.
ll топ:
1.Город-қала,ребенок –бала.
2.Игра-ойын,шея-мойын.
3.Число-сан,кровь-қан.
4.Человек-адам,шаг-қадам.
5.Дверь-есік,колыбель-бесік.
Vl бөлім “Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы”
Бұл сайыста әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.
2-жүргізуші: -Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділ қазы алқасына.
Бүгіні сайысымызды қортындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз.
1-жүргізуші: Қалағандай қиюлап үй та
Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.
Тіліңнің білгің келсе құдыретін,
Жұртыңның оқы өлең ,жыр дастанын
Болыңдар сайысқа келген аман
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын,-деп ақын ағамыз жырлағандай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып,қадірлей білсек,нұр үстіне нұр болар еді. 2-жүргізуші: -Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер!Осымен бүгінгі сайысымз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.