Просмотр содержимого документа
«"Темекінің адам ағзасына зияны"»
Тақырыбы: «Темекінің адам ағзасына зияны» Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу Көрнекілігі: тақырып бойынша презентация,суреттер, бейнероликтер жүргізуші :Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысып отырған студенттер мен қонақтар «Темекінің адам ағзасына зияны» атты өткізіліп отырған дөңгелек үстелімізе қош келдіңіздер! Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады.Темекінің адам ағзасына қаншалықты зиян екенін көрейік.
Бейнеролик 1
Жүргізуші :Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан? Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған.
Бейнеролик 2 темекінің шығу тарихы
жүргізуші :Адамдардың темекі тартуының жалпы себебі неде?
- Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:
-Топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман әдетін бойына сіңіргісі келеді;
-Жеке ұнатқан адамына еліктеу, бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;
-Ересек болуға тырысу;
-Өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу;
-Ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі, мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.
Сахналық көрініс. (оқушы баланың темекі шегуі)
Жүргізуші: Өздеріңіз көріп отырған сахналық көріністен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы баланың темекінің зиянды екенін білмеуінен екеніне көзіміз жеткендей.
Бейнеролик3: Тәжірибе
Дәрігерге сұрақ :-Темекіден болатын аурулар жайлы айтып кетсеңіз?
Бейнеролик 4 : темекіден болатын аурулар
Көрініс: «Темекінің пайдасы»
Студент : Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіз?
Темекі тарту –еркектіктің белгісі ме? (Пікір көрсету )
Көрініс : «Тыңдашы,айналайын»
Сауалнама қорытынды
Сұрақ: Темекіні қалай тастауға болады?
3. Оқушылар пікірлері 1.- Балалар, қалай ойлайсыздар адамдар зиян екенін біле тұра неге темекі тартады? 2. Қыз балалар арасында темекіге әуестік сәндік пе? ІУ. Қорытындылау