| Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) 
 | Гимн орындалады. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар мен қонақтар! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, балалар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата - бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Біз әдепті баламыз,
 Біз ерекше боламыз.
 Қонақтарды көргенде,
 Сәлемдесіп аламыз.
 XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Мектебім – мейірім мекені!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады. 
 
 
 
 
 
 | Презентация   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 | 
  | Сабақ басы (13 мин) 
 
 | Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?  -Елбасымыз кім?    -Елордамыз қай қала?   -Мемлекеттік тіліміз қандай тіл? 
 Балалар біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар:   | Қазақстан Қ .К.Тоқаев Астана Қазақ тілі   Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран 
 | презентация | 
  | Ортасы (20 мин) 
 | Оқушылар сендер өзіміздің Отанымыз, тіліміз, жерімізге байланысты өлең жолдарын білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.  Анамыздай тілеуі ақ,  Отан бізде біреу-ақ!  Ол біздің Қазақстан    Қызық күндер өткіздік  Шағын орталық бағында,  Көп оқимыз, білеміз  Ел мен Отан жайында.    Біз намыскер  Қазақ елі ұланымыз!  Қорғайтын жерді    Отан қыранымыз! Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
 - Көремін. Өрмек тоқып жүр.
 - Анау құмырсқаны көремісің?
 - Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
 - Жоғары қара аспаннан не көрдің?
 - Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
 Сонда атасы былай депті:
 - Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
 Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
 - Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
 Әңгімелесу
 -Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? -Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар?(Жақсы жарайсыздар!)
 Енді еңбек туралы қандай мақал мәтел білеміз? (Соларды айтайық) 1 .Еңбек бәрін жеңбек 2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей 3.Ерінбесең еңбегің өнеді 4.Еңбек етпеген ішіп жемейді 5.Еңбек етте мақтан, Ойнап күлде шаттан 6. Еңбек түбі –зейнет 1-ші топ «Шелектер» сіздерге тапсырма «Фиш боум» әдісі арқылы мамандық иелері қандай қызмет атқарады соларды жапсырасыздар 
 2-ші «Балғалар» тобы сіздерге Заттарды ажырату «Вен диаграммасы» арқылы (суреттерді жапсыру) 
 3-ші «Қайшылар» тобына осы заттардан бір нәрсе құрап келген қонақтарға тілек айтып сыйлау. 
 4-ші «Аралар» тобына ертегі құрастыру.Еңбек,Отан тақырыбына байланысты. 
 | Оқушылар Отан туралы өлең жолдарын айтып береді 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Мұғалімнің сұрағына жауап береді 
 | Презента-ция Қағаздар, қайшы | 
  | Соңы   
 
 
 
 
 |   Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап» -деген екен Абай атамыз. Сондықтан әрқашан осы сөзді есімізден шығармайық. | 
 
 
 
 
 
 
 
 | Презента-ция |